.
.
Түсінік хат Түсінік хат
Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3338 | Размер: | Автор: balaseriЭкологиялық тәрбие –қазіргі таңдағы білім саласындағы ең бір басты бағыттардың бірі. Бастауыш сатыда бір заттар мен табиғат құбылыстарды жүйелі түрде бақылау,зерттеу, эксперимент жүргізу негізінде жүзеге асады. Ол ойын түрін, бейнелеу,модельдеу т.б. іс әрекеттерін енгізеді. Бұл бағдарлама табиғатты жаңа танып келе жатқан 1-сынып оқушыларына арналған. Ол дүниетану сабағына қосымша ретінде аптасына 1 сағаттан 33 сабаққа арналып жасалған.
Ұсынылып отырған бағдарлама оқушыларға тірі және өлі табиғат , адам және табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы білімді игеруге көмектеседі.
Ол оқушыларға экологиялық тәрбиемен қатар қоршаған ортаға,табиғатқа мейірімділікпен қарауға тәрбиелейді.
Негізгі ұғымдар дүниетану пәнімен байланыса отырып, ҚР білім стандартына негізделіп алынған.
Пәннің мақсаты – бізді қоршап тұрған табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін кеңейту.
Бағдарламаның міндеттері:
1) табиғатты қорғау саласында оқушылардың білімдерін жүйелеу, нақты мысалдар келтіре отырып, суреттермен көрсете отырып нақтылау
2) жас ерекшеліктеріне сай табиғаттану түсініктерін;
3) Баланың эмоционалды сезімін байыту.Табиғаттың сенімді досы болуына көмектесу.
4)анықтамалармен,энциклопедиямен жұмыс жасауға үйрету.Берілген тақырып бойынша өздігінен ізденуге дағдыландыру;
5)Доклад,рефераттар жасап, оқуға , сөзжұмбақ шешуге үйрету Беріліп отырған материалдың алуантүрлігі оқушының танымдық қабілетін белсендіріп, дүниетану сабағына қызығушылығын арттырады.Оқу үрдісін ұйымдастырған кезде саяхат-сабақ, экскурсия-сабақ, викторина-сабақ,КВН сабақ,бинарлы т.б. сабақтардың формалары ұсынылады . Сабақта сұрақтар мен тапсырмалар білімді әр түрлі деңгейде(репродуктивті, продуктивті, шығармашылық), қабылдауға , оқушының жас ерекшелігіне, жеке қабілетіне бағытталып жасалады.
Бағдарламада 8 оқу тақырыптары берілген. Әр тақырыпқа белгіленген сағат саны көрсетілген. Бастауыш буында алған білім одан кейінгі алатын білімнің іргетасы екені бәріне мәлім. Дүниетану пәні жаратылыстану бағытында жүргізілетін пәндердің негізі болады.
Авторлық бағдарлама
«Табиғатта қонақта»
№
п/п Тақырыбы Сағат саны Өтілу мерзімі
Экология дегеніміз не? 4
1. Жер-біздің ортақ үйіміз 1
2. Экология дегеніміз не? 1
3. Күзгі саябаққа саяхат 1
4. Табиғаттағы өзара байланыс 1
Орман-біздің байлығымыз 8
5. Табиғат пен адам. Табиғатта өзіңді ұстау ережелері. 1
6. Гүзгі тоғайға саяхат 1
7. Орман-біздің байлығымыз 1
8. Өлкетану мұражайына саяхат 1
9. Жануарларды білесің бе? Викторина. Жануарлар туралы кітапша шығару 1
10. Сен білесің бе? 1
11. Табиғат түстері? 1
12. Ормандағы өрт туралы 1
Табиғатты қорғау тәсілдерін үйрену 7
13. Жануарларды қорғау. Қорықтар,хайуанаттар бағы. 1
14. «Құстар»қаласы. Құстарды қоректендіру. «Құстарға өз қамқорымызды көрсетейік» 1
15. Саңырауқұлақтар әлемі 1
16. Ойын «Не?Қашан? Қайда?» 1
17. Қызыл кітап. 1
18. Ауа мен өмір 1
19. Қысқы саябаққа саяхат 1
Топырақтағы өмір 2
20. Сиқырлы қазына 1
21. Топырақтың тірі тұрғындары 1
Су және өмір. 3
22. «Алтын балық» ертегісі. 1
23. Түрлі- түсті өзен. 1
24. Өзенге саяхат. 1
Біздің қанатты достарымыз 5
25. Құстардың аты мен дауыстары 1
26. Кімнің үйі жақсы? 1
27. КВН «Қанатты достар». 1
28. Құстарға қалай үй жасауға болады? 1
29. Көктемгі саябаққа саяхат 1
Қорғауға алынған өсімдіктермен танысу 3
30. Қайыңдар да жылайды 1
31. Саяхат-сабақ«Ерте гүлдейтін гүлдерде қонақта». 1
32. Жасыл дәріхана 1
Жыл бойы өткенге қорытынды жасау 1
33. Қорытынды сабақ. 1
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.