Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері -

Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 276 | Просмотров: 4043 | Размер: 46.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Мусагалиева Райля Қуанышқызы
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Тақырыбы: Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері
Мақсаты:
1. Ы.Алтынсариннің ағартушы-педагог, қоғам қайраткері қызметіндегі рөлін көрсету. Ыбырай әңгімелерінің тақырыптық құрылымын меңгерту.
2. Теориялық білімдерін дамыту арқылы шығармашылық ізденіске баулу. Эстетикалық, экологиялық, адамгершілік тәрбиеге баулу.
3. Өзіндік ойын еркін айта алатын қолайлы орта туғызу. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың түрі: ізденіс-талдау сабағы
Әдіс-тәсілдері: ЖБИМ (жаңа білімді игеру моделі)
Сабақтың интеграциялық мүмкіндіктері: бейнелеу, география, қоршаған орта, поэзия.

Күтілетін нәтиже:
1. Ыбырай шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтеді. Мәліметтер алады.
2. Әдебиет теориясы бойынша білімдерін кеңейтеді.
3. Өлеңдері мен әңгімелерінің мазмұнына, құрылысына талдау жасалады.
4. Өзіндік ойларын ашық, анық жеткізе алады.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
- Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың мақсатын айту

- алдын ала тапсырма беру
ЖБИМ - қосымша мәлімет
- мәтінмен жұмыс (зерттеу нысаны)
- теориялық түсінік
- оқушының өзіндік жұмысы (әдеби диалог-журнал)
- қорытынды

І. Қызығушылықты ояту

Ой қозғау

- «Қазақ хрестоматиясының» мәні неде?


Бүгінгі сабақта «Қазақ хрестоматиясына» енген өлеңдері мен әңгімелеріне және аудармаларына тоқталмақпыз.

Мәтінмен жұмыс. І. Ақын шығармашылығына талдау жасау
І топ. Ақынның өлеңдері

«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі.
Тапсырма.
1. Өлеңді жатқа айт.
2. Өлеңнің тілдік ерекшеліктеріне талдау жасау.
3. Өлең құрылысына талдау жасау.

«Өзен» өлеңі
Тапсырма.
1. Өлеңді мәнерлеп оқы.
2. Өзенге сипаттама беріп, өлеңді қара сөзге айналдырыңыз.
3. Өлеңнен көркемдегіш сөздерді табу.

Мәтінмен жұмыс.
ІІ топ. Жазушының әңгімелері

«Таза бұлақ» әңгімесі
Тапсырма.
1. Әңгімені қысқаша мазмұнда.
2. Әңгімеде қандай тәрбиелік идеяны насихаттайды ?
3. Мәтіндегі үш жолаушының пікіріне және тастың су ағар жеріне жазылған
жазуға өз пікірің қандай ?

«Әке мен бала» әңгімесі.
Тапсырма.
1. Әңгімені қысқаша мазмұнда.
2. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.
3. «Азға қанағат ете білмесең – көптен құр қаларсың » дегенді өмірдегі
қандай мысалдармен түсіндіруге болады ?

Мәтінмен жұмыс.
ІІІ топ. Аудармалары

«Жаман жолдас» аудармасы
Тапсырма.
1. Қысқаша мазмұнда.
2. Мәтін мазмұнына сай қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер ?
3. Ыбырай тағы кімдерден аударма жасады? Кестені толтырыңыз.
№ Тақырыбы Кімнен аударма жасады? Кейіпкерлері Әңгіме- мысалдың негізгі түйіні


«Бір уыс мақта» аудармасы
Тапсырма.
1. Қысқаша мазмұнда.
2. Әңгіме мазмұнынан не түйдің? Өз ойыңды білдір.
Теориялық талдау.
І топ. Өлеңдерінің тілдік ерекшеліктері
ІІ топ. Әңгімелерінің негізгі түйіні
ІІІ топ. Аударма шығармаларының құрылымы

Вен диаграммасы.
- Ыбырай мен Шоқанның өзіндеріне тән ерекшеліктері мен ортақ қасиеттері қандай?

Ыбырай Ортақ қасиеттер Шоқан
- ұстаз
- тұңғыш аудармашы
- ақын
- мектеп ашқан
- оқулық авторы
- аудармашы
- жазушы
- еңбек авторлары
- орыс достары болды
- екеуі де атақты
отбасынан шыққан
- саяхатшы
- суретші
- этнограф ғалым
- демократ ғалым
- географ
- зерттеуші

ІІІ. Толғаныс сәті
Әдеби диалог-журнал
Автормен сырласу (ой толғау)
Ыбырай аға, сіздің шығармаларыңыз бізге үлкен ой салады. ................
........... ................
Қорытынды.
Бағалау. Үйге тапсырма: «Даланың дауылпаз қоңырауы» тақырыбында шығарма жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.