Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ж.Аймауытовтың «Әнші» әнгімесіндегі жазушы шеберлігі -

Ж.Аймауытовтың «Әнші» әнгімесіндегі жазушы шеберлігі

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 371 | Просмотров: 1789 | Размер: 88.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Б.Аманшин атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыдықова Света



Тақырыбы: Ж.Аймауытовтың «Әнші» әнгімесіндегі жазушы шеберлігі
Сыныбы: 9
Сабақтың мақсаты: білімділік – Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау, сөйтіп қайталанбас суреткер екеніне көңіл бөлу, жазушының өз бейнесін көру үшін шығармасына терең үңілдіру, сол арқылы өмірі, арман – мұраты, ақын – жазушылардың өнер тақырыбын меңгеру, ән өнерінің құдіретін таныту шеберліктерін аңғарту.
Тәрбиелік - өнерді сүю, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру.
Дамытушылық – қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту, идеялық, эстетикалық мәнін ашу үшін логикалық ойларын дамыту, поэзия мен прозадағы өнер тақырыбын жырлаған ақын-жазушыларды салыстыра талдай отырып өзіндік көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың түрі:білім,білік, дағды және іскерлікті комплексті қолдану сабағы.

Сабақтың әдісі: СКТ әдістері, топтастыру, талдау әдісі, оқулықпен жұмыс, сөздік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, Ж. Аймауытовтың, Әміренің суреттері, концептуальдық кесте,тірек-сызбалар.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, саз

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру
а) Оқушылармен амандасу
ә) Сынып оқушыларын түгендеу

2. Үй тапсырмасы

Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы
1) Өз бетімен жұмыс (жеке оқушымен жұмыс)
2) Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын СКТ және топтастыру әдістері арқылы жинақтау.

І. Топтастыру

ақын прозаик драматург

әнші Жүсіпбек Аймауытов сазгер
кім?

ғалым журналист – публицист психолог

ІІ Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына сатылай кешенді талдау

Қаламгердің аты – жөні:Ж.Аймауытов

Туған жылы:1889ж

Туған жері:Павлодар облысы,Баянауыл ауданы,Қызылту атырабы
Ең алғаш алған білімі: ауыл молдасынан

Баянауылда, Павлодарда оқыған оқу орны:орыс-қазақ мектептері
Семейдегі оқу орны: мұғалімдер семинариясы

Атқарған қызметі: «Қазақ тілі» газетінің редакторы

Шоқтығы биік шығармасы: «Ақбілек» романы

Оның басты кейіпкері: Ақбілек

Тақырыбы: ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ ауылының саяси-әлеуметтік ахуалы
Идеясы: мезгіл мінезінің сипаты

Өмірден өткен уақыты: 1931 ж

ІІІ Қаламгердің шығармаларын еске түсіру

«Елес» «Әнші» «Боранды болжаған әулие»


Қаламгердің қандай
«Бетім – ау, «Қартқожа»
құдағи ғой» шығармаларымен
таныссыңдар?

«Ақбілек» «Күнекейдің жазығы» «Нұр күйі» поэмасы

2.Жаңа сабақ
І Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі жазушы шеберлігі

Әнші

Жетішатыр қаласы
Әншінің өрелі әншілік өнері
Наурыз мерекесінде
Әмірқан – көпшіл әнші
Ақтамақ хикаясы


Сұңқылдаған көмейі сыбызғының үніндей...
Әмірқан әні
Әншінің адамгершілік қасиеттері
Сүйе де сүйсіне білетін үлкен жүрек иесі
Қала тұрғындары -ның әлеуметтік айырмашылық-тары

ІІ Әміре Қашаубаев туралы деректер

1888 жылы бұрынғы Семей губерниясының Дегелең болысына қарасты Атан ауылында дүниеге келген. Әкесі Қашаубай мен анасы Тойған өмірлері кедейлікпен, жалшылықпен өткен адамдар болыпты.
Әміренің сахнада жұрт алдында шығып ән айту кезеңі 1919 – 1920 «Ес – Аймақ» қоғамының сауық кештерінен басталған.
Одан әрі Орынбор қаласына шақыртылып өнер көрсетеді. 1925 жылы Париж қаласында өнер көрсетіп, әлемге атағы әйгілі болады. Ол орындаған әндер: «Ардақ», «Ағаш аяқ», «Балқадиша», «Гауһар қыз», «Дударай», «Қорлан», «Қызыл бидай», «Үш дос». т.б
Әміре ән шырқауымен қатар спектакльге қатысып, рольдерде ойнаған. 1928 жылы қазақтың музыка театрының солисі болды. 1934 жылы дүниеден өтеді.

