Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тіл халық қазынасы -

Тіл халық қазынасы

Сабақ жоспары | Предметы | Балабақшадағы ашық сабақтар Загрузок: 349 | Просмотров: 1983 | Размер: 42.0 Kb | Автор: Нартай4540
. Тіл халық қазынасы.

Байтугелова Г.Е. «Балауса» балалар бақшасы
Жамбыл обл. Т.Тысқұлов ауданы.Құлан ауылы.

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық».
Бөлімі: Тіл дамыту, айналамен танысу, сурет, жапсыру.
Мақсаты: Балалардың Қ.Р. Отаны, тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейтіп, оның табиғатытуралы мағлұматберу.Туған елге,тілге,жеріне, отанына деген сүіспеншілдігін білдіруге тәрбиелеу.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын жетілдіру. Шығармашы-лық қабілеттерін, ой-қиялдарын, эстетикалық танымдарын дамыту, ірі ж/е ұсақ моториканы жетілдіру.
Көрнекілік: Қ.Р-ның мемлекеттік рәміздері, сандықша, қоржын, үлгілер.
Керекті құрал-жабдықтар: Ақ парақ, субояқ, түсті қағаз, желім, мақта, бұршақтар.
Сөздік жұмыс: Рәміз ,тәуелсіз.
Билингвистикалық компонент: Отан – родина, елтаңба – герб, ту – флаг, гимн.
Инклюзивтік әлеумент: Даму мүмкіншілігі шектеулі балаларға тіл жаттығуын қайталату.
Іс-әрекет кезеңі:
Мотивациялық қозғаушы.
Қазақстан Респуликасының мемлекетік гимні орындалады.
Балалар орындарынан тұрып оң қолдарын жүрек тұсына қойып гимнді орындайды.
Амандасу:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Біз әдепті боламыз,
Иіліп сәлем береміз
Жылулық шеңбері: «Менің сүйікті отаным!» Жүрекшені кеудесіне төсей отырып жылы лебіздерін білдіреді.
-Мен ,балабақшамды сүйемін!
-Мен , ауылымды жақсы көремін!
-Мен, әке-шешемді сүйемін! Т.с.с.
Барлығы бірге:
-Жас ұланымын елімнің,
Болам ұл-қыз зор әлі.
Қазақстан жалауын,
Көтеремін жоғары.
Балалардан Отан, дос туралы тақпақ мақал-мәтел сұрайды.
-Отан оттан да ыстық.
-Аққуды атпа, досыңды сатпа.
-Отан асыл анамыз,
Ана сүтін ақтаймыз.
Есейгенде ер болып ,
Елді жаудан сақтаймыз.
Іздену ұйымдастырушышы кезең:
Тосын сәт: Қоржынын арқалап Алдар көсе келеді.
Балалардың назары Алдар көсеге бөлінеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен кең байтақ қазақ жерін аралап көмекке зәру адамдарға көмектесіп жүрмін.Міне сендердің жерлеріңе де келіп жеттім.
-Туған ауылдарың қалай аталады?
-Құлан ауылы.
-Ұлттарың кім?
-Қазақ.
-Мені таныдыңдар ма? Мені қандай ертегілерде кездестірдіңдер?
-Ия. Алдар атасыз.
-Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе.
-Қазақ халқының ұлттық ертегілерін атап беріңдерші.
-Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе.
-Мақта қыз бен мысық . Қарлығаштың құйрығы неге айыр. Ұр тоқпақ..т.б.
-Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
-Ханталапай,қыз қуу,бәйге... (Осы кезде атаның ұялы телефоны шырылдайды,оны қонаққа шақырады.Алдар балаларға рахмет айтып сиқырлы сандықша сыйлап қоштасып кетеді.)
