.
.
Талдықорған қаласы Мағжан рухы – әр қазақтың рухани азығы.
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 303 | Просмотров: 1592 | Размер: 15.0 Kb | Автор: ТәрбиеШоқан Уәлиханов атындағы
№10 орта мектеп-гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Жирикова Н.Б.
Мағжан рухы – әр қазақтың рухани азығы.
Сыршыл да сырлы Мағжаным,
Үнімді саған арнадым.
Өрісі кең рухыңнан
Рухани азық мол алдым.
Қазақ тілі мен әдебиеті өзінің басынан сан қилы алмағайым заманды өткізіп, бүгінгі ерікті еліміздің гүлденіп өсу өркениет заманына келіп жетті. Осы аралықта дарынды ақын – жазушыларымыз қазақ елі басына түскен ауыр зорлық – зомбылық қыспақтарды, арман мақсаттарды маржандай түзілген асыл сөздерімен адамның рухани байлығын жер – ана табиғаттың сыршыл сезімдерімен ұштастыра білді.
Егер қазақ әдебиетін сұлу да сиқырлы құпиясы тұнған, тізіле сызылған таулар тізбегі десең, сол таулардың шыңдарын өз тұлға ерекшеліктеріне тән тұма қабілеттен өлең-жыр, сөз маржандарымен төгілткен ақындар мен жазушылар деуімізге болады. Дей тұрғанымен әр дәуірдің өз таланттары, жарық жұлдыздары болатындығына ешкім де қарсы пікір айта қоймас. Ал өлең – жыр ұрпақтарымыздың алтын қазынасы екендігіне дау жоқ, оның үстіне, бұл – баға жетпес жан дүние байлығы.
Осы ойда адамның рухани ойы мен сырлы да ғажап табиғатты бөле дара айту мүмкін емес.
Өлең – жыр – елдіктің, ерліктің, ұлттық намыстың, өркени өрлеудің тасқа таңба басқандай анық, шынайы қайнар көзі.
Адам мен табиғат бірге жаралған. Олай болса кез-келген ақынды табиғаттан сәл болса да, жекелей айтуымыз әсте болмас.
Енді біршама XX ғасыр ақын – жазушыларын атап кетер болсақ, ұлы Абайдан бастай отырып, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров деп, көптен тізіп кете беруге болады. Бұлар жоғарыда айтып өткендей, таулардың асқақ шыңдары, мәдениетіміз бен өркениетіміздің, рухани қазынамыздың өз шамасынша жанған жарық жұлдыздары екендігін сеніммен айтамыз.
Осы тұрғыда аса белгілі қаламгеріміздің Мағжан Жұмабаевты XX ғасыр поэзиясында Шолпан жұлдыздай оқшау тұр деуі бекерлік емес.
Мағжан Абайдан кейінгі ой тұңғиығының ғана емес, қоғамдық сананың да жарық жұлдызы. Ол- Абай сияқты табиғаттың лирик жыршысы, ұлы ақыннан кейінгі өлеңге ірі өзгеріс әкелген аса дарынды, сыршыл, сезімтал ақын екендігін кез-келген өлеңнен ұғып, білуге болады. Ендеше, Абай мен Мағжан бір-біріне үндес, жалғас.
Яғни, ол табиғатты Абайдан басқа түсте, өз жан әлемінде, өз сезімінде көріп бағалайды, соның ләззатын жұтады. Адамның рухани ойын табиғат сырымен байланыстыра отырып, әр жүрек сезімінің сырын ашады.
Адамның нәзік жан дүниесін баурап, сұлулыққа, құштарлыққа, өмірге деген шексіз махаббатқа жетелейді. Өлең – жыры арқылы табиғаттың тылсым жан дүниесін көздің алдына елестетін экологиялық ұғымның аясына қарай баурайды.
Сезімнің жан дүниесін табиғаттың сиқырымен тілдестіреді. Ақынның «Көкшетау» өлеңінде:
Аспанмен тірескен
Тәңірімен тілдескен,
Көкшетауым біп-биік.
Қою қара көк бұлт
Жайнап, ойнап, құлпырып,
Көкшетауды тұр сүйіп,-
деп Көкшетауды сұлулық тәңірі ретінде көрсете отырып, адам жүрегінің туған еліне, жеріне деген махаббатының алтын сезімін ұшқындатады. Ақынның «Қысқы жолда» деген өлеңіндегі:
Қараңғы түн, сар дала,
Көрінбейді айнала,.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап.
Астымдағы жануар
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт-борт желеді,-
деген жолдарда өзіңді ой сезіміңнің ерекше көріністегі табиғаттың құшағында келе жатқандай, алаң көңіліңнің сан жаққа аласұруын сезінесің. «Жазғы жолда» өлеңіндегі:
Дала. Дала. Сар дала!
Жапан түзде бір қара.
Келем жалғыз, жаяумын.
Жаныма ерген жолдас жоқ.
Төрт жағым дала – жер де көк
Жылауға да таяумын, -
деген шумақтары өзінің қилы заманда жалғыздығын сезіндірген сияқты. Әрине, сол кездегі ел басындағы ауыр тауқыметті өзінің басынан кешкен тауқыметімен бірге айтып отырған сияқты.
«Дала» дегені – «қазақ» дегені, ес жиюды, еркіндікті меңзеуі. Табиғат көрінісін елі, жері ретінде өз жан ретінде өз жан дүниесіне бұра егілтеді, күйіндіреді, жылатады.
«Жиеленеді қара орман» өлеңінде:
Ұйықтасам мен орман боп,
Тәтті-тәтті түс көріп.
Бетімнен тұрса жел жүріп,
«Әпснұн» оқып үшкіріп, -
Арман тілегендей, өзін тәтті қиялға жетелейді.
Мағжанның махаббат сезімді өлеңдері де сұлулығы, құмарлығы шексіз сиқырлы дүниемен ұштасып, нәзік сезімнің мөлдір тазалық ынтықтығын жеткізіп тұрады.
Келші, көзім, күн бетіңді өбейін,
Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін.
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей,
Жұлдызды жүзік, айды алқа ғып берейін, -
Деген жолдардан табиғаттың баласы екеніміз еріксіз ойға оралады.
Алатау – алып апа көкпен талас
Арда емген сол апаны тентек Талас!
Қырғызға қасиетті Талас суын
Ертеде қоныс қылған батыр Манас.
Бұл шумақтан да адам анасы – жер, табиғат екендігін мойындаймыз.
Әрине, Мағжан өлеңдерінде ел, жер, Отан –ана, еркіндік, тәуелсіздік, отаншылдық рух өте көп екендігін жақсы білеміз. Сол сияқты табиғат сүйіспеншілігі, экология тақырыптарын байқамай кетуге болмайды. Біз бұны ақынның кез-келген өлеңіндегі рухани сезімнің, табиғаттың сыршыл нәзіктігімен біте қайнап жатқандығынан көреміз.
Ақын өлеңдерінің қаншама жылдар туған халқы аспанында еркін қалықтамай жатуы да қилы заманның, қырғын заманның қараңғы тас түнегін ақын жұлдызын түнеп басып жатуында.
Қазіргі таңда Мағжан жұлдызы ұлы Абай жұлдызымен сәуле нұрымен таластыра жарқырайды. Ол сәулелер қазақ елі ұрпақтарының болашақ арман, бақыт жолын күннен – күнге жарқырата түскен. Ұлы ақынның: «Мен ұрпаққа сенемін», - деуінің өзі қаншама асыл, жігер, сүйіспеншілік қасиеттерді бойына сіңіріп, алтын сәулесін шашады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.