ІІІ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС

БЕРЖАБАЙ- өзеннің бір жағынан екінші жағына бержамен (кемеге тіркелетін кең тақтай) жүк, адам тасушылар.

ҚАШАБА –тарантас,жеңіл арба

ШҮЛЕҢГІР- мырзасып деген мағынада

VI Мәтінге композициялық талдау

Оқиғаның басталуы – -Жетішатыр қаласының тұрмыс-тіршілігі

Оқиғаның дамуы – -Қымыз ішкен жастардың Әмірқанмен кездесуі

Шиеленісуі – -Наурыз мерекесі.Әмірқан-театр сахнасында

Шарықтау шегі – - Әмірқан басынан кешірген бір оқиға

Шешімі – -Ән тәңірісінің құдіретті әні

VI Мәтінмен жұмыс

Мәтін Өз пікірім
Әншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады. Жақсы әнді бұзып жібереді. Бет – аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шығама? Ән салу көңілден ғой... Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын, айтқымда келмейді.

VII «Әнші» әңгімесіне логикалық модель

Б.1 Тақырыбы Б.2 Идеясы Б.3. Абай өлеңдерімен үндестігі

Б.4 Әмірқан кім? Әншілік өнерді кімдерден үйренді?
Б.5 Әмірқан әнді қалай орындайды?

Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші»
әңгімесіне логикалық модель

Б.6 Ән, өнер туралы Әмірқанның өзі не ойлайды? Б.7 Әмірқанның бойындағы адамға тән қасиеттердің барлығын қандай штрих – деталь арқылы танимыз? Б.8 Жазушы ән тәңірісін әннің құдіретін қандай оқиға үстінде көрсетпек болды?


VIII Мәтінге сатылай кешенді талдау

Шығарманың аты: «Әнші» әңгімесі

Тақырыбы: ән,өнер,ғұмыры әнмен өткен өнер адамының өрелі биігі

Жанр түрі:рпоза (әңгіме)

Идеясы:ән құдіретін таныту

Кейіпкерлері:Әмірқан, Шәкет, Ақтамақ,студент жастар,ұрылар

Басты кейіпкердің прототипі: Әміре Қашаубаев

Туған жылы:1888ж

Өнері:әншілік,артистік,актерлік

Әдеби – теориялық ұғымдар:
1.Теңеу:атқан таңдай, шайдай,сыбызғының үніндей,асқар тауындай,күзді күнгі дауылдай,тас бұлақтың суындай.
2.Портрет:
Әмірқан-кісіге тез үйір болатын,жолдасқа жанын қиятын жігіт.
Ақтамақ-үріп ауызға салғандай жұтынып тұрған сұлу.
Тәрбиелік мәні: әңгімені оқи отырып, ән өнерінің құдіретін түсінеміз. Оқушыны ән өнерін,өнер адамдарын бағалауға тәрбиелейді.
ІХ Қорытынды:

Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың ән өнерін жоғары бағалай білетін талғампаз жан. Ол әнді сүйіп өсті, өзі де ән айтудан әсте жалыққан емес. Сондықтан да ән мен әнші тақырыбы – жазушы ұлылығының айғағы десекте болады.
Әміре Қашаубаев - ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы, ұлттық мақтанышымыз. «Бұратана» саналған қазақ халқының бай өнері мен жоғары мәдениетін барша халыққа паш етті. Франция секілді өркениетті елге өнеріміздің құдіреттілігін мойындатты. Сол үшін де қазақ халқы Әміре сынды ұлы тұлғасын ешқашан ұмытпайды.

Х Үйге тапсырма «Әнші» әңгімесіне әдеби теориялық талдау. «Егер мен жазушы болсам...»

ХІ Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.