Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ ҚАЙТАЛАУ -

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ ҚАЙТАЛАУ

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 351 | Просмотров: 2176 | Размер: 60.5 Kb | Автор: Тәрбие
. САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ ҚАЙТАЛАУ

Сабақтың мақсаты:
1. Шығармашылық жұмыстар арқылы салалас құрамалас сөйлем туралы білімдерін тиянақтау.
2. Ауызекі сөйлеу, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Қазақ халқының салт-дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, кесте, мәтін, тірек-схемалар.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың типі: бекіту, қорыту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу, «Аукцион» ойыны.

Сабақтың құрылысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.).
2. Топтарды таныстыру (2 мин.).
3. Үй тапсырмасын тексеру (3 мин.).
4. Мәтінмен жұмыс (9 мин.).
5. Тақтада жұмыс (7 мин.).
6. «Аукцион» ойыны (3 мин.).
7. «Жорға сайысы» (5 мин.).
8. Тест шешу (5 мин.).
9. Қорытындылау (3 мин.).
10. Бағалау (3 мин.).
11. Үйге тапсырма (2 мин.).

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Сабаққа деген дайындығын тексеру.
ә) Мұғалімнің сөзі.
- Бүгінгі біздің сабақ сайыс түрінде өтеді.
Қатысушы оқытушылар ішінен әділқазылар алқасы сайланады.



I Тур. Топтарды таныстыру.
I топ
Топтың аты «Жеті ата».
Топтың ұраны: «Жеті атасын білмеген - жетесіз»
Топтың әні: «Жеті ата» бастауы.
Әке мен баласы,
Немере мен шөбере
Шөпшекпен жалғайды.
Қайырмасы:
Менің тегім,
Менің елім,
Сен үшін мен егілемін.
Жырың болып төгілемін елім.
Жеті атам менің қасиетім.
(«Менің Қазақстаным» әуенімен айтылады)

I Тур. Топтарды таныстыру.
IІ топ
Топтың аты «Жеті күн».
Топтың ұраны: «Жеті күн – қасиет өлшемі»
Топтың әні: «Дүйсенбі – қиын күн».
Сәрсенбі – сәтті күн
Жұмада мешітке барамын.
Ал қалған күндерді жібермей ұтымды пайдаланамын.
Қайырмасы:
Еңбек етіп жеті күнде
Білімдерді шыңдаймыз
Әттең, бірақ аптасына
Бір-ақ рет демалам.
(«Крокодил Гена» әуенімен айтылады)



IІ Тур. Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру.
I топ

Сұрақтар:
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер не арқылы байланысады?
3. Талғаулы сөйлемнің жалғаулықты шылаулары?
4. Жеті ата (атап беру)
5. Қазақтың қасиетті сандарын атап беру.
(7, 9, 40, 13).

IІ Тур. Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру.
IІ топ

Сұрақтар:
1. Құрмалас сөйлемнің түрлері?
2. Қарсылықты сөйлемнің жалғаулықты шылаулары?
3. Кезектес сөйлемнің жалғаулықты шылаулары?
4. Жеті күн.
5. Қазақ халқының қасиетті сандарын атап бер.
(7, 9, 40, 13).


IІІ Тур. Мәтінмен жұмыс.
I топ

Мәтін «Сырғанақта».
Демалыс күні ертемен оқушылар мектепке жиналды. Қар қалың жауғанмен, күн онша суық емес еді. Оқушылар бәрі де жылы киінген. Олар үш топқа бөлінді.Шаңғышылар тобы тауға қарай жөнелді. Конькишілер өзен маңындағы мұз айдынына кетті. Шанамен келген балалар мектеп қасындағы сырғанақта қалды. Сырғанақ тебу бәріне де ұнады.

