.
.
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,Бірлік аулындағы №55 С.Қожанов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Наурызованың ашық сабағы. Ә.Тәжібаевтың «Толағай» дастаны
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 271 | Просмотров: 1560 | Размер: 9.8 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаевтың «Толағай» дастаны
Сабақтың түрі:Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі:Баяндау, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі:Мультимедия
Пәнаралық байланыс:Тарих, қазақ тілі, география.
Сабақтың барысы: а) білімділігі:Оқушыларға Ә.Тәжібаевтың «Толағай» шығармасын
меңгерту.
ә)тәриелілігі:Оқушыларды дастан арқылы батырлыққа, ерлікке,
отаншылдыққа тәрбиелеу.
б)дамытушылығы:Оқушылардың білімдерін арттырып,
қызығушылығын ояту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасу.
2.Сынып іші тазалығына көңіл бөлу.
3.Оқушыларды түгелдеу.
4.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген Ә.Тәжібаевтың «Толағай» дастаны жөніндегі тапсырма бойынша тест сұақтарына жауап ала отырып бағалаймын.
Тест сұрақтары.
1.Ә.Тәжібаев қашан туылды?
А) 1905ж В) 1909ж С) 1910ж
2.Толағай неше жасында садақ тартты?
А) 7 В) 9 С) 11
3.Толағай әкесімен қайда шықты?
А) Аңға В) Соғысқа С) Қонаққа
4.Саржан қандай аңмен күресті?
А) Қасқыр В) Арыстан С) Жолбарыс
5.Толағай әкесін қалай құтқарды?
А) Аңды атып өлтірді В) Аңды көрге лақтырып жіберді С) Аңды қақпанға түсірді
6.Толағай жеңген аңын не деп ойлады?
А) Мысық В) Сілеусін С) Жолбарыс
7.Дастандағы жаңбырлы өңір қайда?
А) Сыр бойы В) Тарбағатай С) Жетісу
8.Жыр қалай аяқталды?
А) Толағай сүрініп қайтыс болды В) Толағай мұрат-мақсатына жетіпті
С) Толағай 100 жасады
ІІІ.Жаңа сабақ
А) Ой қозғау. Сөзжұмбақ шешу.
Т А Р Б А Ғ А Т А Й
Ж О Л Б А Р Ы С
Қ Ы З Ы Л О Р Д А
С А Р Ж А Н
Б А Ғ А
Ә Б Д І Л Д А
А Й М А Н К Ү Л
СҰРАҚТАРЫ:
1.Толағай жырындағы айтылатын жаңбырлы өңірді ата?
2.Толағай қандай аңды жеңді?
3.Ә.Тәжібаевтың туған жері?
4.Толағайдың әкесі кім?
5.Сабақ айтқанда не қойылады?
6.Дастанның авторының аты кім?
7.Ә.Тәжібаевтың шешесіның аты кім?
Сөзжұмбақтың жауабын тапқанда ТОЛАҒАЙ сөзі шығады.Толағай тауының Қазақстанның аласа тауларына жататындығын айтып өтемін .Енді үш қатарға тапсырмалар бере отырып .Сабағымызды жалғастырамыз.
Ә) Мағынаны тану.
Жерлесіміз Ә.Тәжібаев атамыздың ТОЛАҒАЙ дастаны жайлы біршама хабардар болдың. Енді осы дастан бойынша жұмыс жүргізіп көрейік.Үш қатарға үш түрлі тапсырма беріледі.
1-тапсырма
1.Толағайға мінездеме бер
2.Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?
3.Толағайды бұрынғы оқыған ертегі кейіпкерлерімен салыстырыңдар.
2-тапсырма
1.Жырдан Толағайдың өсуі туралы үзіндіні тауып оқиды.
2.Жырдан Толағайдың ерлік істерін тауып оқиды.
3.Сурет бойынша мәтін құрайды.
Келесі тапсырма үш қатарға бірдей болады.
«Толағайға хат»
Мұнда оқушылар жырдың бас кейіпкеріне өз тілектерін, ойларын хат арқылы жеткізеді.
Б) Ой толғау. ІV.Қорытындылау кезеңі.
Толағай ерлік туралы аңыз екенін білдік.Толағай батыр.Ол елі үшін жанын қиды.Дәл сондай елі үшін жанын қиған өзге де ерлеріміз жетерлік.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.