.
.
«Бекітемін» Қарумен саптық тұрыс.
Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4163 | Размер: | Автор: balaseri______________
Мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы: Қарумен саптық тұрыс.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарумен саптық тұрысты ,автоматтың әр түрлі жағдайда ұстауды үйрету.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: Саптық алаң.
5. Өтлетін күні:
6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар,автоматтың макеті
7. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
- бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?
- бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?
- бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар.
- қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесуді қалай орындайды?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Қарумен саптық тұрыс. «Белдікті босат (тарт)»!, «Автоматты – кеудеге!» «Белдікке!», «Қаруды арқаға!», «Белдікке!», «Қаруды түзет!» пәрмендерін орындау.
ҚАРУМЕН САПТЫҚ ТҰРЫС.
«Бауды босат (тарт)!», «Автоматты кеудеге!», «Белдікке!» пәрмендерін орындау.
Қарумен саптық тұрыста қаруды аузын жоғары қаратып, оң қолдың білегімен белдіктің жоғарғы жағына тигізіп, ал жиналмалы дүмді автоматты аузын төмен қаратып «белдікке» күйінде ұстау керек.
Қол пулеметті аяққа еркін түсірілген оң қолмен дүмін оң аяқтың өкшесіне жанай тигізіп, жерге ту сыртымен қойып ұстау керек.
Автоматты «белдікке» күйінен «кеудеге» күйіне «Автоматты кеудеге!» пәрмені бойынша үш тәсілмен атқарылады:
бірінші тәсіл – белдік бойынша біршама жоғары ұстап, автоматты иықтан алу керек және оның сағағынан және ұңғы кертігінен сол қолмен іліп, өзінің алдына оқжатарын солға қаратып, аузын иектің биіктігінде тік ұстау керек;
екінші тәсіл – белдікті оң қолмен оңға қарай жіберіп тастау керек және оны алақанмен саусақтар жартылай бүгілген және өзіне қарап тұратындай етіп ұстау керек; сонымен бір мезгілде оң қолдың шынтағын баудың астына кигізу керек;
үшінші тәсіл – белдікті бастан асыра лақтырып тастау керек; автоматты дүмінің мойнынан ұстап, ал сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек.
Жиналмалы дүмді автомат «белдікке» күйінен «кеудеге» күйіне дәл сол пәрмен бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығармай, автоматты иықтан оң қолмен алу керек және автоматты сол қолымен сағағынан және ұңғы кесігін төменгі жағынан іліп алып, оны өзінің алдына оқжатарын төмен, ауыз жағын солға қаратып ұстау керек.
екінші тәсіл - белдікті бастан асыра оң қолмен сол иыққа лақтырып, онымен автоматты баудағы ұңғы қорабынан ұстап алу керек сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек.
Қажет болған жағдайда белдікті босату (тарту) үшін: «Белдікті– босат (тарт)!» пәрмені беріледі.
«Белдікке!» пәрмені бойынша автоматтарды және және қол гранататқыштарды қолға, карабиндерді және пулеметтерді аяққа ұстау керек, ол үшін автоматты оң қолмен бау бойымен біршама жоғары ұстап, оны сол қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан алып иықтан түсіру керек, өзінің алдына оқжатарын төмен қаратып, иектің деңгейінде ұстап тұру керек. Автоматты сол қолмен ұстай тұрып, оң қолмен ілмегін босатып, дүмін ашып тастау керек. Автоматты оң қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан алу керек. «Босат (тарт)!» пәрмені бойынша оңға қарай жарты айналым жасап, бір мезгілде сол аяқты алға еңкейтіп, солға қарай бір адым қою керек, қаруды дүмімен сол аяқтың өкшесіне тіреп, ал ұңғысын оң шынтақтың бүгілмесіне қою керек; аяқтың тізелері бүгілмеу керек; оң қолмен белдіктің айлбасынан ұстай тұрып, сол қолмен бауды тарту (босату) керек және өздігінен саптық тұрысты қабылдау керек.
«Қаруды арқаға!», «Белдікке!», «Қаруды түзет!» пәрмендерін орындау.
«Арқаға!», «Белдікке!», «Кеудеге!» пәрмендерін бермес бұрын: «Тежегішке – қой!» пәрмені бойынша қару тежегішке қойылады.
