.
.
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы:10 Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасы
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 330 | Просмотров: 2632 | Размер: 15.0 Kb | Автор: ТәрбиеТақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
Поэманың тақырыбы, идеясын таныту.Көркемдік ерекшелігін анықтау.Бүгінгі заман тынысымен салыстыру, ой айту.
Күтілетін нәтижелер:
1.Ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы туралы кеңінен мағлұмат алады.
2.Поэманың тақырыбын, идеясын анықтай алады.
3.Топта ынтымақтастықта жұмыс жасай біледі, өз ойын еркін жеткізе алады, шығармашылық қабілетін дамытады.
Көрнекіліктер:
оқулық,жеке суреттер,флипчарт,ассоциация парағы.
Іс-әрекет кезеңдері
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Смайликтер арқылы оқушылардың щкөңіл-күйлерін білемін. Смайликтер арқылы өз көңіл-күйлерін білдіреді.
ІІ.а)Үй тапсырмасын сұрау.
ә) Топқа бөлу.
1.Абай өлеңдерін жатқа айту.
2.Талдау жұмыстарын тексеру. Жауап береді.
Топ-топ болып отырады.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Ой шақыру. Электрондық оқулық арқылы ақынның өмірбаянын тыңдату
Тыңдайды
«Кластер әдісі».
Шәкәрім кім?
Ойланып жауап береді.
2.Электронды оқулық арқылы ақынның өмірбаянына шолу.
Бірігіп жұмыс жасайды,бір шешімге келеді.
II.Мағынаны ашу
«Ақылдың алты шляпасы» әдісі 1)Поэманың мазмұнымен алдын- ала танысып келу тапсырылады.(Тапсырманы поэмадан үзінді келтіре отырып орындау).
Тапсырма.Поэманың мазмұнын қысқаша баяндау А)"Ақ шляпа"Статистикалық мағлұмат(поэманың жазылу тарихы,қашан,қайда т.б.)
Ә)"Сары шляпа"Сәттілік(поэмадағы сәтті кезеңдер,махаббат монологы)
Б)"Қара шляпа"Сәтсіздік (қос ғашық басындағы трагедиялық жағдай)
В)"Көк шляпа"Аналитикалық(Неге?Не үшін?Кім кінәлі?деген сауалдарға жауап іздейді).
Өткен қоғам өміріне шегініс жасай отырып,баға беру,төрелік айту.
Г)"Жасыл шляпа"Шығармашылық (жаңа заманда жаңаша көзқарас,жаңашыл идеялар,болжамдар айту).
Театрланған көрініс:бүгінгі заман Еңлігі мен Кебегін сомдау.
Д)"Қызыл шляпа"Сезімтал.(Поэмадан алған сезімдерін өлеңмен өру.Ескілік қоғамға лағынет айтып,жарқын болашаққа үміт арту).
Әр топ өзінің жасаған жұмысы бойынша презентация жасау.
Тақырыбын, идеясын анықтау.
Поэманың көркемдік, тілдік ерекшелігіне талдау.
(әдебиет теориясы)
ІІІ.Үйге тапсырма "Адамдық негізі-әйел"ойтолғау жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.