.
.
«Бекітемін» Ядролық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы,
Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6278 | Размер: | Автор: balaseri______________ ______________
мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы: Ядролық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы, ядролық зақымдау ошағындағы қирау аумағы және олардың сипаттамасы, ядролық жарылыс бұлтының ізінен пайда болатын зақымдау аумағы және оның радиациялау деңгейі, сәулелену мөлшері, радиациялау деңгейі және оларды өлшеу бірлігі туралы жалпы түсінік
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ядролық жарылыс кезіндегі жергілікті жердің, атмосфераның жерге жақын қабаттарының және объектілердің радиоактивті зақымдануы туралы түсінік беру.
3. Уақыты: 45 мин.
4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.
5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
- Ядролық жарылыстың радиациясы дегеніміз не?
- Сәуле ауруының қанша дәрежесін білесіңдер?
- Өткір радиацияны қалай әлсіретуге болады?
б) Негізгі бөлім – 20 мин.
Ядролық жарылыс кезіндегі жергілікті жердің, атмосфераның жерге жақын қабаттарының және объектілердің радиоактивті зақымдануы.
Жергілікті жердің, атмосфераның, жерге жақын қабаттарының, әуе кеңістігінің, су мен басқа да объек-тілердің радиоактивті зақымдалуы ядролық жарылыс бұлтынан радиоактивті заттардың түсуінен болады.
Ядролық жарылыс кезіндегі радиоактивті зақымданудың негізгі көздері: ядролық жарылғыш заттардың (плутоний - 239, уран – 235, уран – 238) бөліну өнімдері және осыдан барып топырақтың ядролық зарядтың бөлінбейтін бөлігімен активтелінуі.
Ядро қаруы жер бетінде жарылған алғашқы кезде радиоактивті бөлшектер жалындаған шардың ішінде болады. Ол шар бу мен түтіннің қоршауында жоғары көтеріледі де, бірнеше секунд өткен соң будақталған буға айналады. Жоғары қарай көтеріліп бара жатқан ауа өзімен бірге жерден топырақ бөліктерін қоса жоғары көтеріп әкетеді. Топырақтың мұндай бөлшектері радиоактивті болып қалады. Олардың ішіндегі ең ірі бөлшектері тікелей жарылыс болған ауданның өзіне түседі. Басқалары бұлттың ішінде қалады да, ауа ағынымен ілесіп, жарылыс орталығынан жүздеген километр қашықтыққа таралады. Жер бетіне біртіндеп жауып радиоактивті заттар радиоактивтік із деп аталатын радиациялық өңір түзеді.
Қауіптілік дәрежесі бойынша радиоактивті із шартты түрде төрт аймаққа бөлінеді:
А аймағы – орташа зақымдану. Радиоактивті заттардың толық ыдырағанға дейінгі сәулелену дозасы аймақтың сыртқы шекарасында Д=40рад, ішкі шекарасында Д= 400 рад. Оның көлемі бүкіл із ауданының 70–80%-ын құрайды.
Б аймағы – күшті зақымдану. Сәулелену дозасы сыртқы шекарасында Д= 400рад, ішкі шекарасында Д=1200 рад. Оның көлемі бүкіл із ауданының 10%-ын құрайды.
В аймағы – қауіпті зақымдану. Радиоактивті заттардың толық ыдыраған кездегі сәулелену дозасы аймақтың сыртқы шекарасында Д=1200рад, ішкі шекарасында Д=4000рад. Оның көлемі бүкіл із ауданының 8-10%-ын құрайды
Г аймағы – төтенше қау!пті аймақ. Радиоактивті заттардың толық ыдыраған кездегі сәулелену дозасы аймақтың сыртқы шекарасында Д=4000рад, ішкі шекарасында Д=7000рад.
Бұл аймақтардың сыртқы шегіндегі радиация деңгейлері жарылыстан соң 1сағаттан кейін-8; 80; 240 және 800рад/сағ болады, ал 10сағаттан кейін-0,5; 5; 15; және 50рад/сағ болады.
Зақымданған жерден сәулелену дозасын төмендету дәрежесі.
Тасалар Бәсеңдету күші
Дезактивизацияланған ашық саңылаулар, орлар, оқпаналар 20
Бүркемеленген саңылаулар 40
Паналар 1000
Бір қабатты ағаш үйлер 3
Бір қабатты тас үйлер 10
Екі қабатты тас үйлер 20
Үш қабатты тас үйлер 40
Көп қабатты тас үйлер 70
Бір қабатты үйдегі подвалдар 40
Екі қабатты үйдегі подвалдар 100
Көп қабатты үйдегі подвалдар 400
Автомобильдер 2
Бронетранспортерлер 4
Танкілер 10
в) Қорытынды бөлім – 12 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Ядролық жарылыс кезіндегі радиоактивті зақымданудың негізгі көздерін атаңдар.
- Радиоактивті зақымдану қалай пайда болады?
- Жер үстіндегі ядролық жарылыстан радиоактивтік іздің түзілуі туралы айтыңдар.
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.