Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тіл мәдениеті -

Тіл мәдениеті

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 273 | Просмотров: 1601 | Размер: 10.4 Kb | Автор: Тәрбие
. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті
Суретпен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың сөйлеу тілін, тіл мәдениетін, ауызша және жазбаша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, әсемдікті, сұлулықты түсіне білуге, табиғатты қорғап, қамқор бола білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілін, ой-өрісін, мәнерлеп оқуын дамыту
Сабақтң типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ассоциация, бес жолды өлең, эссе жазу, суретпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, бейнематериалдармен жұмыс

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Ой ашар
Біз сендермен «Тіл мәдениеті» деген тарауды бастаған болатынбыз.
Тіл мәдениеті дегеніміз – сыпайы, сауатты жаза білу, сөздерді орынды қолдана білу. Бүгінгі сабағымызда біз суреттермен жұмыс жасаймыз.
Балалар-ау, балалар,
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Қос білекті сыбанып,
Жүгірейік уанып,
Қыр басына шығайық,
Көктем тілін ұғайық,
Қызғалдақты терейік,
Теріп үйге келейік, - деп Өтебай Тұрманжанов ағамыз жырлағандай, мен бүгінгі сабағымызды көктем тақырыбына арнағым келіп отыр. Ендеше, бүгінгі сабағымыз «Көктем келді дүниені нұрландырып» деп аталады.

1. «Көктем» сөзіне ой топтастырайық
Ассоциация. Дәптермен жұмыс

Күн жылынады

Адамдар жеңіл жер көгереді
киінеді

Ағаштар бүршік атады мал төлдейді

Егін егу басталады

2. Мағынасын қарай топтатамын
3. Соңынан өзім жасап келген суретті ассоциациямен салыстыртамын.

4. Суретпен жұмыс
Көктем – жыл мезгілдерінің ішіндегі ең кереметі. Көктемде жаңа тіршілік, жаңа өмір басталады. Ендеше көктем айы туралы мына сурет пен тірек сөздерге сүйене отырып, қысқаша мәтін құрап көрейік.
Тірек сөздер:
Жылға
Жасыл желек
Көктеу
Малшы қауым
Қыз-келіншек
Тіршілік бастауы

5. Жұптық жұмыс (Сурет бойынша диалог құрау)

Тек малшылар үшін ғана емес, егіншілер үшін де көктем мезгілі нағыз еңбек науқаны екен. Барлық ауыл адамдары көктемде егін егуге кіріседі.

6. Адамдардың көктемді жақсы көретін тағы бір себебі, көктемде олардың малы төлдеп, ақ көбейеді.

401-жаттығу (оқулықпен жұмыс)
Малдың өсу жолын атау
Оқушылар тақтаға жазып, буындайды, буын түріне ажыратады.
Малдың баласын «төл» дейді. Түйе төлін 12 ай, жылқы10 ай, сиыр 9 ай, қой мен ешкі 5 ай көтереді.
Қай кезде болмасын, қазақ төрт түлікті қастерлеген. Тіпті баласын жақсы көргенде, оны «құлыным», «ботам», «қозым» деп еркелеткен. Осыған байланысты «Малдың баласын сүюі» деген өлең де бар.

«Малдың баласын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.

7. Оқулықпен жұмыс
Кәсіби сөздер мен диалект сөздерді теріп жазу
Кәсіби сөздер: мұрындық, ноқта, басжіп, кепе, астау, албарқора
Диалект сөздер: кетек, оттық
( ережені еске түсіру)

8. Көктем мезгіліне байланысты бейнематериал көрсетіп, сол бойынша эссе жаздырамын.

1. «Көктем» сөзіне «бес жолды өлең» құрау

Көктем
Жылы, жап-жасыл
Гүлдейді, көгереді, жайнайды
Көктем айы өте тамаша
Мезгіл
ІІІ. Қорытынды
ІҮ.Бағалау
Ү. Үйге тапсырма: Көктемге байланысты өлең шығарып келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.