Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Поэзия  көктемі» -

«Поэзия көктемі»

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1792 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Венера Сабитқызы Өмірзақова
Родниковка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мақсаты: Оқушыларға поэзия құдіреті арқылы қазақ деген ұлы халықтың болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу.
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Қазақ болмысының ұлылығын дәріптейтін «Поэзия көктемі» атты кешке қош
келіпсіздер!Данышпан қазақ халқы ақынға кенде болған емес.Поэзия әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман - мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған.
Поэзия досым менің күй аңсаған,
Өзімді, өмірімді қиям саған,
Шағымда шабыттанған, қиялданған,
Шапағың бар шаттығын құяр маған! -деп, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали жазып кеткен поэзия кереметі туралы жазылған өлеңін Аманғалиев Нұрбол орындайды.
1-жүргізуші: Отан, халық, тіл -сан ғасырлық жүріп өткен жолымыздың шежіресі. Егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтап, Отанымыз бен халқымызды құрметтеуіміз керек.
Ендігі кезекті әдемі өлеңге берейік.
М.Мақатаев «Үш бақытым» Бағдат.
Ж.Молдағалиев « Бауырлар» Құрманбаева Сабина.
Бақытжанов Исламның орындауында « Қанекей, тілім, сөйлеші.» термесі.
1-жүргізуші: Туған жер, туған тіл мәселесі қашанда қазақтың көкейінен, жұдырықтай жүрегінің түкпірінен орын алатыны рас.Бұлардың екеуі де адамзат баласы көзін ашып, кіндігін кескен тұстан басталады. Осы орайда адамдық асыл қасиеттерді перзент бойына сіңіруге үлес қосар ата-ананың алдындағы перзенттік парызды айта кеткен жөн.
2-жүргізуші: Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Қазақ ғұрпындағы ата-ананың ерекше биік орны, қадір-қасиеті ше? Ананың ақ сүтін , әкенің адал күшін ақтау- өз болашағыңды сақтау.
1-жүргізуші: О, Ата-анам,
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Бізді жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Т.Айбергенов «Ана» Айназар Мөлдір.
Анельдің орындауында «Анашым» әні.
М.Шахановтың өлеңі «Тоқшылық» орындайтын Абдуали Айнамгөз
Айсұлтан Гүлсамалдың орындауында «Әкем-әнім» әні.
2-жүргізуші: Халқымыздың мол мұрасы, ғасырлар бойы сақталған дәстүрінің бірі- табиғатты аялау.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары- ол сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз!
1-жүргізуші: Табиғаттың тарылтпайық тынысын,
Қастерлейік оның байлық, ырысын,
Ей, адамдар, арың қалай шыдайды,
Табиғат -анаң, ал сен оның ұлысың.
Табиғат туралы жырға кезек берейік.
С.Мусағалиеваның өлеңі «Адамға ұқсас тағдыры табиғаттың» орындайтын Кеңесова Л.
Айназар Мөлдірдің орындауында «Ерке сылқым» күйі.
2-жүргізуші: Қазақ - намысшыл халық. «Арым –жанымның садағасы» деп намысын бірінші орынға қойған.Орынсыз ешкімнің арына тимеген, намысын таптаттпаған халық.
1-жүргізуші: Тұтату қиын шаланы,
Тұтанбас үрлегенге.
Адамдар аласарады,
Намысы кірлегенде.
Жауларың күнде сені,
Күндесін, күндемесін
Шаттығ ың кірлесе де,
Намысың кірлемесін.
Ж.Молдағалиев «Ар-ұят туралы» орындайтын Амангүл.
М.Мақатаев « Ұят болды-ау» Айсұлтан Бекет.
Задагерей Миржан мен Ешекен Мараттың орындауында « Тың толғауы » күйі.
2-жүргізуші: Өзіңе сен!
Күшіңе сен бойдағы ерен,
Сенім деген киелі қойма дер ем.
Көл-көңілдің жатпайды жайнап үсті...
Жеңілу де, жеңу де бұл өмірде,
Бәрі қарғам , өзіңе байланысты.
М.Мақатаевтың өлеңі «Тілектеске» орындайтын Айназар Мөлдір.
М.Шахановтың өлеңі «Жігерлендіру» орындайтын Хамит Алтынбек.
Ән: “Алға қазақ жігіттері”.
1-жүргізуші: Қадірлі көрермен!Біз бүгінгі кешімізде қазақ деген ұлы халықтың тектілігі мен өршіл рухын жырға қосқан ақындарымыздың өлеңдерін сіздерге жеткіздік.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін , - деп М.Жұмабаев айтқандай , аға буынның сенімін ақтайтындай парасат-пайымы биік азамат боп өсейік!
2-жүргізуші: Сіздерге жылы жүрек, ыстық қайрат, нұрлы ақыл тілей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.Еліміз аман , жұртымыз тыныш болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.