Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының  композициясы, образдар жүйесі. -

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының композициясы, образдар жүйесі.

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 453 | Просмотров: 11913 | Размер: 12.3 Kb | Автор: Тәрбие
. Әдебиет. 11-сынып..

Сабақтың тақырыбы:
С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының композициясы, образдар жүйесі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға поэманың композициялық құрылымын меңгерте отырып, образдар жүйесіне назар аударту.
Міндеті: а) Білімділік: поэманың композициялық құрылымын меңгерту арқылы, ақынның тіл шеберлігіне назар аударту.
б)Дамытушылық: әдеби сөйлеу тілдерін дамытып, ой-өрістерін кеңейту, шығармашылыққа жетелеу, мәтінмен жұмыс түрлеріне жаттықтыру.
в)Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.
Типі: Жаңа сабақ.
Түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.
Көрнекілігі: таблица.
Әдістері: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқыту,талдау, пікір-талас.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. С.Мұқановтың қандай поэмаларын білесіңдер?
2. «Сұлушаш» поэмасына арқау болған оқиғалардың таптық мәні.
3. Поэманың оқиғасы кімдердің төңігерінде құралған?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Поэманың бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегінде құрылған. Яғни, осы екі жастың сүйіспеншілігі, бір-біріне махаббаты жырланады. Трагедия Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Екеуінің албырт сезімдерін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды.Сүйгенінен айырады. Ақырында қуғын-сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып, азапта өледі.
1. Композицияның элементтерін еске түсіру.
2. Пролог, эпилог анықтамаларын еске түсіру.
( Пролог – грекше, алғы сөз, көркем шығармаға кіріспенің,эпилог – грекше, соңғы сөз, шығарманы қорытудың бір түрі).
• Кейіпкер мінезін ашу.
• Ой-тұжырым жасату.
• Тілі мен суреттеу тәсілін тапқызу.
Поэманың сюжеттік желісін еске түсіре отырып, төмендегі схеманы толтыру.
№ Компози-циялық элементтер
Компози-циялық жоспар Суреттеу тәсілдері Сұлушаш Алтай

1
Пролог. Басталуы.

Дүниеге келуі.

Баяндау,суреттеу Байдың қызы,
қиғаш қас, қарақат көз, қыр мұрын,ұзын кірпік,жұқа ерін. Кедейдің ұлы,қара көз, қыр мұрын, қасқа маңдай,кең иық.
2. Байланысы а) Ұнату.
ә) Құдалық. Диалог, баяндау. Инабатты, сыпайы, кіші-пейіл, ақжарқын. Өжет,батыл, қайратты,өр.
3. Дамуы. Алып қашу. Баяндау. Болашақты болжағыш. Сертіне берік, айт-қанынан қайтпай-ды
4 Шиеленсуі. Қуғын. Диалог, баяндау. Айнымас ма-
хаббат иесі. Батыр, ержүрек, жауға мейірімсіз,
5. Шарықтау шегі. Қарқаралы тауында. Баяндау, монолог, диалог. Қиыншылыққа төзімді, сабылы. Еңбекке шынық-қан төзімді, ер тұлғалы.
6 Шешімі. Азапта өлуі. Баяндау
Қытымыр заманның құрбандары.

Идеясы Тарих шындығымен махаббат шындығын еркін меңгеріп жырлаған ақын шығармасында әлеуметтік теңсіздіктің жастардың бас бостандығына бөгет болуы.
Мәтіннен Алтайдың монологын оқытқызу.
Бекіту.Олар өмір сүрген қатал замандағы таудағы биік тас кедергі - әлеуметтік теңсіздік тұрған шақта Алтай сияқты жастар арман-тілекке жетуі мүмкін де емес екенін, жазушы айқын ашып көрсеткен. «Сұлушаш» поэмасының тілі де көркем, оқиғасы да жаныңды елжіретіп, сай-сүйегіңді сырқырата отырып,оқиға жүйелі құрылған.
М.Базарбаевтың сөзімен қорытындылау. «Сұлушаш поэмасы нағыз реалистік шығарма. Оның қаһармандары – ойдан жасалған, қиялдан шыққан, жансыз, қансыз суреттер емес, өмірдің қайнар бұлағынан алынған таза жанды,ыстық қанды еңбек адамдары».
Үйге тапсырма:
1. Поэмадағы әдет-ғұрып, халық психологиясының көрінісін сипаттап жазып келу
2. Поэманың тіл көркемдігіне байланысты көркемдегіш сөздерді табу.

№42 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Құрманғалина Миргүл Ахметбекқызы
Семей қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.