Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі -

Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 308 | Просмотров: 3846 | Размер: 17.6 Kb | Автор: Тәрбие
. Н. К. Баубекова
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, .
Сабақтың мақсаты: Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі
Білімділік: Ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылық жолымен танысу, «Сүйемін» өлеңінің идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушыларды ізденіске, өлеңнің мазмұнын ұғынуға, көркемдік ерекшелігін тануға баулу.
Тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, ұлтжандылыққа, шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, кітап көрмесі, кеспе қағаздар, кесте.
Сабақтың әдісі: іздендіру, талдау, кесте толтыру, түсіндіру, мәнерлеп оқу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Түгелдеу. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру.
А) Ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған тірек сызбаны толтыру, «Атаның әлдиі» өлеңін жатқа оқу.
Жаңа сабақ.
Мағжан – мәдениеті зор ақын. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық
қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі деп білемін.
М.Әуезов.
1. Мұғалімнің сөзі.
2. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға Мағжанның өмірімен танысуға 3 минут уақыт беріледі.
Тапсырма. 1-топ.Хронологиялық кесте толтыру.
Жылдар Оқиғалар
1893-1938 ж.ж. Өмір сүрген жылдары
1912 жылы «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді
1905 жылы Қызылжар қаласындағы Шалақазақ медресесінде оқуға түседі.
1910 жылы Шалақазақ медресесін жақсы үлгеріммен бітіреді.
1929 жылы « Халық жауы» деген жалған айыппен сотталды

2-топ.
«Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқу, тақырыбы мен идеясын анықтау.
Тақырыбы – туған жерді, ананы , сүйген жарды сүю.
Идеясы – оқырманды ананы қадірлеуге, туған жерді құрметтеуге баулу. Шынайы сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3-топ.
«Сүйемін» өлеңіндегі троп түрлерін табу.
Эпитет Күңгірт шаш, сұп-сұр көр, қарт ана, көк нұры, жұмақ жыры, усыз құшақ, ескі заң, ақ кебін, мәңгі өлік сахара
Теңеу Күлдей, жыландай, құрандай
Антитеза (шендестіру) Қыс – ақ кебін, жаз - сары

Сабақты бекіту.
1-топ. «Топтастыру» стратегиясы. «Мағжан кім?»
2-топ. Сәйкестендіру тесті.
Мағжанның әкесінің аты? Қорқыт
Тұңғыш өлеңдер жинағы? Ғалия
Поэмасы В.Я.Брюсов
Мағжанды «Қазақтың Пушкині» деп кім атады? Бекен
Уфадағы қай медреседе оқыды? Шолпан

3-топ. «Сүйемін» өлеңі бойынша кесте толтыру.
Ақын кімді, нені сүйген? Қандай жолдар арнаған?

Қорытынды:
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

Үй тапсырмасы:
1) М.Жұмабаевтың өмірі және шығармалық жолымен танысу.
2) «Сүйемін» өлеңін жаттау.
Бағалау. Бағалау парағының қорытындысы бойынша мұғалім оқушыларды бағалайды.
Аты-жөні Өзін-өзі бағалау Топтың бағалауы Мұғалімнің бағалауы Қорытынды баға
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.