-Мынау неткен әдемі сандықша, ашып көрейікші(сиқырлы дауыс шығады)
Жаұяның қатысуы:
Сиқырлы дауыс жанұяның қатысуымен айтылады.Тапсырма орындалса ғана сандықша ашылатынын ескетеді.Компьютерден сұрақтар қояды.
1-тапсырма:
1.Сендер тұратын мемлекет қалай аталады? (Қазақстан республикасы)
2.Мемлекеттік тілдерің қай тіл? ( Қазақ тілі. «Тілін білмеген ,түбін білмейді»)
3.Қ.Р.қандай Республика? (Тәуелсіз )
4.Қ.Р.елбасы кім? Н.Ә.Назарбаев .
5.Қ.Р.астанасы қай қала? (Астана қаласы)
2-тапсырма:
1.Қ.Р.мемлекеттік Рәміздерін ата.
-Елтаңба, ту, гимн.
-Герб,флаг,гимн.
2.Рәміздер туралы тақпатар айту
-Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
-Қәне балалар жаңа сөздерді қайталайықшы.
-Рәміз , тәуелсіз.
Әсем әуенмен сандықша ашылып ішінен түйілген орамал шығады.
Д/о: Түйілген орамал.Шеңберді айнала ойынды бастадым,
Бір баланың қасына келіп орамалды тастадым.
-Екі көзің не үшін керек? ( Жақсыларды көру үшін )
-Екі қолың не үшін керек? . ( Елге көмек беру үшін.)
-Аспанда неше жұлдыз бар? (Көп ) т.с.с. сұрақтар.
-Біздің Қазақстанымыздың табиғаты өте бай, әсем, тамаша. Табиғат дегеніміз не еді еске түсірейікші.
-Табиғат дегеніміз не ? ( Тау, ана, тал, күн,тас,қозы.т.б )
-Табиғат нешеге бөлінеді ? ( Өлі және тірі табиғат болады. Тірі табиғат өседі, өнеді:тал,жануар,адам.Өлі табиғат өспейді:тас,су.т.б. )
-Олай болса бойымызды сергітіп , табиғат сиынан аналарымызға арнап сыйлық жасайық..
Сергіту сәті. (Балалар «Өз орныңды тап» ойыны арқылы суретті карточкадағы бейнеге қарап «Гүл», «Қой», «Алма», «Күн» орталықтарына бөлінеді
1-орт «Гүл», гүлдің сабағын таяқшамен бояп, күлтешесін түсті қағазбен жапсырады.
2-орт. «Қой», қойдың бейнесіне мақта жапсырады.
3-орт. «Алма», алма бейнесіне бұршақ жапсырады.
4-орт. «Күн», ұжымдық жұмыс Ақ қағазға табиғатты құрастырады (қиылған тал,гүл,күн , құс, көбелек.т.с.с )
Тәрбиеші даму мүмкіншілігі шектеулі балаларға көмек көрсетеді,тіл жаттығуын қайталатады, пан-пан-пан – ашық болсын аспан...
Саусақ жаттығуы.
Рефлексивті түзету:
Балаларға өзін-өзі бағалауға ұсыныс жасайды.
Оқу іс-әрекетін сұрақ - жауап алып қорытындылап мақтайды.
-Алдар-көсе келді.
-Сиқырлы сандықшадағы тапсырмаларды орындадық.
-Отан – Родина. Елтаңба-герб.
-Ту-флаг, Гимн - гимн.
Балалар ойын арқылы өзін-өзі бағалайды.Бұтаққа өзіне ұнаған түрлі-түсті шеңбершелерді іледі.түсін іледі.
Қызыл түс - өте жақсы .
Жасыл түс – жақсы.

Күтілетін нәтиже:
Не білді: Туған елге,тілге,жерге деген сүйіспеншілділігін білді.
Не алды: Өз Отаны тәуелсіз Қазақстан және оның табиғаты туралы
мағлұмат алды.
Не істей алады: Шығармашылық қабілеттерін дамыта алады.
Ұқыпты жұмыс жасай алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.