.
.
Пәні: әдебиет Нысанбай жыраудың өмірі мен жыраулық өнері.
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 635 | Просмотров: 15498 | Размер: 34.2 Kb | Автор: ТәрбиеСыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Нысанбай жыраудың өмірі мен жыраулық өнері.
«Кенесары - Наурызбай» дастаны (1- сағаты)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: ұлт-азаттық қозғалыстың жыршысы Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнерін терең түсіне білуіне, тарихи шындықты тануына мүмкіндік туғызу;
дамытушылық: ізденіс жұмыстары арқылы өзіндік ой-пікірлерін еркін айтуға дағдыландыру, шығармашылық қасиеттерін шыңдауға жағдай жасау;
тәрбиелік: тарихи тұлғалардың елі үшін жасаған ерліктерін дәріптей отырып, елінің адал азаматы, патриоты болуға баулу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың технологиясы: Қ.Бітібаеваның «Жаңа білімді меңгерту технологиясы».
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, топтастыру, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаға слайд түрінде көрсетілген мәліметтер, пікірлер, деректі фильм т.б.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ой тастау.
Елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тігіп құрбан болған қазақтың соңғы ханы – Кенесарының өкінішті қазасы екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, ел-жұртын күңірентіп келеді. Хан Кененің қалдырған іздері - шайқас жерлер, жер атаулары, жырлар. Сондай тарихи жыр – Нысанбай жыраудың «Кенесары - Наурызбай» дастаны. Патшалық Ресейдің, одан кейінгі Кеңес өкіметінің тоталитарлық саясатының ықпалымен Кенесары, Наурызбай көтерілісі де, оның жыршысы Нысанбай да тарихтан алынып тасталды. Заман өзгерді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізді. Тарихымызға да көзқарастар өзгерді. Қазіргі таңда қазақ халқының тәуелсіздік үшін елін, жерін қорғап, қолына қару алып күреске шыққан хандар да, батырлар да, ақындар да тарихқа қайта оралып, өз бағасын алуда.
Сондай тұлғаларымыздың бірі аумалы-төкпелі заманды басынан өткерген жырау Нысанбай Жаманқұлұлы бүгінгі сабағымыздың негізгі арқауы болмақ.
ІІ Үй тапсырмасы
Алдын ала берілген тапсырмалар:
І топ «Ізденушілер» ( Н.Жаманқұлұлының өмір жолы)
ІІ топ «Әдебиетшілер» (Жыраудың шығармашылығы)
ІІІ топ «Жыраулық дәстүр» (Жыраулық өнер және Нысанбай Жаманқұлұлы)
ІІІ Жаңа сабақ.
Сабақтың айдары:
Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы – Нысанбай жырау
(М.Әуезов)
Мұғалім сөзі:
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Нысанбай жырауды «Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы» деп атады. «Қайғылы оқиғаның қызығы мен қайғысының ортасында болған ақын дастанды шындыққа ғана құрып, кестелі тілмен суреттей жазған. Кенесары- Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес», - деген болатын. (Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл).
Өзінің талантымен Кенесарыны тәнті еткен Нысанбай жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көтеріліс 1847 жылы жеңіліс тапқанға дейін онымен бірге болды. Нысанбай – өзінің жырымен жауынгерлердің рухын көтерсе, ұрыс негізінде қолына найза алып, ұрысқа қатысқан жауынгер – жыршы.
Дастанға арқау болған оқиғаның себебі неде? Бейнефильмге назар аударайық.
(Бейнефильмнен үзінді көрстеіледі.)
Сұрақтар:
1. Кенесары мен Наурызбайдың қазақ тарихындағы орны.
2. Дастан неліктен «Кенесары - Наурызбай» деп аталды?
«Қазақтың соңғы ханы», «Жеңіліс тапқан көтеріліс» емес.
3. Нысанбай жыраудың басқа туындылары халқымен қайта табысуы мүмкін бе?
Кенесары - Абылайдың немересі. Әр кезде қазақ хандарының сенімді кеңесшісі, данагөй, ақылгөй жырауы қасында болған. Кенесарының атасы Абылайдың ақылшысы Бұқар жырау болса, Хан Кененің сенімді серігі, жақсы көрген ақыны Нысанбай жырау болды. Екі жырау да сол кездегі хандарымен бірге аумалы-төкпелі заманды басынан өткізді. Салыстырып көрелік.
Бұқар жырау Ортақ қасиеттер Нысанбай
Оқулықпен жұмыс (Дастаннан алынған үзіндіге талдау)
І топ
Шығарманы құрылысына талдау. (Үзінді бойынша)
ІІ топ
Үзіндідегі бейнелі сөздерді табу.
ІІІ топ
Үзіндіде кездескен көнерген сөздерді табу.
ІV. Қорытындылау
Мұғалім: 1847 жылы Кенесары көтерілісі жеңіліске ұшырап, Кенесары қаза болғаннан кейін Нысанбай жырау туған жерінен қашып шығып, Орталық Азия елдерінде біршама уақыт жасырынып жүреді. Туған жеріне қай жылдары қайтып келгені туралы дерек жоқ. Қазіргі Аққошқар елді мекенінен екі шақырымдай солтүстік тұсында Шеңгелсай деген жер бар. Нысанбай жырау сол жерге жерленген. Кезінде қам кесектен там тәрізді салынған бейіті құлап, төмпешік болып қалады. Өткен ғасырда Аққошқар елді мекенінде өмір сүрген Тұңғатов Алдаберген ақсақал бала кезінде бейітті көріп өскен. Бейіт құлағаннан кейін сол ауылдың азаматтарына жыраудың басына белгі қоюды аманаттайды. Қазіргі кезде кесене де салынған.
Нысанбай жыраудың бұл күнде тараған ұрпағы жоқ. Оның Жабық, Жабағы деген екі ағасынан тараған ұрпақ қана бар. Нысанбай жыраудың шығармалары да толық зерттеліп бізге жетпеді. Өздерің қарастырған «Кенесары - Наурызбай» дастаны мен өзі жайлы айтқан толғауы ғана бар.
Нысанбай жыраудың халық арасына тараған жыры ХІХ ғасырдың 2-ші жартысынан бастап баспа бетін көре бастады. Бұл жырға кезінде Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбділдә Тәжібаев тиісті бағаларын берді. Зерттеуші ғалымдар Х.Досмұхамедұлы, Ә.Қоңыратбаев, Е.Бекмаханов т.б. құнды пікірлер айтты.
2014 жылғы 11 қарашада Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихты ұлықтау жылы» деп атап, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуді тапсырды. Бұл күнде қазақ елі тәуелсіздік туының астында бақытты ғұмыр кешуде. Ол тәуелсіздік бір күнде келген жоқ. Қазақ хандығы құрылғаннан бері қазақ жерінде жері үшін, елі үшін қаншама қан төгілді. Соның бір куәсі - Кенесары мен Наурызбай бастаған көтеріліс. Ендеше тәуелсіздігіміздің қадірін білейік!
V Бағалау
VІ Үйге тапсырма
1. Дастанды толық оқу
2. Композициялық құрылымына талдау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.