.
.
Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5504 | Размер: | Автор: Тәрбие11 «А» сынып
Қазақ әдебиеті пәні
Мұғалім: Жирикова Назгүл Байғұлжақызы
Ашық сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:Өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру; шығарманың негізгі идеясын ашу,кейіпкер галереясын талдау;
2. Дамытушылық: Көркем оқу шеберлігін,тілін дамыту,ой өрістерін кеңейту; прозалық шығарманы талдау дағдыларын дамыту,өзінше ой түюге баулу;
3. Тәрбиелік: Адами қасиеттерге баулу;
азаматтық бейнесін қалыптастыру,өнерді бағалауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ұжымдық жұмыс,сұрақ-жауап,әңгімелеу,жинақтау стратегиясы,іздену,мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жаңа ақпараттық құрал(электрондық оқулық), роман мазмұнына тән суреттер мен портреттер.
Пәнаралық байланыс: Тарих,музыка.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу, бүгінгі күн.
2. Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту.
3. Жаңа сабақ.
С.Жүнісов туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.
С.Жүнісов туралы ой-пікірлерді оқу.
Жинақтау стратегиясы арқылы кластер толтыру(интерактивті тақтада)
С.Жүнісов-публицист,аудармашы,жазушы,әдеби қызметкер,педагог,драматург
Хронологиялық кестемен жұмыс жүргізу.(тақтада беріледі)
«Ақан сері» дилогиясына тоқталу. Электронды оқулықтан Ақан сері туралы мәліметті тыңдау.
Роман мазмұны бойынша ұжымдық жұмыс жүргізу.
1 топ Ақан сері бейнесін ашады
Ақан сері туралы М.Шаханов, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев сөздері тыңдалады.
Интерактивті тақта арқылы Ақанның қуанышқа толы өмірін қызыл түспен,қайғыға толы кезеңін қара түспен белгілеп,ақын өмірін, оның сан қырын ашып береді.
2 топ Әйелдер галереясына тоқталады.
Ақтоқты,Балқадиша,Ұрқия бейнелерін ашып береді.
«Балқадиша», «Сырымбет», «Ақтоқтыға айтқан ау-жары» жатқа айтылады.
3 топ Ақан серінің жан серіктері: Құлагер, Қараторғай,Базаралы туралы әңгімелейді.
І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасына тоқталу.Оқушылар екі қалам иегерінің шеберлігін салыстырады.
Венн диаграмма арқылы екі шығарманың ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
Поэмадан,дилогиядан Құлагер өліміне байланысты эпизодтар оқылады.
Ақан сері «Құлагер» әні тыңдалады.
Ақан сері-тарихи тұлға,тарихи кейіпкер. Сондықтан келес сөз тарихшыға беріледі. Роман мазмұны мен тарихи оқиғаларды салыстырып,талдау жасап береді.
Шығарманың композициялық құрылымы.
Дилогияның құрылымын анықтау.
Тапсырма:тақтадағы жасырынып тұрған том мен бөлімді эпиграф арқылы табу,бөлім мазмұнын қысқаша әңгімелеу.
Шығармашылық жұмыс.
Биопоэма
1. Аты.
2. Мекен-жайы.
3. Қандай?
4. Неден қорқады?
5. Қыр-сыры.
4. Үйге тапсырма беру.
Шешендік өнерге байланысты үзінді жаттау.
Тілдік талдау.
5. Сабақты қорыту.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.