IІІ Тур. Мәтінмен жұмыс.
IІ топ
Мәтін «Сырғанақта».
Демалыс күні ертемен оқушылар мектепке жиналды. Қар қалың жауғанмен, күн онша суық емес еді. Оқушылар бәрі де жылы киінген. Олар үш топқа бөлінді. Шаңғышылар тобы тауға қарай жөнелді. Конькишілер өзен маңындағы мұз айдынына кетті. Шанамен келген балалар мектеп қасындағы сырғанақта қалды. Сырғанақ тебу бәріне де ұнады.

IV Тур. Тақтада және кәртішкелермен жұмыс.
I топ
1. Далада қар жауып тұр, бірақ күн суық емес. (қарсыл қ.с.с.с.)
2. Дүкенге не Айгүл барады, не мен барамын. (талғаулы)
3. Қоңырау соғылды, оқушылар сыныпқа кірді. (жалғаусыз с.қ.с.)

IV Тур. Тақтада және кәртішкелермен жұмыс.
IІ топ
1. Күн суытты, құстар жылы жаққа ұшып кетті. (жалғаулықсыз с.қ.с.)
2. Біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады. (кезектес)
3. Теледидардан кейде концерт көрсетеді, кейде қызықты бағдарлама көрсетеді (кезектес)

V Тур. Топ басшыларының сайысы «Аукцион» ойыны.
I топ
1. Мына сөйлемді аяқта. Мен бүгін не қалаға кетемін, не ....
2. Мына сөздерден бір сөйлем құраңдар. Мен, сегізінші, сыныбында, ......, мектебінің, оқимын, Абай, орта.
3. Мынау қандай салалас құрмалас сөйлем? Күн батты, даланы қараңғылық басты.

V Тур. Топ басшыларының сайысы «Аукцион» ойыны.
IІ топ
1. Мына сөйлемді аяқта. Мен бүгін не қалаға кетемін, не ....
2. Мына сөздерден бір сөйлем құраңдар. Мен, сегізінші, сыныбында, ......, мектебінің, оқимын, Абай, орта.
3. Мынау қандай салалас құрмалас сөйлем? Күн батты, даланы қараңғылық басты.

VІ Тур. «Жорға сайысы». Әр топқа сұрақ қойылады.
I топ
1. Бір жылда қанша ай бар? (12)
2. Нәрестені қырқынан қанша күнде шығарады? (40)
3. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар нешеу? (12)
4. Сөйлем неден құралады?
5. Заттың атын білдіретін сөздер(зат есім).

VІ Тур. «Жорға сайысы». Әр топқа сұрақ қойылады.
IІ топ
1. Адамның бірінші мүшел жасы? (13)
2. Ананың құрсағындағы нәресте неше ай жатады? (9)
3. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)
4. Сәби жүре бастаған кезде жасалатын той (тұсаукесер).
5. Қазақ тілінде қанша сөйлем мүшесі бар? (бесеу)



VІІ Тур. Тест жұмысын өткізу

1. Құрамалас сөйлем неше сөйлемнен тұрады?
А) бір сөйлемнен;
Ә) екі немесе одан да көп сөйлемнен.

2. Мынау қандай салалас құрамалас сөйлем?
Ән басталды, бірақ домбыра сазы басылған жоқ.
А) талғаулы салалас құрмалас сөйлем;
Ә) іліктес салалас құрмалас сөйлем;
Б) кезектес салалас құрмалас сөйлем;
В) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

3. Кезектес салалас құрамалас сөйлемнің жай сөйлемдері қандай шылаулар арқылы байланысады?
А) дегенмен, алайда, бірақ, сонда да;
Ә) не …, не, я…, я;
Б) бірде, біресе, кейде.

4. Іліктес салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері қалай байланысады?
А) шылаулар арқылы;
Ә) екпін арқылы;
Б) интонация арқылы.

5. Мынау қай салалас құрамалас сөйлемнің шылаулары?
А) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем;
Ә) іліктес салалас құрмалас сөйлем;
Б) талғаулы салалас құрмалас сөйлем;
В) кезектес салалас құрмалас сөйлем.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.