Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру (10 сыныптағы сабақты қайталау) -

Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру (10 сыныптағы сабақты қайталау)

Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1504 | Размер: | Автор: balaseri
. «Бекітемін»
______________
мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы. Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру (10 сыныптағы сабақты қайталау)
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды орнында тұрғандағы бұрылыстар тәсіліне, саптық және жорықтық адыммен қозғалысқа, қозғалыс кезінде бұрылыс жасауға үйрету.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: Саптық алаң.
5. Өткізілетін күні:
6. Көрнекілік құралдар: Саптық стенд, АӘД оқулығы.
7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
- саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
- саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.
.
Орнында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», !Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.
Артқа және солға бұрылу – сол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.
Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:
- бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;
- екінші тәсіл – қысқа жол арқылы аяқты қою керек. Бұл ретте денені бұрылатын жаққа бір мезгілде күрт бұрып және басқа аяқтың ұшына қатты тіреліп, дененің салмағын бұратын жақтағы аяққа көшірумен ұштастыру қажет.
- Бұрылыстарды орындауда саптық тұрыстағы барлық ережелер сақталынады.
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Әскери сәлемдесуді орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және
бас киімсіз орындау. Қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беру.

Бас киіммен тұрғанда – аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек; бастық өтіп кеткеннен кейін, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.
Бастықты басып озғанда - әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.
Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?
- Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?
- Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?
- Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?
- Жекелеген әскери қызметшілер қатарындағы бірнеше адым жерге орын ауыстыруы үшін қандай пәрмендер беріледі?
- Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.