Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылы -

Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылы

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2577 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы өғымірі мен шығармашылы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру,дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.
Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.
Сабақтың түрі : Іздену-зерттеу сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті (сұрақ-жауап, пікірлесу, талқылау,зерттеу), СТО (Венн диаграммасы, топтастыру ).
Көрнекіліктер: «Дана сөздің дарасы» кітап көрмесі, «Шәкәрім шыңы» - тау суреті салынған плакат,жапсырма қағаздар,слайд.
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру кезеңі :
а)Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу;
ә)Сабақ мақсатымен, барысымен таныстыру.
Мұғалім сөзі:
Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығарма-
шылығы бойынша оқып білгендерімізді ортаға салып, жинақтап,қорытындылауға тырысамыз.
Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді.
Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ...өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де ,ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар.Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.
2. «Ой қозғау». «Шәкәрім кім?
Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы,терең ойшылы, қоғам қайраткері. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақтың білім нәрін сусындатып келеді.
«Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгіге үлгі аларлық із-белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым.Келешектің ойын ашайын деп жаздым.
.....Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.»
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі
Шәкәрім 1858 жылы, ескіше 11 шілде де Семей облысы, Шыңғыстауда дүниеге келген. Әкесі Құдайберді 1868 жылы 67 жасында дүниеден өтті. Жетім қалды деген аты болмаса , Шәкәрім жетімдікті көрмеген десе де болады.Құнанбайдың ерке немересі болып өскен. Абай Құнанбаев тәрбиесінде өскен.
Абай сынды тұлғаны тәрбиелеген Құнанбай бидің ақылымен сусындап өскен Шәкәрім, қазақтың ертеңгі атар таңы үшін жарық жұлдыз болып жарқырап шығыа келеді. Шәкәрімді ата-анасы бес жасында ауыл молдасына оқуға береді. Шәкәрім 10 жасқа келгенде мылтық атып, домбыра,гармон үйреніп, сурет те салады.
Он беске толғанда қаршыға, бүркіт ұстап,құс салып серуенге шығады.Осы тұста ағасы Абайдың өлеңдерінен тыңдап өнерге бет қояды.
Жиырма жасынан былай қарай,аз да болса ғылым жолына түседі.
Жиырмадан өткенде,
Аз ғана ғылым оқыдым.
Алғызып кітап шеттенде,
Көңілгебірізтоқыдым- депжазады.
Жиырмаменқырықарасы
Жасөмірдіңсарасы,
Босөткенінқарашы,-депжиырмажылөміріболысболған.
1905-1906 жылдарыМеккеге 2 ретсапаршекті. 1911 жылыОрынбар, 1912 жылы Семей, лирикалықөлеңдері, дастандары, кітапболыпжарықкөрді.
ЕлуденасқаншағындаеліненелсізжергесалғанСаятқарадегенқыстауғакетіп, жиған-тергенматериялдарын ой қортып, бес жылкөзмойынтауысып ой-толғансытарынжазады.
1930 жылдарышаруаларбаскөтеріп, көтерілістіұйымдастырушыШәкәрімдепжалажабады. 1931 жылы 2 қазанкүніШәкәрімҚұдайбердіұлы 73 жасындажазықсызоққаұшып, қазатабады.Жендеттерақындыатыпөлтіргенненкейін, оныңсүйегінессіздаладағыескібірқұдыққаапарыпкөміптастаған. Ақынға «халықжауы» дегеннегізсізсаясижалажабылды.
2. Ресми ақталуы, ұрпақтары
Асылдың сынығы Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін қанша түбірімен жоқ қылуға тырысқан әрекеттерге қарамастан «Алмас қылыш жатпайды қын түбінде» демекші қара күшті қақ жарып, ақиқаттың сәулесі мен нұры жарқ етті.
Шәкәрімді ақтау, оның мол мұрасын қалың елі қазағына жариялау туралы 1958 жылы шешім қабылданды.
Тек осы шешімді тағатсыз күткен ақынның баласы Ахат 1961 жылы әкесінің сүйегін құр құдықтан қазып алып, Жидебайдағы Абай зиратының жанына жерледі.
1988 жылы ғана Шәкәрім екінші рет толық ақталып, асыл мұраларынан тұңғыш жинағы баспадан жарық көрді.
Шәкәрімнің Қытай асып кеткен Зият атты баласынан туған
Мереке – Нұрлан, Меруерт, Сәуле, Гәуһар деген ұл-қыздарымен Алматыда тұрады.
Шәкәрім қызы Гүлнәрдың балалары Фатих пен Бәтен, олардың ұрпақтары Алматы қаласында қызмет етеді.
Гүлнәр (1914-1970) – Шәкәрімнің Айғаншадан туған кенже қызы. Ақындық қабілеті бар Гүлнәр әкесі оққа ұшқанда:
Сарыарқаның жонында,
