Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Калашников автоматының (қол пулеметінің) атуға даярлау,автомат жабдықтары,атудан кейін автоматты тазалау және майлау тәртібі,автоматты сақта -

Калашников автоматының (қол пулеметінің) атуға даярлау,автомат жабдықтары,атудан кейін автоматты тазалау және майлау тәртібі,автоматты сақта

Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6949 | Размер: | Автор: balaseri
. «Бекітемін _____________
Мектеп директоры

1. Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматының (қол пулеметінің) атуға даярлау,автомат жабдықтары,атудан кейін автоматты тазалау және майлау тәртібі,автоматты сақтау,автомат пен оқтарды тексеру және атуға даярлау,ату кезінде болуы мүмкін кедергілер мен оларды жою амалдары.
2. Сабақтың мақсаты: Қаруды атуға даярлау,оның жабдықтары,тазалау майлауәдістері,қаруды қолдану кезінде болатын кідістерді жою жолдары туралы жалпы мағлұмат беру
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: Тактикалық алаң.
5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар
6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
- мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті туралы айтыңдар.
- бөлімшенің ұрысқа кіру реті дегеніміз не?
- бөлімшенің жорық реті туралы не білесіңдер?
- ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні.
- ұрыста бөлімшені кім басқарады және оны қалай ұйымдастырады?
- бөлімше командирі бөлімшені және атысты басқарудың қандай тәсілдерін қолданады?
түнде ұрыс жүргізу үшін жауынгерге қандай талаптар қойылады?
б) Негізгі бөлім – 25 минут
Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау.
Автоматтың (пулеметтің) атуға жарамдылығын, тазалығын, майдың сапасын тексеру және автоматты атысқа дайындау үшін автоматты (пулеметті), керек-жарақтарды және оқжатарды тексеріп қарау жұмыстыры жүргізіледі.
Жауынгерлер мен сержанттар автоматты (пулеметті):
- күн сайын;
- сабаққа шығар алдында, күзетке түсер алдында, ұрыс жағдайында – күніне бірнеше рет, жауынгерлік міндетті орындау алдында;
- тазалау кезінде тексеру керек.
Автоматтың (пулеметтің) оқжатарлары мен керек-жарақтарының ақаулары дер кезінде жойылуы керек.
Автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары мыналар болып табылады:
- қарауыл майысқанда немесе соғылғанда, бір жағына төменге немесе жоғарыға қарай орнынан жылжығанда – оқтар қарауыл ұшының орнына қарама-қарсы жаққа ауытқиды;
- көздеу тақташасы майысқанда немесе қисайғанда – оқтар көздеу тақташасы қырының кесігі ауысуы жағына ауытқиды.
- ұңғы майысқанда – оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды.
- ұңғы арнасының қажалуы, ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы, көздеу тақташа, қарауыл, дүм тербетілуі – мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді.
Жауынгерлер мен сержанттардың автоматты (пулеметті) тексеріп қарау тәртібі
Күнделікті қарау кезінде автоматтың (пулеметтің) барлық бөліктерінің болуына көз жеткізіп, сыртқы бөліктерінде таттың, балшықтың, сондай-ақ майысу, сызат түскен және механизмдердің қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін басқа да зақымдардың болуын сүмбінің бекітілуінің беріктігін, автоматтың майлану жағдайын, белдігінің, керек-жарақтарының, оқжатардың, олар салынатын сөмкелердің болуы тексеру керек.
Сабаққа шығар, күзетке түсер алдында және тазалау кезінде күнделікті тексеруден басқа көздеуіш пен қарауылдың жарамдылығы және ұңғы арнасы тексеріледі.
Қарауыл көздеуішінің жарамдылығын тексеру кезінде көздеуіш тақташасы қырындағы кесікте шалыстардың болмауына, қамытшаның көздеуіш тақташасында жатық жылжуына және белгіленген жағдайда ілгішпен сенімді бекітілуіне, серіппенің көздеуіш тақташасын сенімді ұстауына, көздеуіштің бүгіліп қалмауына және табанда нық тұруына, табандағы белгілердің негізіндегі белгілермен сәйкес келуіне көз жеткізу керек.
