Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сәуірбек  Бақбергенов  Құрманғазы -

Сәуірбек Бақбергенов Құрманғазы

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2025 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша қаласы №5 ОМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жаксыбаева Р.А.
4-сынып
Cабақтың тақырыбы: Сәуірбек Бақбергенов Құрманғазы
Сабақтың мақсаты:
1) Күй атасы- Құрманғазының өмірімен таныстырып ,
әңгіменің идеялық мазмұнын ашып ,негізгі ойды ұғындыру.
2)Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлату, ой-өрісін ,тілдік қорын ,шығармашылық қабілеттерін дамыту .
3) Өнерге ,білімге деген құштарлықтарын арттыру ,ұлы тұлғалар еңбегін бағалай білуге ,үлгі алуға және әділетті болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайд, бейнетаспа, портрет
Сабақтың әдісі: ой толғау ,баяндау ,оқыту , шығармашылық жұмыс және жұппен жұмыс.
Сабақ түрі : аралас
Пәнаралық байланыс: музыка ,бейнелеу өнері ,тарих
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру.
Жиб-Жица күресі және Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы дайындаған ақпараттар.
1) Әңгімені бір оқушы толық мазмұндайды.
2) Мұңайтпасұлы туралы қосымша деректерін айтады, сол бойынша мұғалім тақтада кластер құрайды.
3) Оқушыларға мақалдың жалғасын тапқызу арқылы үй жұмысына қорытынды жасалады. Қоянды қамыс өлтіреді,
Жігітті ... ... (намыс өлтіреді).
3 Жаңа сабақ : Құрманғазы.
Ой толғау.Балалар ,қандай атақты күйшілерді білесіңдер?Балалар өздеріне мәлім күйшілерді атайды.Үнтаспадан С.Құрманғазының күйін тыңдайды да, одан қандай әсер алғандарын ортаға салады.Жаңа сабақтың тақырыбымен танысады.Мұғалім мәтіннің авторы Сәуірбек Бақбергенов жайында хабардар етеді де ,Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі жайында айтады да, мәтін бөліктерін үлестіреді және іштей оқып, бір-біріне мазмұнын айтып, соған лайық сурет салуды тапсырады.
Сөздік тақтада болады. Слайд.
Суыт-асығыс
Кілтипандарын-құпиясын
Жігері құм болды-дәрменсіз күйге түсті.
Құқай-қиындық
Шылау-жүгеннің шаужайы, шылбыры.
1 жұп. Құрманғазы мен Дина. Қайран шешем күйінен үзінді тыңдалады.
2 жұп. Сағырбаевті тұтқындау. Диолог түрінде.
3 жұп. Динаның көңіл-күйі.
4 жұп. Күйшінің аманаты.
Әр жұп орындаған жұмыстары туралы айтып береді.
Сергіту сәті
Өнер-білім туралы мақал-мәтел айту
Сұрақ- тапсырмалармен жұмыс.Слайд.
1. Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?
2. Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің?
3. Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады?Бұл күйді қай кезде шығарған?
4. Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың?
5.Дәптермен жұмыс. Құрманғазының анасы туралы ойларын жаздырту.
Бағалау. Үйге тапсырма: Құрманғазы мәтінін оқу, мазмұндау, дәптермен жұмыс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.