Хақиқат ардың соңында.
Отырған әкем тамында,
Серігі-қалам қолында, - деп басталатын ұзақ жоқтау өлеңін шығарған.
3. Шығармалары
“Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!” өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға,содан уйренуге шақырса,”Жастық туралы”,”Кәрілік туралы” өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. “Өмір”,”Сәнқойлар”,”Ызақорлар”,”Құмарлық”,”Жолама қулар маңайға”,”Адамдық борышың”сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды,жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.
Болашақтың кілті білімде екенін жақсы түсінген ақын “Насихат”деген өлеңінде білім алуды,білімді болуды насихаттайды,даналық тұжырым жасайды.
Шәкәрім эпикалық жанрда көлемді шығармалар жазған.Олардың қатарына ақынның “Қалқаман-Мамыр”,”Еңлік-Кебек”,”Ләйлі-Мәжнүн” дастандары жатады.
4. Әндері
Шәкәрім Құдайбердіұлының музыкалық мұрасы 15 ән, 2 күй, 8 әуенмен орындалатын 4 эпикалық шығармадан құралады.
Шәкәрім әндерін алғаш нотаға түсірген голландық Альвин Бимбоэс.«Музыкалық этнография» жинағына Шәкәрім Құдайбердиевтің орыс тілінде 2 әні жарық көрді. Затаеевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек – бата» деген атпен енген.
1931 жылы «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағына «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»,«Жиырма үш жасымда», «Жылым – қой, жұлдызым – июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Сұраған жанға сәлем айт», «Сен ғылымға ынтық болсаң», «Байғазы» әндері бар. Шәкәрімнің әншілік мұрасын жиналып зерттелуіне көп еңбек сіңірген өз баласы Ахат Құдайбердиев еді.
Шәкәрім –сазгер. Сегіз қырлы, бір сырлы Шәкәрім ойлы өлеңдеріне ән де жазған өнерлі сазгер болды. Бұл ақынның керемет өзгешелігі, талант дәрежесінің биіктігі.
«Анадан алғаш туғанда» әнінде адам өмірінің бар болмысын айқындап, қысқа ғұмырдағы пендешіліктің бет-болмысын әшкерелей отырып, кісілікке, парасаттылыққа шақырады.
«Кәрілік туралы», «Жапанда жалғыз жаттым елден безіп», «Сұраған жанға сәлім айт» атты әндері адам өміріндегі мың алуан құбылыстарын, мінез-құлықтарын, кісілікке үндейтін жастық, махаббат сезімдерін дәріптейді.
Семейлік сазгер, журналист Арғынбек Ахметжанов ширек ғасыр Шәкәрімұлы Ахатпен дос бола жүріп қажы әндерінің шығу тарихы туралы жазған еңбектері бар. Ол Шәкәрімнің көптеген әндерін өз аузынан естіп, магнитафон таспасына түсіріп алды. Нотаға түсірген. Арғынбек Ахметжановтың айтуынша ақынның 30-ға жуық әні бар көрінеді.
Ақын өмірінің соңғы жылдары «Қош жұртым» деген өлеңін жазған.
Шәкәрім әндерін лекция-концерт арқылы бүкіл Қазақстанға насихаттаған әнші, домбырашы Мәдениет қайраткері Келденбай Өлмесековтің еңбегі өлшеусіз.
5. Шәкәрім және Абай
Қазақтың өлеңінің пірі болған,
Халқының сөзін айтар ұлы болған.
Абайдың аманат қып беріп кеткен.
Шәкәрім түсірмеген туын қолдан
(С. Мәуленов)
Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті.
Ақындық өнер жолына түскенде он тоғыз жасында жазған өлеңі көбінесе жастарға арналған.
Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айда, зорлықсыз мал табалық,
Өтпес өмір, таусылмас мал берелік,
Бір білімді данышпан жан табалық… деп, жастарды Абайдан үлгі-өнеге алып, тәлім алуға шақырады.
6.Шәкәрім және әлем әдебиеті
Шәкәрім- аудармашы. «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» деген Шаһкәрім араб, парсы, түрік, шағатай, орыс тілін жетік білгеннің арқасында шығыс және орыс классиктерінің шығармаларын түпнұсқасы бойынша қазақ тіліне еркін аударған. Әзірбайжанның ұлы ақыны Мұхаммед Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы (1907 ж.), орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің «Дубровский» атты повесін «Дубровский әңгімесі» (1908 ж.) деген атпен, «Метель» әңгімесін «Боран» деген атпен (1936ж.) өлең түрінде аударды.
Орыс жазушысы Лев Толстойды ерекше бағалап, құрмет тұтқан. Оның бірнеше шығармаларын аударды: «Асархадон патша», «Үш сауал» әңгімелерін аударды. Оны да өзіне ұстаз санап, хат жазысып, өзіне ақыл кеңес сұрағанын ақынның баласы Ақат та, өлеңдері де айғақтайды.
Аударма мәселесі туралы ақынның өзі былай дейді:
«Ақын, жазушы өзінің төл тумасына жауаптылықпен қарайтыны сөзсіз. Ал біреудің шығармасын аудару – одан да жауапты нәрсе. Бұған өте шеберлік керек».
3. «Ассоциациялық аймақ» кестесі. Оқушылар тақтадағы кестеге ақын туралы білетіндерін жазады.

