.
.
Төлеңгіт негізгі мектебі Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 296 | Просмотров: 2312 | Размер: 21.0 Kb | Автор: ТәрбиеДайындаған: Мурзатаева Мөлдір Абишкановна
Күні:
Сыныбы: 6
Пәні: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»
Сабақтың мақсаты: Романның мазмұнын түсіндіре отырып, композициялық талдау жасау.
Міндеттері:
- Романның негізгі оқиға желісін меңгеріп, ақынның айтайын деген ойын ашады.
- Сыни тұрғыдан ойлауға байланысты міндеттер: шығармаға, кейіпкерлеге сыни тұрғыдан талдау жасайды.
Тәрбиелігі: бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде топтық жұмыстарды орындап, бірлестікке тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрлі емес
Әдісі: түсіндіру, мағынаны ажырату, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау.
Типі : жаңа сабақты жан- жақты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақын портіреті, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа әзірлерін тексеру.
Мағынаны толық тану сатысы.
• Шығарманың тақырыбы мен идеясы.
• Кейіпкер бейнесі
• Шығарманың құрылысы
Балалар, мына портіретте біз кімді көріп тұрмыз?
- Дұрыс айтасыңдар, біз өткен сабақта танысқан жазушы Шерхан Мұртаза.
- Біз Шерхан Мұртазаның қандай шығармасымен таныстық?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта берілген тапсырмаларды кім орындап келді?
Тірек – сызбамен жұмыс (өмірбаяны).
Баяндаудың жоспары.
Мазмұндау.
Бекіту.
Кейіпкерлер бейнесі.
Балалар бізде кейіпкерлер бейнесі нешеге бөлінеді? /2-ге/
Дұрыс айтасыңдар, ал енді біз осы кейіпкерлерді тауып, дәптерімізге жазып алайық.
Қазір мен тақтаға кейіпкерлер бейнесін жазатын парақты ілемін , сендер кезекпен шығып кейіпкерлер есімін жазып шығасыңдар.
Негізгі кейіпкер Қосалқы кейіпкерлер
/Тұрар/ / Қырғызбай, Салиха, Иван Владимирович, Атамырза /
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мазмұнын түсіндіріп шығамын.
Шығарманың құрылысын талдау
/Мен алдарыңа дайын тірек сызбаны беремін, ал сендер шығарма құрылысын талдап жазып шығыңдар)
Экспозициясы
/басталуы/ Байланысы немес дамуы Шиеленісуі Шарықтау шегі Оқиғаның шешімі
/кезекпен жауаптарын оқиды/
Балалар, оқиға желісін, дамуын шығарманың арқауы дейді. Ал, шығарманың арқауы екігі бөлінеді.
/дәптерге жазу/
Сюжетті шығарма Сюжетсіз шығарма
Оқиғалы шығармалар Оқиғасыз шығармалар
Балалар, қандай шығармаларды оқиғалы шығармалар дейміз?
(роман, ертегі, батырлар жыры, әңгімелер, хикаялар)
Ал, қандай шығармаларды оқиғасыз, яғни сюжетсіз шығармалар дейміз?
(көңіл- күйге байланысты жазылған өлеңдер, Лирикалық өлеңдер)
Бірақ балалар бұл өлеңдердің өзіндік құрылысы мен компазициясы болады.
Ал, Шерхан Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасы қай түріне жатады.
/Дұрыс, айтасыңдар. Ол сюжетті шығармаға жатады./
Балалар, осы шығармада басымырақ келетін монолог пе әлде диалог пе?
/Диалог басымырақ келеді/
1. Диалогтан үзінді оқыту.
2. Монолг бар жерін тауып ал.
/ дәптермен жұмыс/
- Қырғызбай деп жаз, қарағым.
Бала сазарып қалды.
/тұрақты тіркес/
Естіген сөзді ұмытпа!
1. Өз кіндігінен оқуға түсер бала жоқ.
2. Сөзі ірі болса да, зілі жоқ.
3. Меркедегі сыйлы кісілердің бірінің тұқымы.
4. Тұрардың ойында: «Енді қайтып бұлармен бірге боламын ба, жоқ па?» деген сұңғыла сұрақ тұрды.
Мына бір жердегі үзіндіні оқимын сендер қандай әдіс бар екенін тауып алыңдар.
- Атың кім? – деді Әліпбек қағаз- қаламын алып.
- Тұрар.
- Әкесінің аты кім?
- Кемпір жақсы көретін қайнысының атын атай алмай, амалсыз тілі байланып тұріп, шалына:
- Айтсаңшы –ей! – деді.
/ қазақ тіліндегі табу әдісі, келіннің қайынысының есімін атамау/
Бекіту.
Қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өзі туралы таным деректен не білеміз?
/мазмұндау/
Қорытындылау.
Бала Тұрардың арманы қандай еді?
/оқу/
Үйге тапсырма.
Мазмұндау 232-234 бет. Сұрақ тапсырмаларға жауап жазу.
Бағалау.
Сабақ аяқталды.
Сау блыңыздар!
Сюжетті Сюжетсіз
шығарма
Оқиғалы Оқиғасыз шығармалар
Шығарма құрылысына талдау.
Экспозициясы
/басталуы/ Байланысы
немес
дамуы Шиеленісуі Шарықтау шегі Оқиғаның шешімі
Тегі: ---------------------------------------------
Есімі:------------------
1. Өз кіндігінен оқуға түсер бала жоқ.
2. Сөзі ірі болса да, зілі жоқ.
3. Меркедегі сыйлы кісілердің бірінің тұқымы.
4. Тұрардың ойында: «Енді қайтып бұлармен бірге боламын ба, жоқ па?» деген сұңғыла сұрақ тұрды.
- Қырғызбай деп жаз, қарағым.
Бала сазарып қалды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.