.
.
Шәкәрім-ірі тұлға Шәкәрім-ірі тұлға
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1785 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты:
а) оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша алған білімдерін бекіту, қорытындылау, оның қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында алатын орнын, маңызын таныту;
ә) оқушыларды шығарманың эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге дағдыландыру, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру;
б) оқушыларды ақын шығармашылығына құрметпен қарауға, көркем әдебиетті, поэзияны сүйе білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың тегі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, мәнерлеп оқу, пікірлесу, техникалық құрал-жабдықтар қолдану.
Пәнарлық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері.
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, слайдтар, компьютер, Шәкәрім портреті, кітап көрмесі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе сөз.
- Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы бойынша оқып білгендерімізді ортаға салып, жинақтап, қорытындылауға тырысамыз. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі-Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениеті тарихында алатын орны ерекше. Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді.
Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі жұртшылық санасынан аласталмақ болды. Бірақ..өзі өлсе де аты өшпеді. Шығармалары ұмтылған жоқ, бірақ жұрт алдына жарқырап та шықпады. Өлең-жырлары, дастан-хикаялары ел ауызында жүрсе де әдебиет тарихына енбеді.Баспасөзде мүлде атаусыз қалды.
Атауға тиым салынды. Осыған керісінше, ел ішіндегі даңқы өсе түсті.
...Шығармалары сансыз қолжазба, сауатты, сауатсыз көшірмелер арқылы бүкіл қазақ даласына тарапты.Ақсақалдар бас қосқан жиынды жерде,ағайындар мейман күткен отырыста дастандары жырланыпты.Сөйтіп,есімі көмескіленгенмен, еңбегі күнгірт тартпаған ақын туған елінің рухани өмірінен сырт қалмапты.Әйтсе де...жарияның жөні бөлек. Әсіресе жұртшылық тасқа басылған қағазға, көзбен көретін сурет, құлақпен еститін ақпарға біржола ден қойған қазіргі заманда әдебиет дамыды, мәдениет жаңғырды, жаңа ұрпақ өсіп жетті.Соңғы ширек ғасырда Шәкәрім еңбегі тек ортаңғы, ілгергі буындағы санаулы адамдардың ғана жадында тұған еді. Қалың қауымға бейтаныс қалды. Және уақыт озған сайын ұмтылып бара жатты. Ақыры.."Ештен кеш жақсы" дегендей, Шәкәрім есімін қаймықпай атайтын күнге де жеттік.
Ұлы Абай әйгілі "Ескендір" поэмасын "Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?" деген жолмен бастағаны белгілі. Осынау өлең жолын бүгін "Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?" деп сәл-пәл өзгерте қолдансақ...Шынымен де бір сәт ойланайықшы, "Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?" Білсек, кім деп білеміз
«Топтастыру»стратегиясымен жұмыс
«Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?»
Абайдың шәкірті Ойшыл Ақын
Сазгер ШӘКӘРІМ Аудармашы
Тарихшы Лирик
Жазушы Эпик
Әрбір оқушы Шәкәрімнің өзі атаған қырлары жайлы дәлелдемесін айтып шығады
Теңеу. Жібектей қап-қара таралған шашың бар.
Бұлдырсыз тап-таза жаралған басың бар.
Қардай аппақ әжімсіз маңдайың кең,
Қынаптан суырған қанжардай қасыңбар.
(«Шын сырым»)
Эпитет. Кейбіреулер жазады қу өмір деп,
Тұрағы жоқ,алдамшы су өмір деп.
Көрген қызық,қылған іс-бәрі ұмыт,
Иә көлеңке,яки түс,у өмір деп.
Қанатты сөз+
шендестіру. Кісі бағын деме бағым,
Өз денеңді нұрлы қыл.
Ай сықылды болма жарық,
Қарыз алып күн нұрын.
Екі жуан сыймайды жер жүзіне,
Тоғыз кедей сияды алашаға.
5. Шәкәрім Құдайбердіұлы Абайдың эпикалық поэма жасау бағытын жемісті
жалғастырды. Поэмалары: «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Нартайлық-Айсұлу»,
«Ләйлі-Мәжнүн».
Шәкәрім-лирик; 1)Пушкиннен «Дубровский». «Боран»; 2)Толстойдан «Асарходан
патша», «Үш сауал»; 3)Фзулиден «Ләйлі-Мәжнүн».
Шәкәрім-эпик: 1) «Еңлік-Кебек»»; 2) «Қалмақан-Мамыр»; 3) «Нартайлақ пен Айсұлу» (Шығыс сюжеті.Бастан-аяқ ақын қиялының жемісі.Бақытсыз ғашықтар тағдыры).
Шәкәрім-сазгер: 1) «Шын сырым»; 2) «Жастық»; 3) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б. жиырмаға тарта әсем әуезді әндер жазған.
Келесі кезекте Шәкәрімнің музыкасы жайында сыр шерту үшін музыка маманына сөз береміз. (Музыка маманы сөйлейді: «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні орындалады.)
Шәкәрім - тарихшы,ойшыл.
1. « Түрік,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі». ( Қазақ халқының шығу тегі, оның негізін құраған рулар.Автордың алға тартқаны - қазақ қаншама ықылымнан бері атамекен жерінде өсіп,өркендеп келе жатқан, бағзы замандардың өзінде іргелі ел болған жұрт дейтін өзекті түйін.)
2. «Мұсылмандық шарты» (Мұсылмандықты насихаттайтын кітап. Автор пікірінше тәңірінің атауы әр түрлі,табиғаты біреу-ақ, адам баласының жаратылысы,ой-өзегі ортақ,барлық адам- бауыр, ақиқат жолы- жалғыз.)
3. «Қазақ шежіресі».
4. «Үш анық». («Үш анық» мораль философиясына орай жазылған. 1898-1928 жылдар- отыз жыл ізденіп даярланған.1-анық-датшылдық ғылым жолындағы анық;
2-анық- дін жолындағы дүние,таным; 3- анық- ар-ұждан туралы күрделі проблема көтереді. Үш анықтың мақсаты- ар түзейтін бір ғылымды табу.Ар ілімі ынсап,әділет, мейірім- үшеуінен қосылып ұждан щығады дейді.)
Шәкәрім – жазушы. 1. «Әділ - Мариям» (Әйел бостандығы,ескі қазақ аулындағы саяси- әлеуметтік жағдайы туралы.)
Шәкәрім – аудармашы. 1) Пушкиннен «Дубровский», «Боран»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.