Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мақта қыз бен мысық. -

Мақта қыз бен мысық.

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3577 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қостанай облысы, Арқалық қаласы,
Родина жалпы білім беретін профилді орта мектебінің орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Омарова Шолпан Маратқызы

Сынып: 5 «В»
Пәннің аты: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық.
Мақсаты: 1. Ертегілер туралы білімдерін тексеру. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен
оқытып, меңгеру.
2. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге ықпал
ету.
3. Оқушыларды еңбекее, достыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі пәні.
Көрнекілігі: суреттер, маскалар, оқулық, ертегілер көрмесі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезең.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ертегі дегенімізне?
2. Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді, атап шығыңдар.
3. Үйде ертегі оқып келіңдер дегем, кім айтады?

Жеңілдетілген бағдарламамен оқитын балаларға тапсырма:
І. Мәтіндегі кейіпкерлерді ажыратып алу, дәптерге жазу.
ІІ. Рөлге бөліп оқу (тышқан рөлі).
ІІІ. Мысық қатық іздеген кезде қайсысына қашан барғаның ретімен айту.

Жаңа сабақ:
1. Мұғалімнің сөзі (сынып 3 топқа бөлініп отыр, әр баланың өзінің нөмірі бар. Әр топқа мәтін берілді, оқушылар өздері ертегіні оқып, 1-ші нөмірлі оқушылар ауысып, әр топқа өз мәтінің айтады. Берілген уақыт біткеннен кейін, 1-ші нөмірлі бала өз тобына қайтып келеді).
2. Ертегінің мазмұның ашу.
3. Сұрақ-жауап әдісі. Әр топқа 2 сұрақ беріледі.

І-топқа:
1. Мақта қыз не тауып алады?
2. Мақта қыз нені шақырады?

ІІ-топқа:
1. Мысық Мақта қызға не дейді?
2. Мақта қыз мысықтың несін кесіп алады?

ІІІ-топқа:
1. Мысық Мақта қыздан құйрығын қалай қайтарып алады?
2. Ертегі не себепті «Мақта қыз бен мысық» деп аталады?

Сабақты бекіту: 1. Ертегіні рөлге бөліп оқу. (Ең жақсы сомдалған рөлді атап өту. Балаларға масқалар беріледі).

ІІ. Жаңа сөздермен жұмыс.
Жап-жас –молодой.
Мұрты бар – есть усы.
Түкті тон– ворсистая шуба.
Шұп-шұбар – пестрый.
ІІІ. Тапсырмаларды орындау.
1. Мына сөздерді пайдаланып сөйлем құр.
а) Мақта қыз, мысық, дос.
б) Мақта қыз, мейіз, тап, мысық, шақыр.

2. Мысық қатық іздеген кезде қайсысы қашан болғаның ретімен көрсету.
Тышқан, дүкенші, тауық, ағаш, қыздар, Мақта қыз, сиыр.

3. Мысық қайсысынан не алады? Дәптерге жазу.
1. Сиыр. 1. Тары.
2. Тауық. 2. Сағыз.
3. Ағаш. 3. Қатық.
4. Дүкенші. 4. Қатық.
5. Қыздар. 5. Жапырақ.
6. Тышқан. 6. Жұмыртқа.

4. Жаңылтпаштарды жаңылмай айтындар.
Ақ тайыншаның қатығын
Аппағыма беремін
Аппағымның атын тез
Айтқанына беремін.

Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық,
Бес күзетші–бес пысық.

5. Жұмбақты шешіндер.
Өзі жап-жас,
Мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар,
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тонын шұп-шұбар.

Сабақты қорытындылау: Кластер

1. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің ертегілердің қандай түріне жатады деп ойлайсыңдар?
2. Ертегі не себепті «Мақта қыз бен мысық» деп аталған?

Үйге: Жаңылтпаштарды жаттау. Мысық туралы өлеңдер жаттау.

Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.