.
.
Пән: қазақ әдебиеті 10-класс Мерзімі: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 584 | Просмотров: 4076 | Размер: 24.4 Kb | Автор:Тақырыбы: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы (1835-1865 жж)
Жалпы мақсаты
Топтық жұмыс арқылы, тарихпен байланыстыра отырып, Ш.Уәлихановтың өмірінен мәлімет беру;
а) Қажырлылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
ә) Шоканның істеріне қызығушылықтарын оята отырып, қайта жаңғырту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Оқу нәтижесі Топтық қарым-қатынаста жұмыс жасайды.
Тұңғыш саяхатшы өмірінен мәлімет алады.
Тарихи мағлұматтар алады.
Түйінді идеялар Оқушылар тақырыпты өздері меңгереді, бір-бірінің айтқанынан тұжырым жасайды.
Ресурстар «Тілек тілеу» тренингі
Тірек сөздер: «Махамбет», «Дулат», «Шортанбай», «Мұрат»
Маркер,постер, плакат, слайд
Сабақ мазмұны
Кіріспе
(сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары) 10 минут 1. Психологиялық тренинг. «Тілек тілеу»
2. Топқа бөлу: Тірек сөздер: «Махамбет», «Дулат», «Шортанбай», «Мұрат»
3. Үй тапсырмасын сұрау. (Көк, қызыл қағаздар)
«Бос орындық» (Диологқа түсу) М.Мөңкеұлы туралы жалпы не білесің? Ортаға сал.
Жаңа материалдың таныстырылы
мы І. «Жүйрік ой» жаттығуы «4 кескін, 1 сөз»
(Сабақтың тақырыбы анықталады)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс (Топтық жұмыс) Әр топқа тақырыпшалар бөлініп беріледі. (7 минут)
1. Шоқанның жастық шағы («Махамбет») тобы
2. Шоқанның еңбек жолы («Дулат» ) тобы
3. Қашқарияға саяхат («Шортанбай») тобы
4. Шоқан және оның орыс достары («Мұрат» тобы)
Әр топ тақтада жұмысын қорғайды.
Жаңа материалды қолдану
Сергіту сәті.
«Жылдар сөйлейді» (сабақты бекіту) (слайд)
1835 жыл Ш.Ш.Уәлиханов дүниеге келді
1847-1853 жж Омбыдағы Кадет корпусында оқыды.
1852 жылы И.Н.Березинмен танысты.
1853 ж. Омбыдағы генерал-губернатор Г.Х.Госфорттың адъютанты болып қызметке орналасады.
1854 ж. Жетісу жерін, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін аралады.
1856 ж. Қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына саяхатқа шығады.
1857 ж. Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі
1858-1859 жж Қашқария сапары.
1858 ж. Шығыс Түркістан шекарасына жетеді.
1859 ж Ресейдің сол кездегі астанасы Санкт-Петербургке барып,
1861 ж. дейін тұрады.
1863 ж. Омбыдан сот реформасын жасау туралы халық пікірін әзірлеу құрамында қызмет атқарады.
1864 ж. Генерал М.Г.Черняевтің жорығына қатысады.
1865 ж. Шоқан өкпе ауруынан қайтыс болады.
Қорытынды
Рефлексия: «Мен ойлаймын, Шоқан – ұлы саяхатшы, себебі...»
Үй тапсырмасы. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы қосымша дерек іздеу Кері байланыс
Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі
Жасыл – түсіндім, сары- қосымша түсіндіру керек, қызыл – түсінген жоқпын. Үш шапалақ
[color=blue]
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.