.
.
Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ» «1001 мақал, 101 жұмбақ»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5248 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Оқушылардың мақал-мәтел арқылы сөздік қорын байыту, дүниетанымын кеңейтіп, мақал-мәтелдерді орынды қолдана білуге және астарлы сөйлеуге тәрбиелеу. Жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер жазылған плакат, буклеттер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме , құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайсына қош келдіңіздер. Мақал- мәтелдер халық қазынасы деп ата- бабамыз бекре айтпаған. Қазақ халқы ежелден мақал- мәтел, қанатты сөздерге үйір болған. Көмейі бүлкілдеген кейбір жез таңдай шешендердің ұшқыр сөздері кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған. Жаңа заман, жаңа тұрмыс жаңаша мақал мәтелдер туғызады. Ойыйнды бастау үшін ортаға мақал- мәтел айтып жарысатын ойынжыларды шақырамыз. Ойынды бастамас бұрын өздеріңіздің ұнататын мақалдарды айтып берсеңіздер.
1. Ер бір өледі, қорқақ мың өледі.
2. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.
3. Бейнетің қатты болса, татақаның тәттәі болар.
4. Ердің атын еңбек шығарар.
5. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.
6. Наурыз айы- түске дейін мүйіз ,түстен кейін кейіз.
7. Білім қымбат білу қиын
8. Ел іші алтын бесік
9. Қыстың қамын жаз ойла
10. Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер
Осымен 1- кезеңнің 1 бөлімін бітті, қорытындылайтын болсақ, ең аз ұпай жинаған мақалшы шығады. Ал біз қалған 2 ойыншымен ойынды әрі қарай жалғастырамыз.
Мақал мәтел айтысында жеңімпаз атанған ойыншымызбен ақырғы айналымға дейін қоштасамыз. Ойынынымыздың 2 кезеңі бойынша көрермендер көрімдігі. Бұл кезеңнің шарты былай, мен бір сөз айтсам соны қатыстырып 5 мақал құрайсыздар.
«Туған жер туралы»
Туған жердің күні де ыстық , түні де ыстық
Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті
«Отан туралы»
Отансыз адам ормансыз бұлбұл
Отан оттан да ыстық
Халықтың орт ақ үйі – отан
Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас.
3- кезең . жұмбақ жарыс. Ортаға жұмбақ жарысының 3 ойыншысын шақырамыз. Таныстыру. Бұл айналымның шарты мен сіздерге жұмбақ жасырамын ал сіздер жұмбақтың жауабын табуларыңыз керек. Мұндада аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады. Бұл айналымның шарты түсінікті болса, ойынға көшейік.
1.Қате жазып жаңылсаң
Тазалайды ол барын сап. ( өшіргіш)
2.Жазу жазып жалықпаған,
Жазған сайын арықтаған (бор)
3.Итке ұқсаған ізін- ай
Оны қалай десек те
Ал бір жері қызық -ай
Ұқсап- ақ тұр есекке ( қоян)
4.Киім киген инеден
Қоқып ешкіп тимеген (кірпі)
5.Дәміде жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ ( су)
Ойынды қортылындайтын болсақ . Ойыншының ұпайын айту. Ұпайы аз жұмбақшымызбен қоштасамыз.Енді келесі айналымға өтсе,қалған екі ойыншы бір –бірімен бес-бестен жұмбақ айтып жарысады.Ең көп ұпай жинаған оқушы жұмбақшы жеңімпаз атанады.Тағы да келе келесі кезекті көрермендерге береміз.
1.Көзге ілінбейді
Жұтсаң білінбейді. ауа
2.Жансыз өзі жүрмейді,
Жанды оны сүймейді. арба
3.Иесі оның сәби
Әрі төсек , әрі үй ( бесік)
1. Торы тай,
2. Табанында төрт ай ( таға)
3. 5. Тиіп кетсе ән салған,
4. Даусына ел тамсанған. (домбыра)
5. 6. Аспанда бір ана бар,
6. Маңы толған балалар. (жұлдыз)
Міне осымен соңғы кезкң «Ақырғы айналымға» да келіп жеттік. Мақалшымыз бен жұмбақшымызды ду қол шапалақпен ортаға шақырайық. «ақырғы айналымның» шартымен таныс болсақ мен жұмбақшыға жұмбақ жасырамын. Ол жауабын тапса, оған мақалшымыз мақал құрайды. Түсінікті болса бастайық.
Жұмбақ. Таптым, таптым ьтап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға (түйе)
Мақал. Түйені таныған жапырақ
Жұмбақ. Тау басында қара орман,
Жыл озған сайын ағарған (шаш)
Мақал. Шаш ал десе , бас алар
Жұмбақ. Өткір жүзді келеді,
Өте қажет құрал ал
Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та тұрар ол ( пышақ)
Мақал. Ұста пышаққа жарымас.
Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады. ( Ұтылған ойыншыға сыйлық беріліп, қошеметпен шығарып салу) Бұл соңғы айналымның шарты. Жеңімпазға бір әңгіменің негізгі бөлімі айтылады, ойыншы әңгіменің жалғасын табу керек.. Сайысқа қатысу, қатыспау ойыншының өз еркінде
Қожанасыр айтыпты:
Бір күні түнде у- шудан кеткен Қожанасыр біреулердің үйдегі заттарын арбаға тиеп жатқанын көреді. Қалған заттарын Қожанасыр өзі жиыстырып, арбаға сала бастайды. Бұған таң қалған ұрылар:
Ау-Қожеке , бұныңыз не?- депті. Сондағы Қожанасардың жауабы:
Ау біз көшіп жатқан жоқпыз ба?