Егер сүңгі – пышақты алып тастау немесе оны салу қажет болса, онда «Сүңгі-пышақты – ал!» («Сүңгіні – қайырып таста)!» «Сүңгі-пышақты (Сүңгіні) – сал!» пәрмендері беріледі.
Қару «белдікке» күйінен «арқаға» күйіне: «Қаруды – арқа-ға!» пәрмені бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – бауды сол қолмен оң иықтан біршама төмен алу керек, ал оң қолмен бір мезгілде дүмнен алу керек (дүмі жиналатын автоматты және гранататқышты ұңғысынан төменгі антабкасынан);
екінші тәсіл – оң қолмен қаруды көтеру керек, ал сол қолмен бауды бастан асыра сол иыққа лақтырып тастау керек; қаруды және қолды жылдам түсіру керек.
Автомат «арқаға» күйінен сүңгі-пышақсыз, ал карабин қайырылып тасталған сүңгісіз алынады.
Қару «арқаға» күйінен «бауға» күйіне «Қаруды белдікке!» пәрмені бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл - сол қолмен белдікті сол иықтан біршама төмен алу керек, ал оң қолмен бір мезгілде дүмнен ұстау керек.
екінші тәсіл - оң қолмен қаруды көтеріңкіреу керек, ал сол қолмен бауды бастан асыра оң иыққа лақтырып тастау керек; белдікті оң қолмен алып, сол қолды жылдам түсіру керек.
Автоматты «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне және «арқаға» күйінен «кеудеге» күйіне, сондай-ақ карабинді «арқаға» күйінен «аяққа» күйіне ауыстыру үшін қару алдын ала пәрмен бойынша «белдікке» күйіне алынады.
Жиналмалы дүмді автоматты «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне ауыстыру үшін автоматты ұңғысының ауыз жағынан оң қолмен алу керек және оны «арқаға» күйіне ауыстыру керек.
Автоматты «арқаға» күйінен «кеудеге» күйіне ауыстыру үшін автоматты оң қолмен ұңғысының ауыз жағынан сол иыққа тарта «кеудеге» күйіне ауыстыру керек.
Қарудың дұрыс емес жағдайын жөндеу үшін: «Қаруды түзет!» деген пәрмен беріледі.
Қол пулеметі «арқаға» күйіне ыңғайына қарай алынады.
«Аяққа» күйіне өз орнында тұрып қарумен бұрылыс жасау кезінде алдын ала пәрмен бойынша қаруды біршама көтеріңкіреу керек және бір мезгілде сүңгіні (ауыз жағын) өзіне қарату керек, ал оң қолды оң жамбасқа жеңіл қысу керек. Бұрылыс жасап, бір мезгілде аяқты қоя отырып, қаруды жерге жайлап қою керек.
«Аяққа» күйінде: «Адым – бас!» пәрмені бойынша қарумен қозғалыс жасау үшін қаруды біршама көтеріңкіреу керек, ал «Жүгір!» алдын ала пәрмені бойынша одан басқа сол қолдың шынтағын жартылай бүгу керек.
Жүгіру қозғалысы кезінде қаруды жеңіл бүгілген оң қолмен қарудың ауыз жағы біршама алға қарай болатындай етіп ұстау керек. Сығылысқан саптағы жүгіріс кезінде сүңгіні өзіне қарай алу керек.
«Аяққа», «белдікке» және «кеудеге» күйлеріндегі қарумен қозғалыс жасау кезінде қаруды ұстамаған бос қолмен, ал «арқаға» күйіндегі қарумен қозғалыс жасау кезінде екі қолмен дененің айналасында адымның ырғағымен еркін қозғалыс жасау керек.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Саптық тұрысты орындау кезіндегі қарудың орналасу жағдайын айтыңдар.
- Автомат «бауға» күйінен «кеудеге» күйіне «Автоматты- кеудеге!» пәрмені бойынша орындалатын тәсілдерді атаңдар.
- «Бауды бост (тарт)!», «Қаруды арқаға!» пәрмендерінің орындалуы туралы айтыңдар.
- Қарумен қозғалыстар және бұрылыстар қалай орындалады?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.