.
.
Муханова Айжан Айжарыковна 2 - сынып оқушыларына арналған «Зерек бала» танымдық сайысы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1920 | Размер: | Автор: Нартай4540Ақтөбе облысы
Алға қаласы
№1 Алға мектеп-бақша психологі.
2 - сынып оқушыларына арналған «Зерек бала» танымдық сайысы
Мақсаты: Оқушылардың білімге, білуге деген құштарлығын арттыру
дүниетанымын кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, шешендікке, шапшаңдыққа баулу.
Сайыс басқыштары:
1.Қас қағым сәт
2.Дұрыс па, бұрыс па?
3.Кім жылдам?
4.Шешендік өнер
5.Тапқыр бала
1-басқыш. Ойын шартында оқушылар шапшаңдықпен қойылған сұрақтарға жауап береді.
Тапсырмалар:
1.Қыс айларын ата
2. Бұрыш сөзінде неше буын бар?
3. Шаршының қандай қасиеті бар?
4. Мереке сөзіне сұрақ қой
5.Судың қасиетін айт
6.Жер бетінің өсім дік өсетін қабаты
7. «Сабын» сөзін орыс тілінде айт
8.Бөле деген кім?
9.Қазақстан астаналарын ата
10.Өзіңізден үлкен туыстарды ата
11.Түсі қызыл жемістер мен көкөністер
12.Құрлықтағы ең алып жануар
13.Ең ыстық жыл мезгілі
14.Төрт түлік төлдерін ата
15.Аптаның үшінші күні
16.Ең тәтті, ең ащы не?
17.1+2+3+4+5+6+7+8+9 жауабын айт
18.Ас атасы .........
19.Судың түбінде қандай тас болмайды?
20.Сағанағаңның жары кімболады?
2-басқыш. «Дұрыс па, бұрыс па?». Төмендегі сұрақтарға дұрыс немесе бұрыс деп жауап алынады.
1.Қымыз түйенің сүті
2.Бұзау сиырдың төлі
3.Алма жерде өседі
4.8-наурыз Жеңіс күні
5.Біз оқушымыз
6.Қайық аспанда ұшады
7.Қыста боран болады
8.Екі жақсы баға
9.Тас жұмсақ болады
10.Ұзын-қысқа мағынасы бірдей сөз
11.Гүлдер әр түрлі болады
12.Қоян батыр болады
13.Оныншы ай желтоқсан
3-басқыш. Оқушылар бір-бірден әріптер таңдап, қойылған сұрақтарға осы әріптен басталған сөзбен жауап береді.
«Кім жылдам?»
А Б Е О С Т Қ Ш Ж М
1.Түсі көк болатын заттарды ата
2.Жалқы есімдерді ата?
3.Сен үлкейгенде кім боласың?
4.Сенің досың қандай?
5.Сабақты қалай оқисың?
6.Анаңа қандай тілек айтасың?
7.Мұғалім апайың қандай?
8.Өсімдік немесе құсты, жануарды ата
9.Ермексаздан не жасауғаболады?
10.Үйіңе қонақ келсе не бересің?
4-басқыш. Шешендік өнер. Берілген сөздерге мақал тауып айту.
Бала,ата,аға,білім,өнер,қыздар,бидай,тіл,тәрбие туралы, қар.
5-басқыш.Тапқыр бала. Төмендегі жұмбақтарды жалғастырып, шешуін табады.
1. ...........................................
Маса, шыбын аулайды
2. ...........................................
Жүрген жері айқай да шу
3. ............................................,
Күн оны түзетеді
4. ............................................,
Айналдырып киген тоны бар
5. ............................................,
Жанғанда бет қаратпас
6. ......................................,
Желмен бірге көшеді.
Қатысушылардың ұпайын есептеп бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.