4.«Шәкәрім -Абайдың талантты шәкірті ».Шәкәрім мен Абайдың ұстанған жолдарындағы ұқсастық пен айырмашылықты байқайық. (Венн диаграммасын жасату )
Абай ұқсастығы Шәкәрім

5. Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру.
-Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.
Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады. Мысалы:
Шәкәрім: Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол ,жастар бергенім.

Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Шәкәрім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Бұған ұйқасты өлең сөз керек,
Өзіне орайлы,
Ән-өлшеуіш
Өлең – күміс
Қоспаңыз мыс аралас.
Абай: Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
6. Сергіту сәті.
Мұғалім сөзі: Шәкәрім Абайдың сазгерлік дәстүрін ары қарай жалғастырушы.Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау,ән айту сияқты өнер түрлеріне ден қойған. Оның әсем сазға толы «Жастық» , «Шын сырым», «Анамнан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б. әндері бар.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»,-деп ұлы Абай атамыз жыр еткендей, ендігі кезекті әсем әнге берейік. ( Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні тыңдалады).
7.Мағынаны ашу «Ойлан,тап».Мұғалім сөзі: Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең.Соның ішінде ойып орын алар тақырып-рухани –адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары.Шәкәрім ар-ұятты жоғары қояды.Тақтаға назар аударыңдар.Санда жасырынған сұрақтарға жауап беріңдер .




Сұрақтары:
Қазақ халқы- қонақжай , бауырмал халық.Айналаңды дос тұту,бауырыңа тарту-бұл да адамгершітіктің жоғары түрі.Бұл мәселе Шәкәрім өлеңдерінде қалай көрініс тапқан?
Адам өмірінің мәні неде? Адам баласының борышы не?
Шәкәрімнің уағыз,ақыл-кеңес,насихат түрінде жазған қандай өлеңдері бар? Мәнерлеп ,жатқа айтыңдар.
Шәкәрім лирикасының көркемдік тіл ерекшелігі. Ақын өлеңдерін қуаттандырып ,нұрландырып тұрған қандай көркемдегіш құралдардың түрлері кездеседі?
Өзгеге жақсылық жасау, мейірімді болу идеясы Шәкәрім поэзиясында қалайша орын алған?
Ынсап,рахым,ар-ұят.сабыр,сақтық туралы ақын не дейді?
8.Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін тақтамен жұмыс басталады. Интерактивті тақтада ақынның өлеңдерінен бір шумақтан шығады,әр топтан оқушы шығып,өлеңді құрылысына,тіліне қарай талдайды.
І топ
Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық ,
Арам айла,зорлықсыз мал табалық .
Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік ,
Бір білімді данышпан жан табалық.
( «Жастарға»)

ІІ топ
Біреу жүр алдап алып қайта малын,
Жалындай тысқа жаққан күнде шалқып.
Көпке пайда тигізіп біреу жүрсе
Ғылым іздеп жап-жатық майдай балқып.
( «Насихат»)
ІІІ топ
Жібектей қап-қара таралған шашың бар,
Бұлдырсыз тап-таза жаралған басың бар.
Қардай аппақ әжімсіз маңдайың кең,
Қынаптан суырған қанжардай қасың бар.
( «Шын сырым»)
9. «Шәкәрім шыңы». Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылап,бекіту.
А) Шәкәрім-лирик. (өлеңдерінің тақырыбы)
Ә) Шәкәрім-аудармашы (кімнің қандай шығармаларын аударған?)
Б) Шәкәрім-эпик (поэмалары)
В) Шәкәрім –сазгер (әндері)
Г) Шәкәрім –жазушы (әңгімелері.романы)
Д) Шәкәрім-тарихшы,ойшыл (зерттеулері,философиялық
Жазбалары).
Үйге тапсырма: Шәкәрім дастандарының тақырыбы мен идеясын зерттеу. «Дана сөздің дарасы» ой толғау .
Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.