Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау. -

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.

Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1928 | Размер: | Автор: balaseri
. Бекітемін»
_____________ ______________
Мектеп директоры

1. Сабақтың тақырыбы: Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау жүргізуге үйрету.

3. Уақыты: 45 минут.

4. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат,АК-74 макеті,графопроектор,компютер.

6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі
1. Үй тапсырмасын тест арқылы алу 8 мин.

б) Негізгі бөлім 20 мин.
1.Интерактивті тақтада автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібін көрсету.Көрсетумен бір мезетте бөлшектеу ретімен АК-74 макетін бөлшектеу, түсіндіру.
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу-жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады.
Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктердегі нөмірге сәйкес келуі керек.
Автоматты (пулеметті) бөлектеу мен жинақтау аса сақтықпен ғана жүргізіледі.
Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек.
Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:
1). Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің маңдайшасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар жоғын тексереді, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» ( автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппені ұрыстық қайырудан (взводтан) босатады.
2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару қажет.

3) Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады.

4) Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш компенсатордың орнықтырғышы батырылады.Ұңғылық тежеуіш компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға болады.

5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп қақпақшаны алады.

6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.

7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.

8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.

9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрып, газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
1) Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ камерасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.
2) Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.
3) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауынұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де ұңғы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.
4) Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.
5) Ұңғы қорапшасының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізіледі, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабының қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.
6) Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.
7) Автоматқа ұңғылы-тежеуіш компенсаторды, пулеметке – жалын сөндіргішті қосу. Дүмді тежеуіш-компенсаторды қарауыл бойындағы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың (жалын сөндінгіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа орналасқанша айналдырады (бір айналымнан артық емес)
8) Сүмбіні қосу.
9) Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына қақпақша жабылатындай етіп кіргізеді. Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салынады.
10) Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.
Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау.
Автоматтың (пулеметтің) атуға жарамдылығын, тазалығын, майдың сапасын тексеру және автоматты атысқа дайындау үшін автоматты (пулеметті), керек-жарақтарды және оқжатарды тексеріп қарау жұмыстыры жүргізіледі.
Жауынгерлер мен сержанттар автоматты (пулеметті):
- күн сайын;
- сабаққа шығар алдында, күзетке түсер алдында, ұрыс жағдайында – күніне бірнеше рет, жауынгерлік міндетті орындау алдында;
- тазалау кезінде тексеру керек.
Автоматтың (пулеметтің) оқжатарлары мен керек-жарақтарының ақаулары дер кезінде жойылуы керек.
Автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары мыналар болып табылады:
- қарауыл майысқанда немесе соғылғанда, бір жағына төменге немесе жоғарыға қарай орнынан жылжығанда – оқтар қарауыл ұшының орнына қарама-қарсы жаққа ауытқиды;
- көздеу тақташасы майысқанда немесе қисайғанда – оқтар көздеу тақташасы қырының кесігі ауысуы жағына ауытқиды.
- ұңғы майысқанда – оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды.
- ұңғы арнасының қажалуы, ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы, көздеу тақташа, қарауыл, дүм тербетілуі – мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді.

2. Автоматы (пулеметті) толық емес бөлшектеу реті (бейнематериал) 2 мин.

в) Қорытынды бөлім – 3 минут.
1. Тест материалдарының бағаларын қою.
2. Қосымша сұрақтарға жауап берген оқушыларға баға қою.
3. Үй тапсырмасын беру.
4.Оқушылармен қоштасу

Алғашқы әскери дайындық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.