Бөліктер мен механизмдер жұмысының дұрыстығын тексеру кезінде:
а) ауыстырғышты АВ-ға қойып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жабу керек; бұл кезде бекітпе жақтауы алдыңғы жағдайға қайта оралып келуі керек; бекітпе жақтауын қайта артқа қарай тартып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын сабынан ұстап тұрып, қайта жіберу керек. Бекітпе жақтау алдыңғы жағдайға жақындағанда «СЫРТ» еткен дыбыс естілуі керек - шүріппе соққышқа соғылады.
ә) ауыстырғышты ОВ-ға қойып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, ағытқыш ілмекті жібермей тұрып бекітпе жақтауын жіберу керек; ағытқыш ілмекті босатқанда, шүріппе ұрыстық қайырмаға қойылады, бұдан соң автоматты сақтандырғышқа қояды, ағытқыш ілмекті басады; автоматты сақтандырғыштан алып ағытқыш ілмекті басқанда, шүріппе соққышқа соғылады.
Автоматты (пулеметті) тазалау кезінде оның темір бөліктерінде майысу, ал ағаш бөліктерінде жарылу мен соғылу болмауына көз жеткізу керек. Ұңғы арнасы, газ камерасы, газ түтігі, газ поршені жағдайына аса көп көңіл бөлу керек.
Керек-жарақтарды қарау кезінде олардың болуы мен жарамдылығын тексеру керек.
Сүмбі, сүрткіш және тазалағышты тексеру үшін, алдымен олардың майыспағандықтарына көз жеткізу керек.
Пеналда жарылу, жаншылу, майысу болмауы керек. Оның бүйір тесігінен сүмбінің басы өте алуы тиіс.
Майлағышта жарылулар мен тесіктер болмауы керек.
Бұрауыш жүзі жаншылмаған, шығарғыш майыспаған болуы керек.
Қаққыш бүгілмеген болуы керек. Оқжатар мен бұрама сұқпа жарылған, ұрылған, майысқан болмауы керек. Оқсауыттар оқжатар саңылауында жеңіл қозғалуы керек.
Бұрамасұқпа оқжатардың жоғары бөлігіне еркін киілуі керек; мұнда өткізгіш бүгілмелері оқжатар мойнындағы тиісті саңылауға енуі керек.
Автоматты (пулеметті) қарау кезіндегі табылған ақаулар туралы өз командирлеріне дереу хабарлау керек.
Ұрыстық оқсауыттарды қарау.
Ұрыстық оқсауытты атыс алдында, күзетке түсу кезінде және командир бұйрығы бойынша тексереді.
Оқсауытты қарау кезінде:
- оқсауыттарда тат басқан және майысқан жерлерінің болмауы, оқтың оқсауыт аузында берік тұруы;
- капсюльде жасыл қақтың болмауы, капсюльдің оқсауыт түбінің бетінен шығып тұрмауы;
- ұрыс оқсауыттарының арасында жаттығу оқсауыттарының болмауы тексеріледі.
Барлық бүлінген оқсауыттар қоймаға тапсырылады. Егер оқсауыттарда шаң басқан, ластанған, жасыл қақ немесе тот тұрған болса, оларды құрғақ шүберекпен сүрту керек. Оқсауыттарды майлы шүберекпен сүртуге, сондай-ақ оқжатарда көп майланған оқсауыттармен жарақтауға тиым салынады.
Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау.
Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау – оның атыс кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Автомат (пулемет) атысқа бөлімше командирінің басшылығымен дайындалады.
Автоматты (пулеметті) атуға дайындау кезінде:
- автоматты (пулеметті) бөлшектенген түрде қарап, тазалап, майлау;
- автоматты (пулеметті) жиналған түрде қарау;
- оқжатарды қарау қажет.
Тікелей атыс алдында ұңғы арнасы (ойықта бөлік пен оқтық) құрғатылып, сүртіледі.
Егер автомат (пулемет) ұзақ уақыт аязда болған болса, оны оқтау алдында оқжатарын ағытқан қалпында бекітпе жақтауын қолмен ілгері-кейін қозғап алу керек.
Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері.
Автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерін дұрыс қарап күтсе, ол ұзақ уақыт сенімді де кідіріссіз жұмыс істейді. Алайда механизмдердің ластануы, бөліктердің тозуы және ұқыпсыз ұсталуы, оқсауыттардың жарамсыздық салдарынан атыс кезінде кідірістер болуы мүмкін .Атыс кезінде болған кідірісті, ең алдымен қайта оқтау арқылы түзеп көру керек. Бұл үшін бекітпе жақтауын тұтқасынан ұстап, тез кейін тартып барып босатып жіберу керек те, атысты жалғастыру керек. Егер кідіріс қайталанса, оның себебін анықтап, кестеде келтірілген әдістердің бірімен жою керек.