Тақырыбы: «Тапқыр достар» ойыны
Мақсаты: 1. Оқушылардың алған білім және білік дағдыларын анықтау. Оқуға деген қызығушылығытарын арттыру. 2.Оқушыларды жолдастыққа, бірлікке және тапқырлыққа тәрбиелеу. 3.Оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен тапқырлық қасиеттерін шыңдау.
Сабақтың көрнекілігі: ойын барысына қажетті материал.
Сабақтың әдістері: көрнекілік, ойын, сұрақ–жауап.
Сабақтың түрі: Ойын
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: І Психологиялық дайындық.
Оқушыларды топқа бөлу. Нақты жауап беруге және ұйымшылдыққа шақыру.
ІІ. Кіріспе кезеңі.
«Қазақстан – 2030» тақтада жазылуы тұр. Бұл не үшін деп ойлайсыңдар? (оқушылардың жауабы)
«Қазақстан – 2030» деп аталған Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың бағдарламасы бұл күнде ұшса құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.
Сұрақ:-Балалар, сендер 2030 жылы неше жаста боласыздар?
Ендеше, сендер болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып отырсыңдар.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
«Тапқыр достар» сайсымызды бастаймыз.
І тур. «Біліміңді шыңда»
ІІ тур. «Қас – қағым сәтте»
ІІІ тур. «Мақал сөздің мәйегі»
ІҮ тур. «Ізденіс – жеміс кепілі»
Ү тур. «Ой түйіндеу»
ҮІ тур. Жеңімпазды анықтау.
І тур. «Біліміңді шыңда» әр топқа сауат ашу пәнінен 3 сұрақтан қойылады.
1 топ.
Дауысты дыбыстардың бірнешеуін ата? (а, ә, і, ы, у)
Қай дыбыс сөздің алғашқы әрпі бола алмайды? (ң)
«Оқушы» сөзіне кім? не? сұрағының қайсысы қойылады?
2 топ.
Жаттаған бір өлеңді жатқа айтып беріңдер?
Дауыссыз дыбыстардың бірнешеуін атаңдар?
Тон, ішік деген не?
3 топ.
Көбелек сөзін буынға бөліңіздер?
Қай дыбыс бірде дауыс, бірде дауыссыз болып өзгере алады?
«Оқушы» сөзінің көпше түрі қалай?
ІІ тур. «Қас – қағым сәтте» әр топ 1 минутта 8 сұраққа жауап берілуі қажет. Жауап аталған әріптен басталуы шарт.
1 топ А әрпінен бастау.
1. ҚР астанасы? Астана
2. Қадірлі жан. Ана
3. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
4. Оқулықтың аты? Ана тілі
5. Ер адам және мұғалім Ағай
6. Алфавиттің бірінші әрпі? А
7. Жылқы, басқаша атауы Ат
8. Қаланың аты. Астана, Алматы, Ақтөбе, Алға.
2 топ Қ әрпінен бастау.
1. Біздің ұлтымыз Қазақ
2. Үлкен кісі, ата Қарт
3. Мемлекеттік тіл Қазақ
4. Сүттен алынған тағам? Қаймақ
5. Жылқының сүті? Қымыз
6. Музыкалық аспап Қобыз
7. Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан
8. Мына әріптен басталатын сөз Қ
3 топ Ж әрпінен бастау.
1. Далада арқан жатыр, оны қолыңа алсаң шағып алады. Ол не? Жылан
2. Күзде не сарғаяды? Жапырақ
3. Ағаш неліктен қозғалады? Жел
4. Ат, басқаша атауы Жылқы
5. Не жауса жер суланады? Жаңбыр
6. Қыз баланың есімі
7. Қаланың аты Жамбыл, Жезқазған
8. Жыл мезгілі Жа
ІІІ тур. «Мақал сөздің мәйегі» әр топ үйден дайындап келген мақал – мәтелдерін айтады.
ІҮ тур. «Ізденіс – жеміс кепілі» әр топ 1 минутта сөзтудырым жасайды.
1 топ – кемпірқосақ.
2 топ – алтыбақан.
3 топ – саңырауқұлақ.
Ү тур. «Ой түйіндеу»
а/ «Ұйқасын тап»
Кеше ойнап секіріп, Қанат алды ... / екілік/
Өзі жиі дүлдүл, бұл құстың аты ... /бұлбұл/
Суға қармақ салып, ұстап алдым ... /балық/
ә/ Қорытындылау.
- Балалар, бүгін сендер ой ұшқырлықтарыңды көрсеттіңдер. Ұшқыр ойдың серіктері білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже екен. Осы жақсы қасиеттеріңді бойларыңда қалыптастырсаңдар, жақсы азамат, азаматша болып өсесіңдер.
б/ Әділ қазыларға сөз беру.
в/ Жеңімпаздарды құттықтау.
г/ Ойынды туған жер өлеңімен аяқтау.
Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, қуанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
дей келе балалар, сіздерге тек сәттілік, бақыт және Қазақстанымыз өркендей берсін. Ата – ана сенімін ақтаңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.