.
.
Қысқа мерзімді жоспар Жарықшақты қол гранаталары
Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2512 | Размер: | Автор: ТәрбиеПәні: АӘД Пән мұғалімі: К.Егенұлы
Сыныбы:8
Сабақтың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаталары (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО)
Мақсаты: Жарықшақты қол гранаттарын салыстыра отырып арнаулы және ұрыстық қасиеті мен құрылысын меңгерту.
Жұмыс нәтижесі: Оқушылар ҚР Қарулы Күштерінде және қаруларында қолданылатын РГД-5, РГН, Ф-1, РГО гранаттарының ұрыстық қасиеттерін, құрылысын біледі.
Сілтеме: К.Аманжолов, А.Тасболатов, Д.Майхиев, Б.Аманжолова
Алғашқы әскери дайындық 10 сынып Алматы «Мектеп» 2006 ж
Негізгі идеясы: Жарықшақты қол гранаттары туралы түсінік беру
Қолданылатын әдістер мен тәсілдер: Сұрақ қою, жеке жұмыс, топтық жұмыс, оқу, зерделеу, сыни тұрғыдан ойлау, постер дайындау
Ресурстар: Постер, маркерлер, түсті қағаз
1. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
А)Кезекшінің мәліметін қабылдау.
Ә)Сыныпты погондар арқылы төрт топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Әр топтан екі оқушы шығып, автоматты бұзып құрайды.
3. Жаңа сабақ. Мұғалім жалпы түсінік береді. Әр топқа гранаттар түрі беріліп, сипаттама беріп, постер дайындау тапсырылады. Постерге қойылатын критерийлер:
• Қол гранаттарының арнаулы және ұрыстық қасиеті
• Гранаттың құрылысы
• Нақтылық
• Жүйелілік
4.Постер дайындау
5Постерді қорғау
6.Жинақтау, қорытындылау
7.Бағалау. Мадақтау, марапаттау. Әскери погондар арқылы бағалау.
Кері байланыс: Екі жұлдыз, бір тілек
Сабақты аяқтау: Сыныппен қоштасу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.