Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятынан үзінді -

М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятынан үзінді

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 329 | Просмотров: 3104 | Размер: 26.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятынан үзінді
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының мазмұнына, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, Бақтығұлдың прототипі Рысқұлдың өмірдегі шынайы бейнесін таныту, жазушының тіл шеберлігіне талдау жасату
Тәрбиелік: Хикаят мазмұны арқылы адамгершілікке, бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа, адалдыққа, намысшылдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын белгілі бір мәліметтер арқылы дәлелдеуін, кейіпкердің іс-әрекеттеріне сай баға бере білуін, өз ойын ашық жеткізе білуін дамыту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері. Баяндау, сұрақ-жауап, «Тұжырым кестесі», ауызша тіл дамыту, автор орындығы, терме диктанты
Сабақтың көрнекілігі: Теледидар, компьютер

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Шығарманы талдау

- Өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының мазмұнымен танысып, тараулары бойынша бөлімдерге бөліп, тақырып қойған болатынбыз. Бүгін осы шығарманың мазмұнына, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне, тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасаймыз. Ол үшін алдымен шығарманы еске түсіріп өтейік. Шығарма 8 бөлімнен тұрады. Әр бөлімге бір оқушы қысқаша шолу жасап өтеді.

(Шығарма бөлімдерінің тақырыптарын слайд арқылы көрсетемін)

1. Тектіғұлдың өлімі
2. Түнгі жортуыл
3. Соққы
4. Жарасбайдан пана іздеген Бақтығұл
5. Болыстық маңындағы талас
6. Сатқындық
7. Қашқын Бақтығұл
8. Қанды кек

- Міне, шығармаға толық талдау жасап біттік, шығарма мазмұнын есімізге түсірдік. Енді осы шығарманың оқиғалар желісіне сүйене отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына талдау жасайық. Ол үшін «Тұжырым кестесін» толтырамыз. «Тұжырым кестесіне» шығармадағы басты кейіпкерлерді алып отырмын.

1-қатар: Бақтығұл
2-қатар: Жарасбай болыс
3-қатар: Сәлмен бай
Оқушылар дәптерлеріне орындайды.

Тұжырым кестесі

Кейіпкер Іс-әрекеті Адами қасиеттері





Соңынан оқушыларға жазғандарын оқытамын.

- «Тұжырым кестесі» арқылы шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне сүйене отырып, толық мінездеме бердік. Ал осы шығармадағы басты кейіпкер Бақтұғұлдың өмірдегі прототипі Тұрар Рысқұлов екенін өткен сабақта айтқан болатынбыз. Тұрар Рысқұловтың кім екенін сендер жақсы білесіңдер. Сонда да болса, мына суретке назар аударайық.
( Слайд арқылы Т. Рысқұловтың суретін көрсетемін, үнтаспадан төмендегі сөздер оқылып, тыңдатылады.)

Тұрар Рысқұлұлы – мемлекет және қоғам қайраткері. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы. Ол қоғамдық-саяси қызметпен қатар теориялық мәселелермен де шұғылданған. Тұрар Орта Азия мен Қазақстанның Кеңес дәуіріндегі тарихшыларының бірі әрі қалам қарымы мықты журналист ретінде де танылды.
Әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы шаруасы шағын, ауылдың еті тірі, есті жігіті болға. 1904 жылы патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жылға сотталып, итжеккенге жер аударылады.

Өздерің байқағандай, шығарманың басты кейіпкерінің прототипі Рысқұл Жылқайдарұлы еті тірі, пысық, қай істі қолына алса да тындырып істейтін тындырымды кісі болса, ұлы Тұрар да өз елім, ұлтым деп өткен ұлтжандылығының арқасында елінің, халқының жүрегінен мәңгілік орнын тауып отыр.

- Осы шығармада Тұрар бейнесі кімнің атынан көрінеді?
- Сейіттің өжет мінезі шығармада қай тұста байқалады?
- Бұған дейін Тұрардың балалық шағын бейнелеген қандай шығармамен танысып едік?
- Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасында Тұрардың өжет қылықтарын қандай істерінен байқап едік, естеріңе түсіріңдер.
( Оқушылардың ойын тыңдаймын)
«Тұтқын балада» Ш.Мұртаза Тұрар бейнесін сомдаса, «Қараш-Қараш оқиғасында» М.Әуезов Рысқұл бейнесін сомдап отыр. Рысқұлдың оқыс қимыл-әрекеті М.Әуезовке әсер етеді де, 1927 жылы хикаятты жазып шығарады, 1957 жылы қайта өңдеп шығарылады. Кейін 1969 жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» бірігіп, «Выстрел на перевале» («Қараш асуында атылған оқ») фильмін түсіреді. Енді сол фильмнен үзіндіге назар аударайық.

Суретші Сүйменқұл Чокморов аяқ асты актер болды.
( Бейнетаспадан фильмнен үзінді көрсетемін)

- Өздерің фильмнен үзіндіден байқағандай, оқиға Бақтығұлдың кек алып, Жарасбайды өлтіруімен аяқталып отыр. Осында Бақтығұл Сәлмен мен Сәттен пана таба алмай жүріп, неге Жарасбайдан пана сұрады?
- Билер сотында Бақтығұлдың Жарасбай туралы ештеңе айтпауын қалай түсінесіңдер? Бақтығұлға баға бер.
- Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбай болысты өлтірді?
( Оқушы ойларын тыңдаймын)

Шығарманы оқи отырып, М.Әуезовтің адам психологиясын, сезімін, қоршаған ортаның сұлулығын суреттеудің шебері екеніне тағы да көзіміз жетіп отыр. Бұған дейін де «Көксерек» әңгімесімен, «Абай жолы» романынан үзінділерімен танысқанда бұған көзіміз жеткен болатын. Ендеше осы шығарманың тіліне де талдау жасап өтейік . Ол үшін терме диктантын жүргіземін. Мен сөз тіркестерін оқимын, сендер ішінен бір бағанға тек эпитеттерді, екінші бағанға теңеулерді теріп жазасыңдар. Соңынан тексеремін.

Терме диктанты

Эпитеттер Теңеулер


Қатты қобалжыды, балаша құшақтады, қаңбақтай сезінген, кескен теректей, әлсіз жүзін, кезек көз тастады, Бақтұғұлдың есінде, сотқар бай, қара түн, қаскөй дауыл, інісін іздегенін, сорлы күй, арыстандай арысым, аш қасқырдай бұралып, қой торыған бөрідей, бойы сергіп алған, қараңғы түн, жақсы қабақ, оң шырай, таспен бекіту, бетке соққан қамшыдай, суық жүз, буалдыр күңгірт күз.

Соңынан компьютер арқылы дұрыс жауабын тыңдатып, оқушылардың өздеріне тексертемін.

Енді, балалар, кішкен ойға беріліп, «Егер автор орнында мен болсам, шығарманы қалай аяқтар едім?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.

«Автор орындығы» оқушы ойларын ауызша сұраймын.

ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Бағалау
Ү. Үйге тапсырма: Шығарманың композициясына талдау жасау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.