Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тіл - халықтың жаны -

Тіл - халықтың жаны

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 353 | Просмотров: 2255 | Размер: 18.5 Kb | Автор:
. Тіл - халықтың жаны
Тіл - әрбір ұлттың өзіндік төл болмысын білдіретін, тарихтағы орнын анықтайтын, өмірлік және шығармашылық қайталанбастығын паш ететін құрал. Тіл - сол елдің тағдыры. 20 жыл бұрын тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, барша қазақ мәре - сәре болып еді. Дегенмен, қазіргі таңда қазақ біткеннің бәрі өз ана тілін құрметтеп, қадірлеп жүр деп айтсақ, ол жалған болар еді.
Тіл жөнінде айтылып та, жазылып та жүргені рас, алайда, мұның бәрі өз қандастарымыздың жүрегіне жетпеген тәрізді. Көшедегі жұртшылыққа назар аударсақ, өз ана тілін шұбарлап сөйлеп тұрғанын көргенде, бір сәт болашаққа сенімсіздікпен қарайсың. Тіпті, қатесіне көз сүрінер жарнамалар, дүкендер, дәріханалар маңдайшасындағы жазуларға қарап, қарадай қарның ашады. Ана тіліміздің жағдайы жақсарды дегенмен, қазақша сөйлесең, бетіңе бажырая қарайтын қандастарымыз әлі де кездеседі. Экономикаға басты назар аударамыз дегенді желеу етіп, ұлтымыздың мәдениетін, әдебиетін, мәдениетін, өнерін екінші орынға сырғытып тастау да жоқ емес. Еліміздің тілі де, болашағы да өзіміздің қолымызда. Қасиетті Құран Кәрімде «Өзін - өзі қорғауға ұмтылмайтын ұлтқа Құдай көмектеспейді» - деген сөз бар екен. Сол себепті әрбір ұлт өз ұлтының тілін, дінін, ділін, дәстүрін, салтын бірінші орынға қою керек .
Қандай адам болмасын, оның ой - өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани жан дүниесінің қаншалықты дәрежеде екенін оның сөйлеген сөзі мен жазған жазуынан байқауға болады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» - деп ғұлама данышпан ақын Абай атамыз тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам - өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, өз тілін жоғары деңгейге көтеріп, өз мәдениеті мен сөз құдіретін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп өтеді.
Елбасы айтқан: «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» - деген сөзін көкейіне берік байлау етері сөзсіз. Тіл - халықтың жаны, демі, тынысы. Тілдің арқасында ұлт адамы, оның мінез - құлқы, жан жүрегі қалыптасады. Тілі жоғалған халықты, ұлт, халық деуге болмайды. Қазақ халқы тілімізді өзімізді дүниеге әкелген өмірдің нұры мен шуағы - Анаға теңейді. Бұл дүниеден Анадан ардақты, Атадан қасиетті ешкім жоқ. Ана мен Ата қандай қымбат болса, Ана тіл - Қазақ тілі де сондай қымбат. Кешегі Кеңес кезіндегі бар олқылықты саясатқа жауып, бар кінәні сол кездегі саясаттан көріп едік, 20 жыл жеке дара Тәуелсіз ел болып өмір сүрсек те, Ана тіліміз - Қазақ тілі неге өз дәрежесінде өркен жайып жатқан жоқ. Себебі өзге елдің мәдениетіне еліктеп, өздерінше мәдениетті болуға талпынған азаматтар арамызда көбейіп барады. Тіл - адамның Отанына деген сүйіспеншілігін арттырудағы басты факторы. Ал бұл фактор жойылған жерде тілге белгілі бір деңгейде қауіп төнеді. Егемендікті аялайтын әрбір азамат осыны жақсы білуіміз керек. Өйткені тіл - бабалар аманатына адалдық танытуымыз, бүгінгі біздің бақытымыз, ұрпақ келешегі.
Тіл - билік құралы. Біз қай тілде сөйлесек, сол тіл билік етеді. Ойпаттан орыс, қиырдан – қытай келіп, орысша немесе қытайша сөйле деген емес. Дей де алмайды. Демек, өзге тілде сөйлеуге әуестік - ол өзінің ана тілін, мемлекеттік тілді мойындамаудан деп білгеніміз жөн. Қазақ тілінің қоғамдық өмірімізде атқарар аса маңызды орнына толық ие бола алмай отыруының басты себебі - ұлттық рухымыздың семіп бара жатуы. Халықаралық қауымдастықта дербес саясат жүргізіп отырған тәуелсіз ел болған соң, еліміздің еңсесі биік болғаны абзал. Ел абыройы рухымен асқақ. Ал рухымыз - тікелей тіліміздің аясында ғана жүзеге асады. Мұстафа Шоқай: «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл» деп бекер айтпаса керек.
Соңғы кезде елімізде «Үш тұғырлы тіл» деген түсінік пайда болып, барша жұрт өзге тілді білуге ұмтылуда. Көп тіл білген жақсы ғой, бірақ өз тілін сорлатып, өзгені жарылқағанға не шара?! Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деп, көрсетіп берді. Ұлттық рухымызды асқақтату - әрбіріміздің қасиетті борышымыз. Тіл - ұлттың қаны, абыройы. Президентіміз БАҚ басшыларымен өткізген сұхбатында толғағы жеткен мәселелерді қозғап, халыққа үлкен әсер қалдырды. Елбасы: « Қазақтың қазақтығының басты белгісі- қазақша сөйлеу. Үйде де, түзде де. Баласымен де, немересімен де. Досымен де, туысымен де. Бажасымен де, құдасымен де. Тек осыны жасаған адамның өзі ана тілін өркендетуге өзінің титтей де болса үлесін қоса алады». Бұл - Елбасымыздың азаматтық ұстанымы. Бұл - бүкіл елді ойлантатын мәселе. Тәуелсіздігіміздің көк байрағын биікте желбіретіп, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асқақтата берейік
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.