Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
2345-sandarynyn-kestesin-kajtalau-54f44a16b0644 -

2345-sandarynyn-kestesin-kajtalau-54f44a16b0644

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1647 | Размер: | Автор: balaseri
. Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:2,3,4,5 сандарының +,-, кестесін қайталау
2.Дамытушылығы:
оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіру.
3.Тәрбиелігі: оқушыларға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру.
Түрі: қайталау
Әдіс-тәсілдері:
Пәнаралық байланыс:ана тілі,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:оқушылар ортаға шығып, бір –біріне жақсы тілектер айтады.
- Еліміз мықты болу үшін,біз қандай болуымыз керек?
- Білімді
- Дұрыс айтасыңдар
- Балалар, дарынды тұлға өмірде кездескен қиындықты жеңе алады.
- Болашаққа қадам басқан еліміз дамыған, білімді болуы тиіс.Бүгінгі сабағымызда біз де «Болашақ баспалдағымен» көтеріліп, білім шыңына шығу арқылы өзімізді көрсетейік.Егеменді еліміздің ертеңі үшін өз үлесімізді қосайық.
1 басқыш. Сиқырлы санды сөйлет
1 2 3 4 5 6 7 8
қ а й т а л а у
1.Ақ ұлпа / қар /
2.Ең жақын адам / ана /
3.Ай сөзіндегі ең соңғы дыбыс / й /
4.2 мен 2-нің қосындысы / төрт /
5.Ініден үлкен / аға /
6.Ешкінің төлі / лақ/
7.Әліпбидегі бірінші әріп / а /
8.Дауыссыз да,дауысты да болады /у/
2 басқыш.Қайталау-сөздің анасы
Үй тапсырмасын тексеру. /2,3,4,5сандарының+,-, кестесі /
1оқушы- 2+,- кестесі
2 оқушы-3+,- кестесі
3оқушы- 4+,-кестесі
3, 4, 5, сандарының құрамын анықтау
3 басқыш.Оқулықпен жұмыс/ дәптерге орындау
/оқушылар бір-бірден шығып орындайды /
4 басқыш. Ауызша есептеу
10-5 3+5 2+3 7+1 100+0
5+2 5-4 0+10 10-1 20-0
5 басқыш. Сергіту сәті / музыка ырғағымен /
6 басқыш.Қасиетті ұғымдар /шығармашылық тапсырма/
/оқушыларға сандар таратылып беріледі,олар жайлы не білетіндерін қағаз бетіне түсіреді/
2 3 4 5
Екі:Сейсенбі,сабағымды білмесең,мені аласың күнде сен
Үш би:Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би, бағдаршамның 3көзі бар/қызыл,сары,жасыл/
Үш арсыз:Ұйқы,тамақ,күлкі
Үш даусыз:мінез,кәрілік,ажал
Үш қадірлі:Ырыс,бақ,дәулет
Төрт тұлға:От,су,жел,жер
Төрт құбыла:Оңтүстік.солтүстік,шығыс,батыс
Төрт маусым:қыс,көктем,жаз,күз
Төрт түлік:Түйе,жылқы,сиыр,қой
Бес қару:Садақ,мылтық,найза,қылыш,айбалта
Бес қатер:От,жау,борыш,ауру,сөз
Бес намаз:Таң намазы,бесін намазы,екінді намазы,ақшам намазы,жашиық намазы
7 басқыш. Конструктор.«Құрастыру»
/берілген фигуралардан кез- келген зат құрастыру /
8 басқыш. Деңгейлік тапсырма
9 басқыш. Тест
Міне, біз Болашақ баспалдағының шыңы «Білім шыңына» жеттік.Өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға біз де өз үлесімізді қостық деп айта аламыз.Көк туды желбіретейік.Берілген тапсырмаларды толығымен орындадық. Үйге:2,3,4,5+,- кестесін қайталау. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.