.
.
Ақтөбе қаласы. «Балалардың көркем сөйлеу мәдинетін қалыптастыру»
Сабақ жоспары | Предметы | Балабақшадағы ашық сабақтар Загрузок: 263 | Просмотров: 1682 | Размер: 41.8 Kb | Автор: Нартай4540№16 «Аққайың» МДҰ
Тәрбиешісі: Нағыметова Г.Ә
«Балалардың көркем сөйлеу мәдинетін қалыптастыру»
Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзекті алатын жері-ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Біз яғни болашақ ұрпақ тәрбиесінің айналысатын қазақ тіл мұғалімдері халқымыздың таусылмас бай асыл мұрасына жүгінсек, ұрпағымыз біздің балабақшамыздағы жүргізіліп жатқан жұмыс бағыты балаларымызды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге, адамгершілікке баули отырып, жаңа дәуір технологиясын табысты игеру. Алға қойған мақсатымыз ойдағыдай жүзеге асу үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді толық меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады. Ана тілін қастерлеген адам өз халқының тарихын, тұрмыс жағдайын, тыныс-тіршілігін жақсы біледі. Тіл білген адам-мәдени, рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы оның тілінен көрінеді, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын құрал. Сондықтан балабақшадан бастап өз ана тілімізде сөйлеп, өз халқымыздың қадір-қасиетін, рухани құндылығымызды біліп өссек, болашақ ұрпақта өз тілін қадір тұтады. Тіпті өмірде болып жатқан жаңалықта, басқа да өзгерістер біздің сана сезімізге өз деңгейінде келіп жетіп жалғасын табады. Тіл-ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының, атын атай білуге қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын баланың шын тіршілігі. Ойын балалар үшін айналаны танып, білу тәсілі. Келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, дидактикалық құрлыс ойындары, қимылдық ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Ойын баланың тілін дамуына ықплын тигізеді.
Тіл мәдениетінің дамуына жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастыру тиімді тәсілі. Өйткені, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы-ғажайып ертегілер мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, өнер көзі. Тіл мәдениетіне тәрбиелеуде жұмбақтар үлкен роль атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа баулып ой қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.
Ойыншықтар, жануарлар, тағамдар, тұрмыстық заттар туралы жұмбақтарды жасырып отырса балалардың сөздік қорын молайтады. Баланың тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту өз ойын еркін жеткізуін қоршаған ортамен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Қазақ халқының салт дәстүрі әдебиеті келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп. Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше. Балалар ертегі тыңдап бір-біріне жұмбақ жасырғанда жаңылтпаш айтқанда тыңдағанды ұнатады.
Халық ауыз әдебиетінде ерекше орны бар. Баланың ойының ұшқыр қиялының өткір зерек болып тілінің бай, ертегілердің тигізер әсері мол. Өз тәжрибемде оқыту іс-әректі үстінде әр түрлі көрнекі құралдарды түрлендіре пайдаланғанды жөн санаймын, өйткені олар арқылы балаларды қызықтырып, өзіне тартуда қиынға соқпайды. Ертегілерді әр түрлі суреттер арқылы түсіндіріп аламын, киіпкерлерге қысқаша мінездеме беремін. Мектепке дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлеуге үйрету, тәрбиемен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу түрін дамытуда сөз құрастырып сөйлеуіне создік қорының молайуына аса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүние танымын кеңейтіп ойын өрісін тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиетінің алатын орны ерекше. Балабақшада тіл дамыту жұмыстарын көркем әдебиетпен таныстыру арқылы жүзеге асыруға болады.
Баланың тілін дамытудың негізгі көркем шығарманың мәтіні екеніне ерекше тоқталып өтетін болсақ, 3-4 жасқа дейінгі балалардың суретті кітаптарды қызыға қарайтыны мәлім. Сондықтан оларға суретті айқын кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы қызық, қорқыныш сезім тудырмайтын, халық ауыз әдебиеті нұсқауларын жатқа айтып беріп, ойната тыңдату тиімді. Мысалы «бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық», шығармаларын ұсынуға сондай ақ «Бауырсақ» ертегісін қуыршақ тиятыры арқылы өткізуге болады. Ол үшін алдын ала дайындық кезегінде рольдерді бөліп беру, әр киіпердің дауыстарын келтіріп, еркін ойнауға машықтандыру керек. Рольдерге болініп ойнау арқылы бұл ертегі балалардың есінде жатталып қалады.
Ендеше ұмыт қалып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жанжандыруға, қазағымыздың иманды да инабатты сыпайы алғыр батыл, зерек ұлы мен қызын тәрбиелеуде өз үлесімізді қосайық. Өйткені қазақтың халық ауыз әдебиетімен сусындаған балаларымыздың тілі ұшқыр, ойы зерек, тәрбие өнегесі көргенді болмақ.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.