Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шығамын тірі болсам адам болып... -

Шығамын тірі болсам адам болып...

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 284 | Просмотров: 2427 | Размер: 52.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Шығамын тірі болсам адам болып...
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Сұлтанмахмұт шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу, оқу – білімнің маңызын түсіне білуге үйрету;
Дамытушылық – жеке тұлға ретінде оқушылардың жасампаздық қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік – оқушыларды өз ойын ашық айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сана сезімнің еркіндеуіне тәрбиелеу.
Сабақтық түрі: аралас сабақ
Әдіс – тәсілі: түсіндіру,сұрақ – жауап,баяндау, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, шығармалар жинағы,жазылған рефераттар,таблица , кітап көрмесі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) сынып даярлығын тексеру;
ә) кезекші арқылы түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау: Жамбылдың «Ленинградтық өнерім» өлеңінің мазмұны, екі – үш оқушыға мәнерлеп, жатқа оқыту.
Жаңа сабақты түсіндіру. ХХ ғасырдың алакеуімінде қазақ әдебиетінің көгілдір көгінде жарқ етіп көрініп ағып түскен жарық жұлдыздардың бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Жоқшылықта өсіп, қиыншылықты көп көрген, өмірден ерте қыршын кеткен асыл азаматтың, жалынды ақынның артында қалдырған ұлан ғайыр мұрасы оны қазақ әдебиетінің классиктері қатарына қосты.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – туған халқының көрікті келешегін сырлы сөзімен де, баянды ісімен де барынша күрескен «елім» деп еңіреп өткен ақын. Ақын өз атынан сөйлей отырып сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат – мақсатын, арман- аңсарын жырға қосты.
«Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін өзінің ұстазы Нұрғалиға арнаған. Сұлтанмахмұттың өміріне өзгеріс лебін сепкен адамның бірі – Нұрғали Бекбауов. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Ол жас шәкіртінің ақындық қабілетін ,алғырлығын, ғылым – білімге құштарлығын танып біліп, қалаға барып оқуға кеңес береді. Ұстаз ақылымен Сұлтанмахмұт 1912 жылы 9 қыркүйекте туған жерімен қош айтысып оқу іздеп Тройцк қаласына бет алады. Білімге шөліркей жеткен шәкірт іздегенім табылды,енді дегеніме жетем, халқымдағы надандықты, қараңғылықты жоям деп – өз-өзіне серт бере отырып, өзін ғана қарап қоймай,жастарды да адам болып.
Оқулықпен жұмыс. Екі үш оқушыға мәнерлеп оқытамын, содан соң өлеңмен жұмыс жүргіземін. Өлеңде кездесетін кейбір сөздердің түсінік ала отырып өзім толықтырып дәптерлеріне жазғызамын.
Дәптермен жұмыс. Сәуле қуған – білім іздеген; белді буған – талаптанған, ұмтылған; асылық айту – артық сөйлегенім емес; надандықты тебу – қараңғылықты жеңу,оқу , көңілге тоқу.
Өлең құрылысына талдау жасатамын. Өлең 3 шумақты,12 тармақты, 11 буынды қара өлең.
Шығамын / тірі болсам / адам болып // а-11
Жүрмеймін / бүл дүниеде / жаман болып // а-11
Жатқаным / көрде тынып / жақсы емес пе // ә-11
Жүргенше / өмір сүріп / надан болып // а – 11
- Балалар, сонымен адам болып жарыққа биікке қол созу үшін бізге ең әуелі білім керек екен. Ендеше сендердің білімдеріңді саралау үшін , төмендегі тапсырмаларды орындауларың керек, ол үшін біз әдеттегідей екі топқа бөлінеміз : «Білімділер» тобы; «Тапқырлар» тобы.
1-тапсырма.
1. Надандықты тебу сөзінің құрамына талдау жаса
2. Сәуле қуған сөзіне фонетикалық талдау жаса
2-тапсырма
Жаман сөзінің синонимін тап, мақал ойла.
(жаман достан таяғым артық
Жаман аттан аяғым артық)
3. Тірі сөзінің антонимін тап, мақал ойла
Тірі – өлі. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық).
3-тапсырма
1. Сұлтанмахмұт кім? Топтастыру стратегиясымен жұмыс.
2. Сұлтанмахмұт пен Абай.
4-тапсырма.
Сөзжұмбақ шешу. Ерекше торкөзден бүгінгі сабақта Сұлтанмахмұт армандаған , қол жеткізгісі келнен биіктің шешуін таба аласыңдар, әрине егер дұрыс шеше алсаңдар:
1. Қазақтың бас ақыны
2. ..... болмай, тірлік болмас.
3. Келешек сөзінің синонимі.
4. Адамға қажетті.
5. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер
6. Жеке сөзінің синонимі
7. Бала артта қалған









1. Қысқа сөзінің антонимі
2. Сұлтанмахмұттың Троицкіге баруына ықпал еткен ұстаз.
3. Ыстық,аңызақ сөздерінің синонимі
4. Күндері ең аз ай аты
5. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі







Сабақты бекіту.
- Сонымен біздің білімді ұрпақ кім болғысы келеді екен? «Кім боламын?»
тақырыбында ой толғау жазу. (ой толғау жазып жатқанда бәсең үнмен күй ойнап тұрады)
Сабақты қорытындылау.
1. Сұлтанмахмұт қанша жыл ғұмыр кешкен?
2. Осы қысқы гұмырда нені мақсат етті?
3. Өлеңнің мазмұны өздеріңе қалай әсер етті?
4. Біздер нені мақсат етіп, неге қол жеткізу жолында жұмылудамыз?
Дамыған елу елдің қатарына кіруде сендер де өз үлестеріңді сапалы білімдерің мен айқындай беріңдер.
Үйге тапсырма:Сұлтанмахмұт шығармашылығын түсініп оқу, өлеңін жаттау.
Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуын айта отырып бағалаймын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.