Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Табандылық -

Табандылық

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 402 | Просмотров: 1551 | Размер: 56.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың жоспары №
Мұғалімі: Р.Б.Есенаманова
Күні: 06.02.2013
Сыныбы: 7 «А»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Табандылық
Сабақтың мақсаттары:
1.білімділік: мәтіннен мағынаны ізденіп тануына , үйренгенін сараптай танытуына реттілікпен үйрету;
2.дамытушылық: балалардың тақырыпты сан қырынан қарауын , тілге бейінін жаңашылдықпен арттыру
амалдарын ұйымдастырумен оларға өзіндік танымға , үйрену дағдысына жаттықтыру;
3. тәрбиелік: адамдық қасиеттерді құрметтеуге, еңбекті тану мен алдына мақсат қойған кейіпкерге ұқсауға ,
талапшылыққа тарту , үлгі ете үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: тіл дамыту
Сабақтың көрнекіліктері: Әбу Насыр әл Фараби туралы деректер , толық есімі мен дидойын мен кей жұмыстарға қағаздар , ватман мен түрлі қағаз , таратуға арналған кеспелер

уақыты сабақтың жалпы барысы жұмыс түрі мәселе туындатар жәйттер
2-3 минут Оқушының бар – жоғын , құрал – жабдығын реттеуі амалдарын жүргіземін:
орынға жайғау , талабына қарай отырғызу т.б. ұйымдастыру
5-7 минут Үй тапсырмасын сұрап , танымдық сөз тіркесін , кейбір сөйлемді тақтаға жаздырамын:
1.Отырардың қай тумасын кешегі сабақта сөз еттік?
(ОҚО Отырар қаласынан шыққан дарын Әбу Наыср әл Фараби туралы деректерді таныдық.)
2. Оның толыққанды есімі қалай аталған?
(Отырарда туған аса дарын иесінің толық есімі : Әбу Насыр ибн Мухаммед Тархан ибн Узлағ әл –Фараби деп келеді.)
3.Отырарда тек Әбу Насыр әл Фараби ғана атақты ма?
(Оның шәкірттері мен қатарластары көп: Ибн Рушид , Ибн Сина , Омар Һаям,
Роджер Бекон , Леонардо да Винчи .т.б. екі түрде де Тақтаға есімін , оның үзеңгілестерін тізбелеуі керек
5 минут Отырарда кезінде үлкен кітапхана қор болыпты. Сонда әскери қолбасшының отбасында дүниеге келген Әбу Насыр әл Фараби оқуды біржола өзіне серік еткен .Ол әлемге әйгілі Шам , Бұқар , Орта Азия мен Қазақстанның небір жерлерінде білім арттырған. Хиуа мен Кабулде, Бағдат пен Мысырда , соңғы жылдарын Бағдат пен Дамаскіде өткізіпті. Ана тілі —қыпшақ тілі болған ол өз ізденісімен бірнеше шетел тілдерін танып , сол тілдерде ғылыми еңбектерін жазған да. Музыка , философия , жаратылыстану мен астрономияға көп еңбек сіңірген тың тума ғалым болған. ауызша Ол жүрген жерлер мен оқып білім алған басты қалалардың атауын А-4-пен тақтаға ілемін , есінде қалдыру мақсатымен.
5минут (қосымшадан) 17-беттен «Табандылық» мәтінін оқытып , ол туралы жаңа танымдық жұмыстарды орындауға дайындаймын. іс жүзінде А-4 -тердегіні тарату мен сөздікті соңынан көшіруді білдіру
20 минут Жұмыстың мазмұнын төмендегі ретпен жасатамын:
1.Мәтінді оқу мен оған синхронды аударманы алма – кезек жасатамын.
2. Осы оқығаныңнан 7 сөзді дәптеріңе тез жазып , дауыстап оқып танытшы , нені таныдың?
3. Дидойынға тартамын: «Қайта –қайта келеді мына әріп!» арқылы айтылуы мен жазылуында қиындық туғызатын әрі күрделілеу , әрі тірек сөздерге қайталау жасатамын.
«қанағаттанбайды да тағаттанбайды» -- қ , ғ , тт туралы пысықтау .
«ұнап қалады я ұрлап алады» -- ұ , ы
«табандылық па , мақтаншылық па» -- қ , ы , + лық жұрнағы қызметі
«философ я киноскоп» - термин мәні туралы пысықтатамын , жазуына , тілінің сол сөздерді дұрыс айта білуіне зейін қойдырамын. екі түрде Тақтаға жазуға ұсынамын:

қанағаттанбайды тағаттанбайды- қ,тт , ғ

ұнап қалады я ұрлап алады – ы , ұ , қ.

табандылық па мақтаншылық па -+лық , қ , ы.

философ пен киноскоп –термин сөз
10 минут Дидактикалық ойынмен оқығанды пысықтата кеп , үй тапсырмасына дәнек жұмысқа апарамын.
Д/о «Несі артық?» -- жанды сөз жаздырамын

екі түрде де Тақтаға , дәптерге де
бірінші бағаннан «ғылымға» , екіншіден «білікті философ» пен үшіншідегіден «мағына» сөздерін алып қалдар отырып , бір тақырыптық сөйлем жаздырамын.Жобада
«Әбу Насыр білікті философ ретінде ғылымға жаңа мағына әкелді»
Оқушылардың жұмыс нәтижесі:
тапсырма мотивациясы төмен деңгейдегі балалар тақырыптық танымға бейімділері жоғары икемі барлар
/мүмкіндігі бар оқушылар
Ғалымның ізденісін , оқуға құштарлығын тануға тартып , мағынаны атауға дағдыландыру , дұрыс сөйлеуді үйрету аудармаға , оқу мен тірек сөзге қабілетті болса , үнемі тақтадан үлгі ала алса өзіндік білікті аудармалауда , қазақ тіліне тән әріп тану мен ғалымнан нені танығанын өз сөзімен жеткізгені болса дидактикалық жұмыстың барлығында аса тиянақты жауаптарды айта алып , жазу өзгеге үлгі болса
Үй тапсырмасы:
тапсырмалар үйренуге мотивациясы жоғарыларға қалыпты деңгейдегі үлгерушілерге нашар үлгерушілерге немесе
үйренуі қиындық туғызушыларға
Оқушы мүмкіндігін есептей тапсыру - өзіндік сенімге қарай дағдыға апару үшін мынаны даралап тапсырамын осы оқығанды осындағыға келтіре аудармалауды , сөздікті тануды +тірек сөйлемді тану мақсатында сол бір сөйлемге грамматикалық талдау жасауды ауызша таныта тапсыру +сол тірек сөйлемді таратып толықтыруға , синталдауын жазып орындауды
1. Оқушыларды мақтап , тиісінше бағалаймын.
2. Сабақта дайындық пен тәртіптің болуын атап , келуші қонақтармен сабақтың мазмұнын , мұғалімнің әдістеме лайық жұмысын қорытындалауға қатыса кеп , керекті дәйектерді жазып аламын.

---Әбу Насыр білікті философ ретінде ғылымға жаңа мағына әкелді»

1.----Отырардың қай тумасын кешегі сабақта сөз еттік?
(ОҚО Отырар қаласынан шыққан дарын Әбу Наыср әл Фараби туралы деректерді таныдық.)

2.--- Оның толыққанды есімі қалай аталған?
---(Отырарда туған аса дарын иесінің толық есімі : Әбу Насыр ибн Мухаммед Тархан ибн Узлағ әл –Фараби деп келеді.)

3---.Отырарда тек Әбу Насыр әл Фараби ғана атақты ма?
----(Оның шәкірттері мен қатарластары көп: Ибн Рушид , Ибн Сина , Омар Һаям,
Роджер Бекон , Леонардо да Винчи .т.б.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.