.
.
«Алматы кітап » баспасы бойынша жазылған : 2-сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс пен әріпті қайталаймыз.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4105 | Размер: | Автор: Нартай4540Қазақ тілі 3-сынып Күні, айы: № сабақ
Сабақ тақырыбы: 2-сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс пен әріпті қайталаймыз.
Сабақ мақсаты: 1/ Өткен сыныптағы дыбыстар мен әріптер туралы білімін пысықтау, дыбыс пен әріпті айыра білуін қайталау, дыбыс түрлерін еске түсіру, дұрыс талдауға үйрету.
2/ Оқушының сөздік қорын, дұрыс жазып, сөйлеу деңгейін арттыру, тіл байлығын дамыту;
3/ Мектеп-ананы құрметтеуге, білімді сүюге тәрбиелеу;
Сабақ түрі,типі:қайталау, дәстүрлі.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, талдау, сұрақ-жауап, практикалық.
Көрнекіліктер: әліпби, оқулық, суреттер, Венн диаграммасы.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру сәті.
2.Қызығушылығын ояту:
а/ Сұрақтарға жауап беру.
Дыбыс дегеніміз.......................
Әріп дегеніміз..............................
Дыбыстар бөлінеді.......................
Дауысты дыбыстар деп.......................айтамыз.
Дауыссыз дыбыстар деп.......................айтамыз.
Қазақ тілінде ...............әріп бар
ә/ «Иә-жоқ» Қойылған сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап береді.
Қ қатаң дауыссыз /иә/
А жіңішке дауысты /жоқ/
Балалық сөзінде 4дауысты бар /жоқ/
От бір буынды сөз /иә/
Е жіңішке дауысты /иә/
3.Мағынаны ашу: Көркем жазу. Аа аАа Астана –асқақ қала. Айбат –ақылды бала.
а/ Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. Өлеңді оқушыларға іштей оқытып шығу.
Барлығына хормен оқытқызу; Қысқаша мазмұнын сұрау:
- Өлең не туралы?
- Мектепті неге анаға теңейді?
- Мектепте бала қалай өседі?
- Өз мектептерің туралы не айтасыңдар?
ә/ Өлеңнен жуан және жіңішке айтылып тұрған сөздерді сөздерді табу. Жуан ,жіңішке дыбыстарды атау.
б/Тақтада жұмыс. 2-жаттығу. Әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған дыбыстарды тауып, оларды құрастыру арқылы мақалды табу. Шыққан мақалды тақтаға жазу.
Оқу түбі-тоқу
Мақалдың мағынасын ашып, талдау;
Сергіту сәті. «Кім көп біледі?» 2 қатардағы оқушылар, әр түрлі тақырыптарға мақал-мәтелдер айтып жарысады. Өзіндік жұмыс. 3-жаттығу. Өлеңді әдемілеп көшіріп жазып, бір дыбыстың өзгеруінен жасалған сөздердің астын сызу. (сор-зор, қор-бор)
4.Ой қорыту . Шығармашылық жұмыс
4-жаттығу.Суреттердегі заттардың аттарын жазып, оларға дыбыстық талдау жасау.
Ою-2буын, 2әріп, 3 дыбыс /о й+у/
Венн диаграммасы Дыбыс пен әріпті салыстыру
5. Үйге тапсырма: Дыбыстар түрлерін қайталау, 5-жаттығу /5 бет/ 1сөзге дыбыстық талдау жасау.
6.Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.