Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шәкәрім Құдайбердіұлы  « Адамдық борышың» өлеңі. -

Шәкәрім Құдайбердіұлы « Адамдық борышың» өлеңі.

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 380 | Просмотров: 4165 | Размер: 15.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Елубаева Лена
Қызылорда қаласы.
Қараөзек ауылындағы
№39 «Қызылөзек» орта
мектебінің мұғалімі

Шәкәрім Құдайбердіұлы « Адамдық борышың» өлеңі.

( 6- сынып )

Мақсаты:
А/ Білімділік: Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, өлеңді нақышына келтіре отырып,негізгі түйінін табу.

Ә/ Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, тіл байлықтарын дамыту, ізденіске баулу.

Б/ Тәрбиелік: Өлеңдері арқылы оқушылар бойында жауапкершілік сезімін оята отырып, адамгершілікке, азаматтыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа материалды игерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу,талқылау,топтастыру

Көрнекіліктер: Шәкірім портреті, шығармалар жинағы,кестелер, слайдтар

Сабақ барысы: а/ Ұйымдастыру
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Оқушылардың оқу-құралдарын тексеру.

Ә/Үй тапсырмасын сұрау
Б/ Жаңа сабақ

Кіріспе бөлім. Топтастыру Шәкәрім жайлы не білеміз?

1858 жылы Абайдың немере Шығыс Қазақстан облысы
туылған інісі Абай ауданы,Шыңғыс
тауында туылған

Екі рет қажылыққа араб,парсы,орыс
барған тілдерін меңгерген


Толстой шәкіртімін 1931 жылы қазаға ұшыраған.
деп есептеген

«Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Өлең мазмұны жайлы оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

Өлеңді талдау сұрақтары:
1/ «Адамдық борышың дегенді» қалай түсінесің?
2/ Өздеріңді кімдердің алдында борыштымын деп есептейсіңдер?
3/»Ақ жолдан айнымай,ар сақта» деген өлең жолдары арқылы автор не айтпақ болған?
4/Ақын шын бақыт деп нені көрсетеді?

Өлең мәтініндегі ақын айтқан адамдық борыш түрлерін тауып, дәптерге жазу.
Халқыңа адал бол, ақ жолдан тайма, ар сақта,білім мен өнер үйрен, мақтанға салынба,нәпсіңе билетпе,жол көрсет,ғибрат алар із қалдыр.

Әр сөздің мазмұнына жеке тоқталып,оқушыларға мазмұнын аштыру.

Сөздік жұмыс
1. Мансап-атақ,даңқ 2.Нәпсі- тойымсыздық,көрсеқызырлық
3.Тұл-жалғыз,ескерусіз қалу 4.Сарп қылу-жанымен беріле орындау

Мұғалім сөзі: Абай мен Шәкәрім туыстығына тоқталып,Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы үндестік жайлы айту.
- Тақырыбы жағынан,идеясы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңдеріне ұқсайды?
- «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері.
Өлеңді білетін оқушыларға жатқа оқытып,өлең сөздеріне талдау жасату.

-Осы өлеңдері арқылы Абай мен Шәкәрім жұртты қандай қасиеттерге үндейді?
-Адамгершілікке,халыққа қызмет етуге,өнер-білім үйренуге,арлы болуға т.б.
-Адам бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыңдар?

Кестемен жұмыс

Абай Құнанбаев Шәкәрім Құдайбердіұлы
«Әсемпаз болма әрнеге» «Адамдық борышың»
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп қайғы алма Мақтанға салынба,
Мансаптың тағы үшін
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан! Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға Ғибрат алар артыңда із қалдырсаң,
Шын бақыт- Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма. Білімсіз, Өнерсіз,
Болады ақын тұл.

Өлең құрылысына талдау жасау
Адамдық борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл. /шумақ,тармақ,бунақ,буын,ұйқас түрлерін табу/

Топқа тапсырма Шығарма жазу
І топ «Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл»
ІІ топ «Мақтанға салынба,
Мансаптың тағы үшін»
ІІІ топ «Жоба тап,жол көрсет,
Келешек қамы үшін»

Сабақты қорытындылау сұрақтары
1. Шәкәрім қай жылы,қай жерлерде өмірге келді?
2. Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
3. Ол кімнің тәрбиесінде болды?
4. Шәкәрім өзін кімнің шәкіртімін деп есептеді?
5. «Адамдық борышың» өлеңінің тақырыбы не жайында?
6. Ол сендерді қандай қасиеттерге тәрбиелейді?

Оқушылар білімін бағалау.
Үйге: Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңін жаттау.
«Менің борышым»тақырыбында эссе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.