.
.
1-сынып 1 санын қосу және азайту.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2244 | Размер: | Автор: Нартай4540Математика
Тақырыбы: 1 санын қосу және азайту.
Мақсаты
1.Білімділігі: Сан қатарының қасиетіне сүйеніп, 1 санын қосу және азайту
тәсілімен таныстыру. Санға 1-ді қосу үшін келесі санды атау,
1-ді азайту үшін алдыңғы санды атау жеткілікті болатыны
туралы қорытындыны тұжырымдау.
2. Дамытушылығы: Математикалық ойлауын дамыту.
3.Тәрбиелілігі: Жеке тұлғаның танымдық қабілетін қалыптастыру.
Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа материалды игерту сабағы.
Көрнекілігі: Электронды оқулық, Кеспе сандар, Қалталы полотно,
Ойындар үшін заттар.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру. Көңіл-күй ахуалы.
Балалар назарын тақтаға аудару.
А) Геометриялық фигураларды қайталау. (слаид)
Б) Тыныштық сәті. Көзді жұмып, ойша 0-10 сандарын санату.
2. Ойын «Өз орныңды тап»
Балаларға сандар беріледі. Әр бала қолындағы санға қарап өз орнын тауып тұрады. Сол санның көршілерін атайды. Сан қатары екені айтылады. Тура, кері санау. №3
Ойын «Жоғалған санды тап» (слаид)
1 * 3 4 * 6 7 * 8 * 10
Қайталау. * сан қатары,
* натурал сандар,
* бір таңбалы сандар,
* екі таңбалы сандар
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 - сан қатары
1 2 3 4 5 6 7 8 9 – бір таңбалы сандар
10 – екі таңбалы сан
3. Білімді еске түсіру.
А) Оқушылар өздерінің орындарынан жауап береді. Қолдарындағы санды көтереді.
4 санынан 1-еуі артық сан - 5
10- санынан 1-еуі кем сан - 9
7 санынан 1-еуі артық сан - 8
1-санынан 1-еуі кем сан - 0
4. Электронды оқулықпен түсінік беру.
1-ді қосу және азайту.
5. Мәселе қою.
Санға 1-ді қосқанда не шығады?
Саннан 1-ді азайтқанда не шығады?
(Оқушылар ой қорытуы тиіс)
6. Оқулықпен жұмыс. (82-83-бет)
№1. Суретпен жұмыс. Қыс мезгілі туралы әңгіме жүргізу. (слайд)
–Қазір қай мезгіл?
-Қыста қандай ойын ойналады?
-Қалай ойнайды?
-Төбешікте неше бала жүр? 5
-Неше бала келе жатыр? 1
-Сонда нешеу болады? 6 5+1=6 (теңдігін тақтаға жазғызу.)
1+5=6 (ережені қайталау)
-Біреуі сырғанап түсіп кетті. Неше бала қалды? 6-1=5 (қорыту)
№2 Электронды оқулықтан тапсырма орындау.
1+1=2 2-1=1
2+1=3 3-1=2
3+1=4 4-1=3
4+1=5 5-1=4
5+1=6 6-1=5
6+1=7 7-1=6
7+1=8 8-1=7
8+1=9 9-1=8
9+1=10 10-1=9
7. Сергіту.
Музыка тыңдау. «Егемен Қазақстан» әні. Оқушыларға сұрақ қою.
-Бұл ән не туралы?
-Әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?
( Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі туралы әңгімелеу.)
8. Дәптермен жұмыс. 55-бет.
№1 Машиналар мен ұлулар жарысында ретімен сандар қатарын жазу.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 ------ Бұлар Натурал сандар.
№2 Мысалдың мәнін өз беттерінше табады.
1 + 2 1 + 3 1 + 4 1 + 5
2 – 1 4 – 1 5 – 1 6 - 1
1 + 6 1 + 7 1 + 8 1 + 9
№3 Қолдың моторикасын дамыту үшін жүргізілетін тапсырма.
1 санын дұрыс жазу.
Оқулықтан көшіріп орындау.
№5 Қалып қойған санды орнына қояды. «Ұтыс» ойыны егер де оқушы қалып қойған санды тез таба білсе, онда ұтысты ұтып алады. Ұтысқа фишкалар тігіледі.
10 ═ 1 + * 9 ═ 1 + * 8 ═ 1 + * 7 ═ 1 + *
6 ═ 1 + * 5 ═ 1 + * 4 ═ 1 + * 3 ═ 1 + *
9. Сабақты аяқтау, бекіту.
-Бүгін не үйрендік?
10. Қорытындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.