Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөз – мерген. -

Сөз – мерген.

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 340 | Просмотров: 1574 | Размер: 39.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Сөз – мерген.
Мақсаты: 1.Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тексеру. 2. Оқушылардың тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тұрақты сөз тіркестері мен мақал – мәтелдерді ажырата білуге, олардың мәнін дұрыс ұғынуға баулу,өз ойларын тез, ұтымды жеткізуге бағыттау. 3. Тіл шеберлігін арттыру, адамгершілік тәрбиесін беру, өз Отанымызды құрмет тұтуға, тілімізді, дінімізді жандандыруға үлес қосуға, ұмыт болып бара жатқан көне дәстүрімізді қалыпқа келтіруге үлес қосуға тәрбиелеу.
Түрі: білімді тексеру.
Көрнекі құралдары: сабақ кезеңдеріне жазбаша сөздер, тұрақты сөз тіркестері, шарлар.
Сабақ барысы . Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпты үш топқа бөлемін.Үш топтың ішінен қайсы топ ойыншылары ойынды бастайтындарын, мақалдың жалғасын таптыру арқылы белгілеп алу.
I кезең: «Мықты болсаң, тауып көр» II кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр» ІІІ кезең: «Шешен болсаң, тауып көр» ІV кезең: «Ойлы болсаң, озып көр» V кезең: «Көнерген сөз құпиясы» Мақал- мәтелдер: 1. Байлық- мұзға жазылған сөз,
Білім- тасқа жазылған сөз.
2. Ер жігіттің екі сөйлегені- өлгені,
Еменнің иілгені- сынғаны.
3. Әкең -асыл қазынаң, аға- інің- ас-
қар тауың,
4. Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
5. Денің сау болса, жарлымын деме,
Жолдасын көп болса, жалғызбын деме.
6. Досы көппен сыйлас,
Досы жоқпен сырлас.
7. Сөз қадірін білмеген
Өз қадірін білмейді.
8. Жалғыз ағаш- орман болмас,
Жалғыз кірпіш қорған болмас.
9.Тіземнен сүріндірсең сүріндір, тілімнен сүріндірме.
10. Жақсы қыз- жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт- аспандағы жұлдыз.
I Кезең: «Мықты болсаң тауып көр» Мына берілген сызбалар бойынша зат есімдер мен етістіктерді қатыстырып, тұрақты сөз тіркестерін құру, мағынасын түсіндіру.
Бала Сиыр Күшік Әйел Ат Ит Қыз Ж И Ғ А Н Түйе С А Л М А У Тауық Өлген Адам Қой Қаз
Жауабы: Қыздың жиған жүгіндей, ат ізін салмау, ит өлген жер.
Ат Күшік Күн Тай Мысық Ай Сиыр А Л А Қ А Ш Т Ы Тауық Қ А П Т А Д Ы Жұлдыз Т У Д Ы Ешкі Ит Жер Жауабы:Ат тонын ала қашты, ит терісін басына қаптады, айы оңынан туды.
Халқымыз сөз өнеріне ұқыпты қарап, сөйлеу тілінде мақал – мәтелдерді, нақыл сөздерді көп қолдана білген. Осы кезекңде берілген сын есімдер мен етістіктерден мақал мәтелдер құру.
II кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр»
Жас Балғын Тар Кәрі Т Ү С П Е С Үлкен К Е Р І С П Е С Кең Б О Л М А Й С Ы Ң Бойшаң Жас Ұзын Ұзын Кәрі Қысқа Жауабы:Кәрі түлкі қақпанға түспес. Кіші үлкенмен керіспес. Кең болсаң, кем болмайсың.
Тіл Би Батыр Тіс Өткір Сезім Қ Ы З Ы Л Азамат А Й Л А С Ы З Ерін Өнер Бала Езу Достық Жігіт Жауабы: Тіл қылыштан да өткір. Өнер алды - қызыл тіл. Айласыз батыр алдырар.
Шешендік өнер – тіл мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің шыңы.жұрт алдында қағазға қарамай сөйлейтін кісілер айтатын ойын да, айтар сөздерін де табан астында «суырып салып» сөйлейді. Осы кезеіңнің шарты бойынша сұрақтарға жауап беру. Әр топбасшысы өзінің дайындап келген шешендік сөздерін басқс топқа ұсынады. Олай болса, ІІІ кезең: «Шешен болсаң, тауып көр».
ІV кезең: «Ойлы болсаң, озып көр». Әр топтан бір оқушы шығып өзінің салып келген суретін қорғайды. (Не себепті осылай аталады? Суреттегі материалдар туралы сөйлейді. )
V кезең: «Көнерген сөз құпиясы». Әр топ сөздердің мағынасын ашады.
1. Сұну – оқталу, кезену. Қошқы – ауыл басы 2. Сабау – жүнге арналған ағашы. Бұрт – қырғыздарды кемсітетін атау. 3. Ғибрат – үлгі. Орда – асық ойынының бір түрі.
Көрермендермен ойын. Үш топтың да жанкүйерлеріне арнап 3 әріп беріледі. Сол әріптен басталатындай етіп, сұрақтарға жауап береді.
1. Сенің атың кім?
2. Сен қайда тұрасың?
3. Сенің досың кім?
4. Қандай гүлді жақсы көресің?
5. Қандай тағам ұнатасың?
6. Қандай қалаға баруды армандайсың
7. Сенің анаңның аты кім?
8.
Қорытынды. Ата – бабаларымыз сан ғасыр ұлы арманы болған, ұл – қыздарымызыдң киелі қаны мен беймезгіл қиылған жанының нәтижесінде келген Тәуелсіздігімізді баянды етер басты қаруымыздың бірі – тіл. Сондықтын туған тілімізді шұбарламай, әркез көзіміздің қарашығындай сақтай білу – бүгінгі жас ұрпақ парызы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.