.
.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10 Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 403 | Просмотров: 3042 | Размер: 57.0 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты:
Білімділік:қазақ ғылымының шоқ жұлдызы Шоқан Уәлихановтың өмірінен, шығармашылығынан ақпарат беру
Дамытушылық-оқушыны өз бетімен іздене оқуға,топпен жұмысқа үйрету,жеке тұлғаны өз пікірін қорғай білуге баулу;
Тәрбиелік- ғылымға құштарлығын арттыру арқылы ақыл – ой тәрбиесін беру, ұллтық теңгені дәріптеуге баулу.
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.Оқушыларды түгелдеу,сабаққа қатысымын бақылау.
ІI. Қызығушылығын ояту.
• Оқушылар сіздер 10 теңгені ұстаған кезде ойларыңызға не тұседі?
Хаттар сөйлейді
• Г.Н.Потанин: Шоқан бізден бір жыл төмен оқыса да, біз өзімізді оның қасында сары ауыз балапан ретінде сезінуші едік. Ол өзі көп білетін, бізден артықшылығын достары арасында көрсете де бермейтін. Бірақ реті келгенде оның білімінің мол екені байқалып жататын.
• Н.И.Веселовский: Ш.Уалиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, мезгілсіз өлімі біздің мол үмітімізді үзіп кетті.
ІІІ. Мағынаны тану. «10 теңге» мәтінін өз беттерімен оқып шығады, кейін кестеге түсіреді
А) Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы.
Абылай (100 теңге туралы білетіндерін сұрау)
Уәли
Шыңғыс
Шоқан
Хронологиялық кесте
1835 жылы қараша айында Қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген
1847 – 1853 жылдары Омбы Кадет корпусында білім алған
1853 жылы Омбы генерал – губернаторы Г.Х.Гасфорттың адьютанты болып қызмет етеді.
1854 жылы Жетісу, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелерін аралап, саяхатқа шығады.
1856 жылы Шоқан қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына сапарға шығады.
1858 жылы Шығыс Түркістанға (Қашқарияға) сапарға шығады.
1857 жылы,
17 ақпанда Орыстың императорлық географиялық қоғамына толық мүше болып сайланды.
1859 – 1861 жылдың көктеміне дейін Ресей мемлекетінің сол кездегі астанасы Санк – Петербургте тұрады.
1864 жылы Генерал М.Г.Черняевтің әскери жорығына қатысады.
1865 жылы Дүниеден озды.
Тың мәлімет.
• Шоқан інілері
• Сақыпкерей “Қозыке”-жас кезінде қайтыс болған.Музыка өнерін жоғары бағалап,
• қастерлей білген.Әйгілі болған әндері “Ай көкек”, “Топай көк”, “Көкенің аманаты”.
• Мақажан “Мақы” суретші болған.
• Махмұт орыс және батыс Европа классиктерінің шығармаларын жастайынан құмартып көп оқыған.
• Саяхатшы ғалым Шоқан Уәлихановқа сіңірген еңбегі үшін штабс-ротмистр атағы беріліп,IV дәрежелі қасиетті Владимир ордені қоса тапсырылып,500 сом күміс ақша және бір жолғы жәрдем көрсетіледі.
Қызықты мәлімет: 1. Ұлттық валюта күні қараша айында болса, Ш.Уәлиханов та сол қараша айында дүниеге келген.
4. Толғаныс. 1. «Шоқан кім?» деген сұрақ төңірегінде ойымызды жинақтайық
2. Егер сөзге ақша шығару құқығы қолыңызға тисе, кімді бейнелер едіңіздер?
Үйге тапсырма.
1. Шоқан мұраларын зерттеушілер».
2. ғалымға қойылған ескерткіштер мен мұражайлар.
3. Шоқан туралы лебіздер.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.