.
.
Тақырып: 2 санын қосу кестесі 2 санын қосу кестесі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1711 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты:
Білімділік: 2-ні қосуды және азайтуды тиянақтай түсу барысында 2-ні қосу кестесін құрастыру, қосылғыштардың біреуі 2 болып келген жағдайдағы санның құрамы жайлы оқушылардың білімін бекіту.
Дамытушылық: Танымдық және логикалық ой ұшқырлығын,
шығармашылығын, интерактивті тақтамен жұмыс істеу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу. Табиғатқа, жан-жануарларға деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: саяхат-сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, ойын .
Пәнаралық байланыс: дүниетану, сауат ашу, бейнелеу өнері
Көрнекі құралдар:
Интерактивтік тақта, орман, құстар, гүлдердің суреттері.
Тапсырмалары бар үлестірмелі қағаздар, кестелер,
семантикалық карта, сандар, сандар,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру барысы:
1) Психологиялық сәт:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң достарым!
-Ал, балалар орындарыңа отыра қойыңдар,қазір бізде математика сабағы.
- Ой, балалар, бізге бір құс хат алып келе жатқан сияқты .
(Интерактивті тақтадан тұмсығында хаты бар ұшып келе жатқан құс көрінеді)
Хатты ашып оқып көрейікші: (хатты оқушыларға оқыту)
-Құрметті балалар,сендерді ғажайып орманға қонаққа шақырамын, - Балқұмар қорбаңбай.
Балалар, орманға саяхатқа баруымыз үшін, өткен сабақтарда алған білімімізді пысықтап алуымыз керек.
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
а) Қай сандарменмен таныстық?
«Кім жаңылыспайды?» ойыны . Тура және кері санау.
3 1 9 6
6 8 10 4
3 9 5 7
4 10 7 1
б) Қызықты математикалық жұмбақтар:
1.Үш алманы бақтағы
Кірпі барып жинады.
Ең әдемі, тәттісін,
Ақ тиінге сыйлады.
Ыдыстағы алманың,
Санап көрші қалғанын! (2)
3. Төменде үш қаз ұшады,
Үшеуі бұлтты құшады.
Өзеннен көрдік үшеуін,
Айтқын, қаз нешеу екенін? (9)
в) Логикалақ тапсырма:
?
Қай жалауша жетіспейді? Алдарындағы параққа сызып көрсету.
г) Математикалық шынжыр.
Мен жалаушамен белгі берем.Алға!
- + - + - =
Қолдарындағы сандармен жауабын көрсету.
Жарайсындар,балалар! Енді саяхатқа аттансақ та болады. Бүгін саяхат барысында сендермен 2 санын қосу кестесін құрастырып, 2-ні қосу мен азайтуды тиянақтай түсеміз
Олай болса, бәріміз көзімізді жұмып саяхатқа аттанайық.
Мінеки, ғажайып орманға да келдік.Айналаға қараңдаршы, қандай әдемі: гүлдер жайқалып, түрлі-түсті көбелектер, құстар сайрап ұшып жүр. Бірақ бұл жерде бірдеңе жетіспей тұрған сияқты, балалар. Қане қарайықшы, не жетіспей тұр? (Аңдар)
-Олай болса, сапарымызды жалғастырайық, мүмкін аңдар алдымыздан шығатын шығар?
-Балалар, орман ішінде жүргенде қандай ережелерді сақтауымыз керек? ( Орманда от жақпау, қоқыс тастамау, ағаштарды сындырмау т.б.)
Алдымыздан қай аң шығады екен?
Оны білу үшін, мына жұмбақтың
шешімін табайық.
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. Бұл қай аң?
Жұмбақ шешімі тапқан соң, интерактивті тақтадан қоянның бейнесі шығады. Қоян қандай аң? Немен қоректенеді?
ІІІ. Жаңа сабақ:
1)Қоянмен кездесу.
Балалар, қоян тапсырмамды орындамасаңдар әрі қарай өткізбеймін ,- дейді
Қоянның тапсырмасы:
+ =
+ =
+ =
+ =
+ =
+ =
+ =
+ =
-Балалар мына тапсырмаға қарап айтыңдаршы, бүгін біз не істейміз сабақта?(қосу кестесін құрастырамыз)
-2-ші қосылғышқа қараңдаршы,ол әртүрлі сан болады ма, әлде
1 сан ба?(1 сан)
-Кім байқады қай санды қосады екенбіз?(2 санын)
-Демек бүгінгі өтетін тақырыбымыз «2 санын қосу кестесі» екен
-Барлығы неше теңдік құрастырамыз?(8)
- Қай саннан бастаймыз? (1)
Олай болса, мен 1 санның орнына 1 қызыл дөңгелек алдым, 2-нің орнына 2 көк дөңгелек алдым.Барлығы қанша болды?
1+2=3
1) 2-нің қосу кестесін құрастыру.
2 оқушы тақтада орындайды, ал қалғандары дәптерге жазады.
1+2=3 5+2=7
2+2=4 6+2=8
3+2=5 7+2=9
4+2=6 8+2=10
Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға, қоян сәбізсыйлайды.
