.
.
Сабақтың тақырыбы: «Саптық адым» «Саптық адым»
Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2050 | Размер: | Автор: ТәрбиеӨткізілетін күні: _________________
Сынып: 11 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға АӘД пәнінің басты міндеттері мен сүйенетін заңнамаларын еске түсіріп, саптық адымның қолданылу реті мен жағдайларын, саптық адыммен қозғалыс кезінде жүзеге асырылатын пәрмендер бойынша іс-әрекет жасауды үйрету.
Дамытушылық: Саптық жүріс дағдыларын, пәрменге сай дұрыс әрекет етуге, бірігіп жұмыстануға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Отан алдындағы борышкерлікке, жауаптылыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Өткізілетін орны: саптық алаң
Көрнекі құралдар: «ҚР Заңнамасы» жинақ папкасы, «Саптық дайындық» плакаты
Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында саптық адым элементтері мен жүзеге асырылатын пәрмендерді, міндеттерді ажыратып, дұрыс орындай біледі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
Қызығушылықты ояту
Ой шақыру
Оқушылар, алғашқы әскери дайындық сабағынан 10 сыныпта нені үйрендіңіздер?
Нені білемін? Нені үйрендім?
Мағынаны тану
Жоспар:
АӘД пәнінің негізгі заңнамасы
Саптық адым: сипаттамасы, орындалуы
Жастарды әскери дайындауға негіз болып табылатын құжаттар:
1. 2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңынан:
10-бап. Бастапқы әскери даярлық
1. Азаматтармен бастапқы әскери даярлық жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізiледі.
2. «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысынан:
Бастапқы әскери даярлық:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, мемлекеттің қорғаныс негіздерін зерделеу;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тағайындалуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының қастерлі міндеті ретінде әскери қызметтің мәнін, әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының негізгі талаптарын түсіндіру;
3) әскери бөлімдердің қару-жарағымен және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасуымен және тұрмысымен таныстыру;
4) қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды алу, төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру мақсатында жүргізіледі.
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады. Адыммен қозғалыс жасау минутына 165 - 180 адым, адымның шамасы 70 – 80 см. Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 110 - 120 адым, адымның шамасы 85 – 90 см.
Адым саптық және жорықтық болады.
Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өту кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде; әскери қызметші саптан шыққанда және қайтып келгенде; саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады. Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым бас!» пәрмені бойынша басталады. Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салынады; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады. Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15–20см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек; алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.
Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.
Ойтолғаныс
Пысықтау сұрақтары:
«Алғашқы әскери даярлық» сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сәйкес жүргізіледі?
Саптық адым қай кезде қолданылады?
Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқу(ҮІ тарау, §1), пәрмендер бойынша жаттығу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.