.
.
Ашық сабақ: "Құстар" Құстар
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1738 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы: Құстар
Сабақтың мақсаты: Құстар туралы білімдерін кеңейту
Міндеттері:
1. Құстар туралы жалпы түсінік беру
2.Оқушылардың дүниетанымын, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеулерін
дамыту.
3. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, құстарға қамқоршы бола білуге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: құстар туралы слайд, ермексаздан жасалған аққудың мүсіні,мазмұндауға арналған қысқаша мәтіндер, құстың қауырсыны,құстың жұмыртқасы, оқулық
Сабақта қолданылған әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, меңгерту.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
А) сәлемдесу
Ә) оқушыларды түгендеу
Б) үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім: Ендеше үйге қандай тапсырма берілді?
Оқушылар: 113-беттегі, 4 жаттығу
Мұғалім: 1 оқушыға 1 сөйлем оқытып, қалған оқушыларды шолып шығамын. (осы кезде оқушыларға кеспе қағаздарын таратып қоямын).
ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұл сабақта оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейтіп, тіл байлыңғын артттыру. Тахауи Ахтановтың өмір жолы.
Құстар, құстар келеді,
Жерді шуға бөледі.
«Көктем келді !» - деп бізге
Жақсы хабар береді.
2 жаттығу. Туған жерде кездесетін құстарды атаймыз.
1 сөздікпен жұмыс.
Алаң – поляна
Аққу – лебедь
Шағын – небольшой
Бейбітшілік – мир
Сайрады – пели
Жібермеді- не пустил
IV. Сергіту сәті.
Ептеп- ептеп жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай, торғай, томпаң- томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін.
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал,
Енді менің әңгімеме құлақ сал.
2. Сен білесің бе?
2.Құстарды зерттейтін ғылым- орнотология.
3.Қырағы құс сұңқар, ең үлкен құс- түйеқұс.
4.Күн көзіне тура қарайтын құс-бүркіт, ең жүзгіш- пингвиндер.
5. Аққуды атпа!
3. Топпен жұмыс.
Жұмбақтар жасыру, шешуі конвертте
1- топ
Ала шапан киеді,
Қыпылықтап жүреді.
Секектеп бір тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды.
Қалдықты жеп тауысқан,
Аты оның...........( Сауысқан)
2- топ
Өзі кішкентай , өзі әдемі,
Ертегінің кейіпкері.
Ал, айта қойыңдаршы,
Бұл қай құс?.........(Қарлығаш)
Сергіту сәті.
2. Құстар қалай дыбыстайды.
1- топ 2-топ
Тауық- қыт-қыттайды Әтеш- шақырады
Қарға- қарқылдайды Тырна- тыраулайды
Бұлбұл- сайрайды Сауысқан- шықылықтайды
Торғай- шиқылдайды Көгершін- уілдейді
Қарлығаш- шықылықтайды Шағала- шаңқылдайды
III. Сабақты қорыту.
- Бейбітшілік құсын білесіңдер ме?( Көгершін)
- Ендеше, сол құс туралы әнді есімізге түсіріп, орындап көрейік.
- Табиғатта қандай құсқа ұқсағыңыз келеді. Суретін сал.
Үйге тапсырма: өздеріңе ұнайтын құстың суретін салыңдар.114беттегі 3 жаттығу
Сабақты аяқтау. Жақсы тілектер айту.
Бағалау.
№5 орта мектеп
Ашық сабақ
«Құстар»
Өткізген: Қуанова С К
2012-2013
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.