IV. Сергіту сәті.
Мына жұмбақты шешейік. Алдымыздан не шығады екен?
Киім киген инеден,
Қорқып ешкім тимеген.
Бұл қандай аң?
2) Кірпімен кездесу.
Сапарымызды әрі қарай жалғастыру үшін, кірпінің тапсырмасын орындауымыз керек.
Кірпінің тапсырмасы:
2)Оқулықтағы №2 тапсырма.Кестені толтыр.
(интерактивтік тақтамен жұмыс)
□
1
2
3
4
5
6
7
8
□ + 2
Дұрыс орындаған оқушыларға кірпі саңырауқұлақ сыйлайды.
Алдымыздан не шығады екен? Жұмбақтың шешімін табайық.
Көзі өткір жұлдыздай,
Жүні жібек құндыздай.
Үлпідеген киімі,
Көрдіңдер ме .......тиінді?
Тиін қандай аң? Немен қоректенеді? Қайда жасайды?
3) Тиінмен кездесу.
Тиіннің тапсырмасы.
3)Шығармашылық тапсырма.
Бірінші суретте неше үшбұрыш бейнеленген?
2-ші суретте ше? 3-ші суретте ше?
Келесі жұмбақты шешсеңдер, алдымыздан не шығатынын көресіңдер.
Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.
Түлкі қандай аң?
4) Түлкімен кездесу.
4) Оқулықтағы №3 тапсырма
Кесінділер сызу және оларды салыстыру
Тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар түлкіден сыйға
құлпынай алады.
V. Сергіту сәті:
Келесі жұмбақ шешімін табайық.
Өзіне болған қорған орман,
Ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң.
5) Аюмен кездесу
VI.Жаңа білімді бекіту
5)Семантикалық картамен жұмыс.(Өзіндік жұмыс)
7 2 8 3 9
4+5
9- 7
3+5
9-6
4+3
6)Дидактикалық ойын: «Кім тез саңырауқұлақ жинайды?»
VIІ.Саяхаттан оралу. (Рефлексия)
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тныс алуларыңды бақылап, бақытқа, қуаныш пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал, енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
VII. Қорытынды:
-Балалар саяхат – сабағымыз сендерге ұнады ма?
-Орманда нелерді көрдіңдер?
-Нені үйрендік?
VIII. Оқушыларды бағалау, мадақтау. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.Тапсырма орындауға қиналмаған оқушылар қызыл
гүлді, қиналған оқушылар сары гүлді, ал орындай алмаған оқушылар көк гүлді көрсету.
Балқұмар қорбаңбайдың базарлығын тарқату.
(Себеттегі алмаларды тарқату)
IX. Үйге тапсырма: № 4 тапсырма, 56 бет.
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы: 2 санын қосу кестесі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Минбаева Л. Е.
Сыныбы: 1 «А»
Тараз – 2011 ж.
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы:
Жолда және тұрмыста қауіпсіз мінез-құлық таныту мәдениеті
Бастауыш сынып мұғалімі:
Минбаева Л. Е.
Сыныбы: 1 «А»
Тараз – 2011 ж.
Кіріспе:
Құрметті жас жеткіншектер, жас достар!
Бүгінгі Денсаулық күніне арналған бұл іс-шара, сендердің өмірлеріңді аса қауіпті жол апатынан сақтандыруды, жолда және тұрмыста қауіпсіз мінез-құлық танытуды уйрету мақсатында өтіп отыр.Сондықтан да бүгінгі айтылған ережелерді есте мықтап ұстап, бұлжытпай орындауға тырысыңдар.
Өздерің де білесіңдер, қазіргі кезде көшелерде, жол үстінде күн сайын жол апатынан қаншама адам мерт болады. Олардың ішінде өздерің сияқты жас балалар да аз емес.Сендердің дендерің аман-сау болуына қоғам, мемлекет мүдделі, себебі сендер болашақтың тірегісіңдер!
Жас достар, көшеде өздеріңді мәдениетті ұстап жол апатынан сақ болыңдар!
Оқушы: Арманға алға күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Мұғалім: Кішіңі, үлкенге, жасыңа, кәріңе,
Жан сая қиналған жандардың бәріне.
Шипагерді біз жақсы білеміз,
Өйткені, ол біздің сүйікті дәрігер.
(Осы кезде басын ақ шүберекпен ораған аю келеді)
Мұғалім: Балалар, қараңдаршы, Маймаққа не болған?
Шипагер: Маймағым, не болды,
Жасырмай айтшы өзің?
Неліктен көкпеңбек,
Ісінген бас-көзің?
Аю: Айтайын жасырмай шынымды,
Сақтаңыз шыбындай жанымды.
Жармасып машина соңына домалап,
Бал таппақ түгілі, тап болдым азапқа.
Шипагер: Бір сәттік қарның тоятын күн үшін,
Жол жүру ережесін сен бекер бұзыпсың.
Аю: Шипагер апа, енді ұрлық жасамаспын, жол ережесін де
бұзбаспын.
Мұғалім: Балалар аюдың істеген іс-әрекеті дұрыс па? Неліктен ол
мұндай күйге түсті?
