.
.
«ҮНДЕСКЕН СЕМСЕР ЖЫРЛАР» «ҮНДЕСКЕН СЕМСЕР ЖЫРЛАР»
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1392 | Размер: | Автор: ТәрбиеБалнұр: Қайырлы кеш! Қадірменді «Көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» жыр сүйер қауым!
Ерасыл: Сырым да –осы,
Жырым да-осы,
Алдыңда.
Байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты-
Мұқағали жырларын да бір тыңда!
Балнұр: Семсер жырдың,
қанатынан ұстаған
Фариза да осында.
Ерасыл: Құрметті жиналған қауым!
Балнұр: Оқушылар!
Ерасыл: Қонақтар!
Хормен: «Үндескен семсер жырлар» атты поэзиялық кешімізді тамашалауға шақырамыз!
Балнұр: Алғашқы сөзді мектебіміздің директоры Аймухамбатов Нұрсадық Сейітқазыұлына береміз.
Фариза анкетасы:
І слайд: Ақындардың портреті және қысқаша өмірінен мәлімет.
Ерасыл: Туған жерің?
Балнұр: Аққуымын Каспий Батыс Манаш атты ауылдың.
Ерасыл: Туған жылың?
Балнұр: Сұрағың не? Білесің ғой бәрін өзің , бауырым.
Ерасыл: Ұлтың қандай?
Балнұр: Ұрпағымын қайсар қазақ қауымның
Ерасыл: Білімің ше?
Балнұр: Болар , бәлкім, жоғар деп жазуым
Ерасыл: Мамандығың?
Балнұр: Белгілі ғой, ұстаздықты қаладым.
Ерасыл: Қоғамдағы міндетің?
Балнұр: Табиғаттың берген сыйын жоғалтпай, ақындыққа жарадым.
Мұқағали анкетасы:
Балнұр: -Ал сенің туған жерің?
Ерасыл: Ұланымын Қарасыз деп аталатын ауылдың.
Балнұр: Туған жылың?
Ерасыл: 1931. Құрдасымын Шәмілдің
Балнұр: Жынысың кім?
Ерасыл: Еркекпін ғой, еркекпін және дағы тәуірмін.
Балнұр: Білімің ше?
Ерасыл: Орташа ғой, алайда өзім жоғарыға балаймын.
Балнұр: Қайда істедің?
Ерасыл: Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар.
Балнұр: Қоғамдағы міндетің?
Ерасыл: Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қағаз, қалам, уақыт бер тек аздаған
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.
(Ерасыл: «Фариза қыз», Балнұр «Мұқағали туралы жыр» орындайды)
ӘН: Орындайтын:
ІІ слайд: «ТУҒАН ЖЕРДЕЙ ЖЕР БОЛМАС»
(Теңіз суреті, Хантәңірі суреті.Туған жер туралы өлеңдер тізімі)
Ерасыл: Пай! Пай! Пай!
Киелі неткен жер.
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Бас иіп, иіскеп топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Балнұр: Фариза мен Мұқағалидың туған жер туралы үндескен семсер жырларын тыңдауға шақырамыз!
«Туған жер» Назым 9а «Қарасаз» Дәулет 6а
«Туған жер» Әлия 5а « Хантәңірі» Қуаныш 7а
«Ауыл» Динара 5а « Көлің қайда?» Еркебұлан 6а
ӘН: Орындайтын:
ІІІ слайд: «МАХАББАТ ЖЫРЛАРЫ»
(Аққу суреті, табиғат)
«Махаббат диалогы»
Балнұр: - Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
Ерасыл: - сені іздеумен мәңгілік өтер едім
Балнұр: -Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
Ерасыл: -Күл боп бірге соңыңнан кетер едім
Балнұр: - Бұлдырасам,сағымдай не етер едің?
Ерасыл: - Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
Балнұр : - Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
Ерасыл: Қойшы , сәулем, бәрін де көтеремін
Балнұр: ӘН: Орындайтын:
Ерасыл: «Махаббат менімен егіз бе едің?!» тақырыбындағы жырларға кезек береміз.
« Мен тағы ғашықпын» Раушан 6а «Махаббат па?» Архат 9а
« Махаббат» Әсел 9а « Байқалмай махаббат» Мейір 7а
«Мен сенсіз өмір» Жансая 9а « Махаббатым өзімде» Ернұр 9а
ІҮ слайд. «ӘКЕ-АСҚАР ТАУ, АНА – ҚАЙНАР БҰЛАҚ»
(Ақ жайлықты әжелер мен аталардың суреті)
Балнұр: ӘН: Орындайтын:
Ерасыл: Әке, сенің тастап кеткен мұраңды
Төрт немерең көрген шақта қуанды.
Терің сіңген тақияға жармасып,
Алма –кезек бірінен соң бірі алды.
Балнұр: Ақындарымыздың ата-ана тақырыбына қалам сілтеген жырларына құлақ түрелік!
«Әке, сенің жасыңнан асып барам» Ернат 9а
«Шеше, сен бақыттысың» Ержан 6а
« Жаулықтар » Дана 6а
Ү слайд: «ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?!»
(Ақындар қолтаңбалары, портреті, кітаптар жинағы)
Балнұр: Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сені мен сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Ерасыл: Сая болып жаныңда, емен, терек.
Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей сөзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!
Балнұр: Саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді. Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.
Аталмыш тақырыпқа байланысты жырларға кезек берейік!
Поэзия туралы жырлары:
«Өлең»Айжан 5а «Поэзия»Дамир 9а
«Өлең жазам»Алина 5а «Қара өлең» Абзал 5а
«Қара өлең» Аружан 5а
Ерасыл: ӘН: Орындайтын:
ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ
Ерасыл: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяған көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!
Балнұр: Қашан да ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған ғажайып сырлы өлеңдерімен кең байтақ қызық даласының әр түкпірінен өзінің оқырмандарын тапқан Фариза мен Мқұағали өлеңдері ешқашан өлмейді. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені
Ерасыл:
Түйін сөзді ауылымыздың ақыны Ырымбек ақсақалға береміз
Балнұр: -Бүгінгі «Үндескен семсер жырлар» атты Фариза мен Мұқағалиға арналған кешіміз аяқталды.
- Назарларыңызға көп рахмет!
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.