Кідіріс және оның сипаты Кідірістің себебі Кідірісті жою әдісі
Оқсауыттың берілмеуі.
Бекітпе алдыңғы жағдайда, бірақ атыс болмады-оқтықта оқ жоқ. 1. Оқжатардың ластануы немесе ақаулығы.

2. Оқжатар ілгішінің ақаулығы. Автоматты (пулеметті) қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанғанда оқжатарды алмастыру.
Оқжатардың бекітпесі ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберханасына жіберу.
Оқсауыттың кептелуі.
Оқсауыт оғымен ұңғының оқталатын бөлігіне тірелген, жыл- жымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған. Оқжатардың ақаулығы Бекітпе жақтауының тұтқасынан ұстап тұрып, кептелген оқсауытты алып тастап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, оқжатарды ауыстыру.
Атылмай қалу.
Бекітпе алдыңғы жағдайда, оқсауыт оқтықта, шүріппе босатылған - атыс болмады. 1 Оқсауыттың жарамсыздығы.
2. Соққыштың немесе соққыш-ағытқыш механизмнің ақаулы-ғы; ластануы, майдың қатып қалуы (соққыштың капсюльді соқпауы немесе бәсең соғуы).
3. Соққыштың бекітпеде кептеліп қалуы. Автоматты (пулеметті) қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, соққыш пен соққыш-ағытқыш механизмді қарап тазалау; бұзылған, тозған болса, автомат жөндеу шеберханасына жіберіледі.

Соққыш бекітпеден ажыратылып, бекітпедегі соққыш астындағы саңылау тазаланады.
Оқсауыттың алынбай қалуы.
Оқсауыт оқтықта, кезекті оқсауыт оған оғымен тірелген, жылжымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған. 1.Оқсауыт лас немесе оқтық ластанған.

2.Лақтырғыштың немесе оның серіппесінің ластануы не ақаулығы. Бекітпе жақтауының тұтқасын кері тартып оны артқы жағдайда ұстай тұрып, оқжатарды бөлшектеп, тірелген оқсауыт алынады.
Бекітпе немесе сүмбімен оқсауыт оқтықтан шығарылады. Кідіріс қайталанса, оқсауыт пен оқтық тазалануы керек.
Лақтырғышты қарап, тастан тазартып, атысты жалғастыру. Лақ-тырғыш-ақаулы болғанда, автомат жөндеу шеберханасына жіберіледі.
Оқсауыттың шағылыстыр-ылмауы. Оқсауыт ұңғы қорабынан лақтырылмай, сонда бекітпенің алдында қалған немесе бекітпе арқылы қайтадан оқтыққа жіберілген. 1.Үйкелуші бөліктердің, газ жолдарының немесе оқтықтың ластануы.