(Аю шығып кетеді де, орнына бірі құйрығын мен екіншісі құлағын ұстап, ақсаңдап түлкі мен қоян келеді)
Мұғалім: Балалар, қараңдаршы, бізге түлкі мен қоян келе жатыр.
Сендерге не болған?
Түлкі: Жүгіріп екеуміз ойнадық қуыспақ,
Қоян: Ауладан шап беріп алмақшы қу ұстап.
Түлкі: Ал қоян көшеге зып беріп жөнелді
Қоян: Аула тар болған соң қайтейін мен енді.
Түлкі: Қоянды қуам деп тапқаным,
Құйрықты әреңге сақтадым.
Қоян: Машина астынан жүгіріп өткенде,
Құлақты бір темір зақымдап кеткені.
Мұғалім:Балалар қоян мен түлкінің іс-әрекетіне баға берейікші.
Неліктен олар мұндай жағдайға түсті?Мұндай жағдайға түспеу
үшін жолда жүру ережесін білуіміз керек.
Ал, қанекей, үйренейік біз жол жүру тәртібін,
Ережені жақсы білер бар кімің?
Кім біледі жол белгісі неше түрден тұрады?
Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.
Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысында тұрақтап,
Қашпаймынмүдіріп ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың 4 топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Ескерту Қып-қызыл үшбұрыш
белгісі: Ескерту белгісі мен болам,
Қауіптен сақ бол деп
Сәт-сапар жолдаған.
Аман-сау жүреді
Жая да, көлік те,
Мен берген белгіні
Сақтаған, қолдаған.
Анықтама- Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
міндеттеу Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
белгісі: Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол!- Шартымды міндетті орында.
Тыйым салу Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
белгісі: Тыйымшыл белгісі-қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде, хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жаққа.
Нұсқау Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
белгісі: Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған шаршымын шырағым.
(Осы кезде бір бала жолды кесіп өтеді)
Мұғалім: Әй бала, тоқта. Атың кім сенің? Неге жол ережесін бұзасың?
Зуылбек: Менің атым Зуылбек.Ауылдағылар мені Зуылдақ деп атап
кеткен.
Мұғалім: Зуылбек, жолды бұл жерде кесіп өтуге болмайды. Мына
белгіні көремісің? Бұл жаяу жүргіншілердің қозғалысына
тыйым салынады деген белгі.
Зуылбек: Е, мынау мен үшін салынған белгі екен ғой.
Мұғалім: Жаяу жүргіншілер арнайы мынадай белгі бар жерден өтеді.
Бұл жаяу жүргіншілер өтпесі – деген белгі. Кей жерлерде
белгіме қатар мынадай жол үстінен ақ жолақтар
салынады.(зебра) Міне, сол жерлерден өту керек.
Зуылбек: Кешіріңіз апай, енді ережені бұзбаймын.
Көрініс: Екі оқушы жиекжолмен жүріп келеді. Бұрыс түймелері
салынбаған, қалай болса, солай киініп алған сөмкесімен
ойнақтап ән айтып келе жатыр, ал Дұрыс таза, тап-тұйнақтай,
жиекжолдың оң жағымен келе жатыр. Бұрыс жиекжолдың сол
жағымен келе жатыр. Жолда қарсы келе жатқан әжейді қағып
кетеді. Кешірім де сұрамайды.
Сұрақ - Балалар, Бұрыс пен Дұрыстың қайсысы қателік жіберді және
жауап: қандай?
-Бұрыстың үсті-басы кір, киімі алқам-салқам, өзіне мән
бермейді, мәдениетсіздік танытты. Қарсы келе жатқан адамды
қағып кетті, кешірім сұраған жоқ.Көшеде жүру тәртібін
білмейді, жиекжолдың оң жағымен жүру керек.
-Не себепті кісіні қағып кетті?
- Жиекжолда қалай жүру керек?
- Тағы қалай жүруге болмайды?
- 4-5 адам қатар жүруге болмайды.
Мұғалім:Жарайсындар, балалар.Ал енді мен сендерге бір жұмбақ
жасырайын:
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
Бағдаршам: Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба.
Ойын: «Бағдаршам»
Ойын шарты:Дөңгеленіп тұру, қызыл түс көрсеткен кезде- бір адым
артқа жүру, сары түс көрсеткен кезде- орнында
қимылдамай тұру, жасыл түске- бір адым алдыға жүру.
Сұрақ- Жиекжол деген не?
жауап: Жаяға қай жермен жүруге болмайды?
Жаяу адам жолдың қай жағымен жүру керек?
Жолды қай жерден кесіп өту керек?
Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
Жол өтпелінен жүгіріп өтуге болады ма?
Аялдамада тұрған көлікті қалай айналып өту керек?
Бағдаршам жоқ жерден қалай өтуге болады?
Қорытынды: Қай көше, қалаға барсаңызда,
Қай ақыл өлшеміне салсаңызда.
Жолда жүру ережесі –заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.
Балалар, әр қадамың дұрыс атта,
Жол жүру ережесін қатаң сақта! – деген өлең жолдарымен
бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.