.
.
«Бекітемін» Қазіргі заманғы ұрыс сипаты жауды жою құралдары,
Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4356 | Размер: | Автор: balaseri_____________ ______________
мектеп директоры
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы ұрыс сипаты жауды жою құралдары, сарбаздардың және әскери бөлімдердің ұрыстық міндеттерді сәтті орындауларын қамтамасыз ететін шарттар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазіргі заманғы ұрыс сипатын түсіндіру.
1. Уақыты: 45 минут.
2. Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.
3. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
4. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
б) Негізгі бөлім – 22 минут.
Қазіргі заманғы ұрыс сипаты.
Ұрыс – соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің, әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден – бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.
Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлері, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теңіз жағалау бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери - теңіз күштері қатысады.
Қазіргі заманғы ұрыста қарсыластар жағы ядролық қару және жеңіліске ұшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар қолданып жүргізуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету, қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылары, ұрысқа қатысушы бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары, жауынгердің моральдық және дене күштерінің шектік төзімділігі нәтижесінде мүмкін болады.
Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері: айлалық (маневрлік), жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр түрлілігі, жеке құрамның моральдық - психологиялық және дене күштерінің жоғары болуы.
Қазіргі ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы. Ұрыс мақсатына және тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және бетпе – бет ұрыс.
Шабуыл ұрыстың негізгі түрі. Шабуылдың мәні: шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күшін, қару – жарағын, ұрыс техникасын жояды да қарсылас орналасқан аймақты басып алады.
Шабуыл алдында, әдетте, атыс дайындығын жүргізеді. Ол қарсыластың маңызды объектілерін талқандау мақсатында оның қорғанысына артиллерия мен авиацияның алдын ала жоспарланған және дайындаған соққысын жіберуден тұрады. Осы уақытта ядролық соққылар да жіберілуі мүмкін.
Қорғаныс – қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. Қорғаныс қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен зақым келтіру, бекіністер мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды күрес жүргізу.
Бетпе – бет ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде жүргізіледі. Ол ұрыс барысында: шабуылда - қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде, қорғаныста – шабуылдаушы қарсыласқа қарсы шабуыл жасау кезінде тууы мүмкін. Бетпе – бет ұрыс кезіндегі әскерлердің қимылы негізіне - қолда бар барлық атыс құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, тиімді шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың алдын алу; тыл мен қапталдардан соққы беру, қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады. Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып, мотоатқыш, танк, ракета, артиллерия, минаатқыш, зенит бөлімшелері мен арнайы әскер бөлімшелері жалпы міндетті шешеді. Өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл бөлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және белгілі бір нақты міндеттерді шешуге қабілетті.
Әскердің әр түрі мен арнайы әскер бөлімшелерінің қимылын, олардың ұрыстағы жауынгерлік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында, сондай-ақ көршілес қимылдайтын бөлімшелер қимылын келістіру үшін өзара әрекет ұйымдастырылады. Оның мәні – міндеттер, шептер және уақыт бойынша келісілген ұрыс қимылдарымен, жауынгерлердің, әскерлердің барлық түрлері, арнайы әскер бөлімдерінің өзара көмегімен, сонымен бірге ұрыстың жалпы мақсатына жету мүддесіндегі көршілердің өзара көмегімен сипатталады. Жауынгерлер мен бөлімшелердің үздіксіз және нақты өзара қимылы ұрыста жеңіске жетудің қажетті шарты болып табылады.
Өзара қимыл бөлімшелер арасында және олардың әрбірінің өз ішінде жүзеге асырылады.
Бөлімшелер мен атыс құралдарының арасындағы өзара қимылды шешуші мәні – жауынгерлік міндеттерді өзара түсіну, қажетті көмек көрсету, әсіресе атыспен үзіліссіз байланысты қолдау.
Бөлімшелер арасындағы өзара қимыл ЖҰМ (БТР), пулеметшілер, гранататқыштар және атқыштар арасында ұйымдастырылады
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.