.
.
Батыс Қазақстан облысы Үй-жайлардың күтімі
Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1850 | Размер: | Автор: ТәрбиеАқжайық ауданы
Жанама ауылы
Сарытоғай ОЖББМ-нің
алғашқы әскери дайындық
пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
Байсақалов Кенжебек Бердығалиұлы
Сабақтың тақырыбы: Үй-жайлардың күтімі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды үй-жайларға қойылатын талаптармен, рота мүлкінің және әскери қызметшілердің жеке заттарының сақталуымен таныстыру,оқушыларды әскери қалашықтың орналастырылуымен, казармадағы үй-жайлардың тағайындалумен және қаруды сақтауға қойылатын талаптармен таныстыру, оқушыларға ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік беру,оқушыларды ҚК толықтыруды, әскери қызметке шақырушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлауды, әскери қызметтен босату жөніндегі және әскери қызметті өтеу үшін жасалынатын келісім-шарт жүйелерімен таныстыру,
оқушыларға ҚР ҚК-нің жоғары әскери оқу орындарының құрылу себептері мен тарихын, оларға қабылдау шарттарын түсіндіру,оқушыларға Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздерін және ҚР-ның әскери доктринасы мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттерді ұғындыру, АӘД пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру,әскери –патриоттық, ұлтжандылық, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеп баулу,атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, атыс жүргізу және көздеу тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамыту, өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тқрақтылықты қалыптастыру, мергендікке баулу.
Тәрбиелік: сабырлыққа, жауапкершілікке дағдыландыру, сыни көзқарас қалыптастыру,елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету, көрсету.
.Сабақтың түрі: теория байқау, дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, денешынықтыру.
Өткізілетін орны: АӘД кабинеті.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, әскери жарғы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі – 3мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 8мин.
- Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қалай орналастырылады?
- Ротаны орналастыруға қандай үй-жайлар бөлінеді?
- Әскери қызметшілер жатын бөлмеде қалай орналастырылады?
- Бөлімшелерде қаруды сақтауға қандай талаптар қойылады?
Негізгі бөлім – 23мин.
Үй-жайларды ұстауға қойылатын талаптар. Рота мүлкінің және әскери қызметшілердің жеке заттарының сақталуы. Тұрғын үй – жайлардағы температура. Жатын орындарын жарықтандыру және желдету.
Үй-жайлардың күтімі.
Барлық ғимараттар мен үй-жайлар, әскери бөлімнің аумағы әрқашан таза және бекітілген тәртіпте күтілуі тиіс. Барлық үй-жайлар мен ғимараттардың қасбеттеттері белгіленген түспен боялуы тиіс.
Үй-жайдың жиhазы, барлық жабдығы сырт жағынан нөмірленеді және есепке алу кітабында жазылады, ол ротаның кеңсесінде сақталады. Бұлар әскери бөлім командирінің рұқсатынсыз бір бөлімшеден екіншісіне көшірілмейді.Казармадағы көрнекті жерде арнайы стенділерде күн тәртібі,дәрістердің кестесі, нарядтар парағы, жеке құрамды орналастырудың сызбасы, мүліктердің тізімдемесі мен қажетті нұсқаулықтар ілінуі тиіс.Дәріс уақытында үй-жайлардағы тазалықты сақтау тәуліктік кезекшілерге жүктеледі. Күнделікті тазалап-жинаудан басқа аптасына 1рет рота сержантының басшылығымен барлық үй-жайларды жалпы тазалап-жинау жүргізіледі. Едендерді су төгіп жууға тиым салынады. Қыста терезелердің толық жабылуы, ал жазда ашылуы керек, бірақ арнайы торлармен қорғалуы тиіс.
Қалашықтың аумағы және оған іргелес көшелер көгалдандырылуы және таза, реттілікте ұсталынуы, ал қараңғы кезде жарықтандырылуы тиіс. Әскери аумақтың айналасы қоршалады.