2.Лақтырғыштың ластануы немесе ақаулылығы.
Бекітпе жақтауының тұтқасын кері тарту, оқсауытты лақтырып, атысты жалғас-тыру. Кідіріс қайталанса, газ жолдарын, үйкелуші бөліктерді және оқтықты тазалау; үйкелуші бөліктерді иайлау.
Лақтырғыш ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберханасына жіберу.
Бекітпе жағдайының алдыңғы жағдайға жетпеуі. Қайтарма серіппі сынған. Серіппені алмастыру (урыс жағдайында серіппенің алдыңғы бөлігін жарақталған ұшымен артқа бұрап, атысты жалғастыру).
Автоматтың (пулеметтің) керек-жарағы.
Керек-жарақ автоматты (пулеметті) бөлшектеу, жинау, тазалау үшін және оқжатарларды оқсауыттармен жедел жабдықтау үшін қызмет етеді. Оған жататындар: сүмбі, сүрткіш, тазалағыш, кірпішек, бұрауыш, қаққыш, бұрмасұқпа, пенал, оқтізер және майсауыт.
Сүмбі ұңғы арнасын, автоматтың (пулеметтің) басқа да бөліктерінің аралары мен қуыстарын тазалау үшін қолданылады. Оның қаққышқа арналған саңылауы бар басы, тазалағышты немесе кірпішекті бұрап кіргізетін бұрандасы болады.
Тазалағыш ұңғы арнасын, сондай-ақ автоматтың (пулеметтің) басқа да бөліктерінің арналары мен қуыстарын тазалау және майлау үшін қажет. Оның ішкі бұранданы сүмбіге бұрап кіргізуге арналған бұрандасы және шүберек не кендірге арналған саңылауы болады.
Сүрткіш ұңғы арнасын ұңғы тазалау ерітіндісімен (ҰТЕ) тазалау үшін қолданылады.
Бұрауыш және қаққыш автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинау кезінде қолданылады. Бұрауыштың ұшындағы ойық қарауылды бұрап кіргізу және шығару үшін, ал бүйіріндегі ойығы тазалағышты сүмбіге бекітуге арналған. Бұрауышты пайдалануға ыңғайлы болу үшін, ол пеналдың бүйір саңылауына қойылады. Ұңғы арнасын тазалау кезінде бұрауыш пеналға сүмбі басының үстінен салынады.
Пенал тазалағышты, сүрткішті, бұрауышты, қаққышты сақтау үшін қызмет етеді. Ол қақпақпен жабылады. Пенал ұңғы арнасын тазалау және майлау кезінде сүмбі жалғастырғышы ретінде, қарауылды бұрап енгізу және шығару кезінде бұрауыштың тұтқасы ретінде және газ түтігінің жапқышын бұрау үшін қолданылады.
Бір мойынды майлағыш майдан сақтау үшін қызмет етеді, ол оқжатарға арналған сөмке қалтасында болады.
Оқтізер оқсауыттарды тасуға және оқжатарды оқсауыттармен жедел қамтамасыз етуге арналған. Оқтізерде 15 оқсауыт болады. Оның екі өтпе саңылау серіппесі болады.
Бұрамасұқпа оқжатарды оқсауыттармен жабдықтау кезінде оны оқтізермен жалғастыру үшін қызмет етеді. Оның төменде – оқжатар мойынның тиісті саңылауына кіретін екі бұрамасы; жоғарыда – оқтізер мен тіреу үшін екі өтпе саңылауы болады, олар оқтізердің қозғалысын шектейді
Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау.
Автомат (пулемет) толық жарамды және әрекетке дайын болуы керек. Бұған оны дер кезінде тазалау, майлау және дұрыс сақтау арқылы қол жеткізіледі.
Автоматты (пулеметті) тазалау:
- атысқа дайындық кезінде;
- атыс аяқталғаннан соң; (ұңғы қорабы, ұңғы арнасы, газ камерасы, газ поршені, бекітпе жақтау, бекітпе тазартылып, майланады).
- ұрыстық жағдайда, ұрыс тыншыған кезінде және ұзақ жаттығуларда үзіліс кезінде күн сайын жүргізіледі;
- егер автомат (пулемет) қолданылмаса тазалау аптасына бір рет жүргізіледі.
Автоматты (пулеметті) тазалау мен майлау бөлім командирінің тікелей басшылығымен жүргізіледі.
Казармада немесе далада автоматты тазалау осы мақсатқа арналған үстелдерде, ал ұрыстық жағдайда - таза төсеніш, тақтай, фанера үстінде жүргізілуі тиіс.
Ату орындарында автоматты (пулеметті) атыс аяқталғаннан соң сұйық қару майымен тазалау офицерлер жетекшілігімен жүргізіледі.
Ату орындарында сұйық қару майымен тазаланған автомат (пулемет) казармаға оралғаннан соң ұңғы тазалау ерітіндісімен (ҰТЕ) қайта тазалануы керек.
Автоматты (пулеметті) тазалау мен майлауға қолданылатын майлар:
- суық қару майы автоматты (пулеметті) тазалау және оның бөлшектері мен механизмдерін +5С-тан +50С-қа дейінгі температурада майлау үшін;
- қару майы: тазаланған соң +1С-тан +5С-қа дейінгі температурада майлау үшін;
- ҰТЕ: тазалауға арналған;
- шүберек немесе КВ-22 қағазы: сүрту мен тазалауға;
- талшықтан тазартылған кендір: тек қана ұңғы арнасын тазалау үшін;
Автоматты (пулеметті) тазалау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:
1) Тазалау мен майлау құралдарын дайындау;
1) Автоматты (пулеметті) бөлшектеу;
2) Керек жарақтарды тексеріп, оны тазалауға қолдану үшін дайындау;
3) Ұңғы арнасын тазалау.
Автоматты тазалауды аяқтағаны туралы жауынгер бөлім командиріне баяндайды, содан соң оның рұқсатымен автоматты (пулеметті) майлап, жинауды жүргізеді.
Ұңғы арнасын сұйық қару майымен тазалау үшін сүрткіш ойығына кендір не шүберекті енгізу керек, кендірге (шүберекке) аз ғана сұйық қару майын құйып және оны аздап уқалау керек. Тазалағышты не кендірлі сүмбіні ұңғы арнасына кіргізеді.
Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен сүмбіні ұңғы арнасының бүкіл бойымен бірнеше рет баппен жүргізеді. Сүмбіні суырып алып, сүрткіні ауыстырып, оған мылтық майын сіңіріп, сол ретпен ұңғы арнасын таза, құрғақ сүрткімен мұқият сүртіп, одан кейін таза шүберекпен сүртеді. Шүберекті алып қарайды, егер онда күйенің ізі, тат, немесе ластың ізі болса, ұңғы арнасын шүберек таза болып шыққанға дейін тазалауды жалғастырады. Ұңғы арнасын ауыз жағынан және оқтық жағынан жарыққа мұқият қарайды. Бұл ретте ойықтардың бұрыштарына ерекше назар аударып, оларда күйенің қалмағаны тексеріледі. Осы әдіспен оқтық ұңғы қорабы жағынан тазаланады.
Ұңғы арнасын тазалау ҰТЕ-не батырылған сүрткіш арқылы жүргізіледі; содан соң ұңғы арнасы кендірмен сүртіледі. Бұдан соң ұңғы арнасын құрғақ кендірмен, сосын таза шүберекпен сүртеді.
Автоматты (пулеметті) майлауды былайша жүргізеді:
1) ұңғы арнасын, оқшантайды, ұңғылық тежеуіш компенсаторды және жалын сөндіргішті тазалағыштың ұшына май сіңірілген шүберек салып майлайды;
2) автоматтың қалған металл бөліктерінің бәріне май сіңірілген шүберекпен жұқа қабат май жағады. Бұл ретте шамадан артық майлау бөліктерді ластап, атыс кезінде кідіріс туғызуы мүмкін;
3) майлап болғаннан кейін автомат (пулемет) жиналады, оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы тексеріледі, оқжатарлар мен керек-жарақтар майланады, содан соң оны бөлімше командиріне көрсетеді.
Жылдың суық мезгілінде автоматты (пулеметті) тек сұйық қару майымен майлау қажет. Келесі майлаудың алдында бұрынғы майды тазалап тастау керек.
Майды кептіру үшін автоматты (пулеметті) толық бөлшектеу керек, сұйық қару майымен барлық металл бөлшектерін жуып, оларды таза шүберекпен сүрту керек.
Ескерту. Ауа райы +5С-тан төмен болған кезде қару майын қолдануға тыйым салынады.
Ұзақ уақыт бойы сақтауға тапсырылатын автоматты (пулеметті) сұйық қару майымен майлап, ингибиттелген, ал сосын парафинделген бір қабат қағазға орау қажет.
Автоматтар (пулеметтер) мен оқсауыттарды сақтау және күтіп ұстау.
Қарудың сақталуы мен күтіп ұсталуына бөлімше командирі жауапты.
Автомат (пулемет) оқтаусыз сақталады, бұл ретте оқжатар ажыратылады, сүңгі-пышақ алынады, шүріппе босатылады, автоматта көздеуіштің қамытшасы «П» бөлігіне, пулеметте «1» бөлінісіне қойылады, пулемет сирақтары жиналып, серіппелі ілгекпен бекітіледі. Автомат (пулемет) оқтау және атыс жүргізу алдында ғана сақтандырғыштан түсіріледі.
Автомат (пулемет) казарма немесе далалық жағдайларда пирамидаларда сақталынады; сол пирамиданың ерекше бір бөлімінде оқжатарлар, оқжатарларға арналған сөмкелер, қынаптағы сүңгі-пышақтар, майлауыштар мен қапшықтар, сондай-ақ жиналмалы дүмді автоматқа арналған пенал сақталынады.
Ғимаратта орналасу жағдайында автоматты (пулеметті) есіктен, пештен және жылытқыш аспаптардан қашық, құрғақ жерде, ал соғыс уақытында - қолда ұстау керек.
Автомат (пулемет) автомобиль мен сауытты транспортерлерде жылжу кезінде тізе арасында тік тұрады, ал танкте қолда болуы керек.
Автоматтарды (пулеметтерді) темір жол немесе су арқылы тасымалдау кезінде арнай пирамидаларда ұстау керек. Пирамидалар жоқ кезінде қолда немесе сөрелерде ұстау керек.
Автоматтың (пулеметтің) ұңғы арнасына су тимеуінен сақтану керек. Егер су тиген болса, онда атыс алдында автоматтың (пулеметтің) жылжымалы бөлшектерін артқа қарай тартып, ұңғы жағын төмен қаратып, бірнеше рет сілку керек; бұл кезде су ұңғы арнасынан ағып кетеді.
Оқсауыттар құрғақ, мүмкіндігінше күн сәулесі түспейтін жерде сақталынуы керек

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.