Әскери бөлімнің орналасқан ауданын тазалап-жинау үшін бөлімшелердің арасында аймақ бойынша бөлінеді. Қоқыс күн сайын жабылатын қақпағы бар контейнерге жиналады және шығарылады. Контейнерлер аптасына кемінде 1рет тазаланып, дезинфекцияланады. Әскери қалашықтың аумағын жинап-тазалауды нарядтың күшімен және түскі астан кейінгі уақытта осы мақсат үшін бөлінген командалардың күшімен жүргізеді.
Үй-жайларды жылыту кезеңінің басталуы мен аяқталуы әскери бөлім командирінің немесе гарнизон бастығының бұйрығымен жарияланады. Пешпен жылыту кезінде үй-жайларды жылытудың, отында қабылдау мен берудің тәртібін және уақытын әскери бөлім командирі немесе гарнизон бастығы белгілейді.
Қыста тұрғын үй-жайларда ауа температурасы 18градустан төмен емес, ал медициналық мекемелерде 20градус төмен емес, қалған үй-жайларда–белгіленген нормаларға сәйкес болуы тиіс.
Жылыту кезеңінің уақытында әскери бөлім бойынша бұйрықпен сарбаздардың арасынан алдын ала жағудың тәртібі оқытылуы және өрт қауіпсіздігі талаптары таныстырылуы тиіс от жағушылар тағайындалады. От жағушылар дәрістерден босатылмайды. Жылыту кезеңінде олар барлық нарядтарды атқарудан босатылады. Пештердің жағылуын қарау бөлімшелерде рота сержантына және кезекшіге жүктеледі. Ақаулы пештерді пайдалануға, жағу үшін жанармай сұйықтарын пайдалануға, жанып жатқан пешті қардағлаусыз қалдыруға, отынды пештердің қасында кептіруге және оны тұрғын үй-жайларда сақтауға, сондай-ақ ағашты үй-жайларда, дәліздер мен баспалдақтарда жаруға, кесуге тиым салынады.
Жылыту кезеңі аяқталған соң барлық пештер мен мұржалар тазаланады және оларды рота сержанты мен әскери бөлімнің пәтер-пайдалану қызметінің бастығы бірлесіп қарап, тексеруі тиіс, бұдан соң пештердің есікшелеріне қорғасын мөр салынады немесе сүргі соғылады.
Үй-жайларды желдетуді рота бойынша кезекшінің байқауымен тәуліктік кезекшілер: жатын бөлмелерде – ұйықтар алдында және ұйқыдан соң, сыныптарда – дәрістердің басталуы алдында және олардың арасындағы үзілістерде жүргізеді.
Суық уақытта терезе желдеткіші, ал жаздық уақытта терезелер ашылады, бұл кезде адамдар ұй-жайдың ішінде болмауы тиіс. Егер адамдар үй-жайдан шықпаса, желдеткіштер немесе терезелер үй-жайлардың бір жағынан ғана ашылады. Ашылған желдеткіштер мен терезе кәсектері ілмешікке бекітіледі.
Жарықтандырудың тәртібін әскери бөлімнің командирі белгілейді. Казармалық жарықтандыру толық және кезекші болып бөлінеді.
Жатын үй-жайларында ұйықтау сағаттарында кезекшіге жарық қалдырылады. Казармалардың кіре берісінде, бөлмелерде, қару сақтауға арналған бөлмелерде, дәліздерде, баспалдақтарда және әжетханаларда қараңғылық түскеннен таң атқанға дейін толық жарықтандыру болады. Жарықтандырылу режімін қарау кезекшілер мен тәуліктік кезекшілерге жүктеледі.
Қорытынды бөлім – 11мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Үй жайлардағы мүкәммалардың сақталуына кім жауап береді?
- Үй жайлар мен аумақты күтіп ұстауда қандай талаптар қойылады?
- Тұрғын үйлерде қандай температура ұсталуы керек?
- Үй жайларды желдетуді кім және қай уақытта жүргізуі керек?
Үй тапсырмасы: Үй-жайлардың күтімі.
Оқушылардың білімін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.