Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
30-7 түріндегі есептеулер -

30-7 түріндегі есептеулер

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1295 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: 30-7 түріндегі есептеулер
Сабақтың мақсаты: есептеулер жүргізудің сәйкес тәсілін көрнекілікке сүйеніп енгізу,оны қолданудың үлгісін көрсету; екі амалмен шығарылатын есепті шығаруды пысықтау.

Дамытушылығы:оқушылардың ой-өрісін дамыту,есептеу,есептеу машықтарын жетілдіру.
Тәрбиелігі:тапқырлыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар,жазба қағаз,тапсырмалар.
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап.
Түрі:ойын сабақ.
Типі:жаңа сабақ.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Психологиялық даярлық.
Бір,екі,үш сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз

Бәрі: Ойға толып санамыз,
Бестік баға аламыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз

2.Үй тапсырмасын тексеру. 14 бет №7 есеп.
Қосылғыш 15 15 15 15 9 6 3 0
Қосылғыш 3 5 10 30 9 9 9 9
Қосынды 18 20 25 45 18 15 12 9

«Сөзжұмбақ» шештіру
1.Барлық қабырғалары тең болатын тіктөртбұрыш қалай аталады?
2.Қосу амалына кері амал.
3.Сыйымдылық бірлігі.
4.Ненің ішіндегі амал алдымен орындалады?
5. 1 сағатта қанша минут бар?
6. Уақыт бірлігі.
Шешуі: «шалқан» сөзі шығады.

Ендеше бүгінгі сабағымызды «Шалқан» ертегісімен ойын түрінде өткіземіз.
Кім «Шалқан» ертегісін біледі?
Ертегінің бірінші бөлігі бір оқушыдан сұралады.
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты.Олардың бақшасы бар екен.Бірде шал шалқан отырғызады.Шалқан үп-үлкен боп өседі.Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады.Ары тартады,бері тартады.Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Атаға шалқанды шығаруға көмектесу үшін жаңа тақырыбымызбен танысайық.
3.Жаңа сабақ: 30-7 түріндегі есептеулер.
Көрнекілік бойынша түсіндіру.
30 – 7 = 27 20 + ( 10 -7 ) = 23

30-7 = 20 + (10 – 7 )
№1.
50 70 100 60
Сандардың құрамын табу.
Ертегіні жалғастыру.
Шал көмекке кемпірін шақырады.Кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстап,ары тартады, бері тартады.Бірақ орнынан қозғалта алмайды.
Оларға көмек ретінде №2 тапсырманы орындайық.
№ 2
50-6= 44 70-4= 66 90-3= 87 100-9 =91
40+ (10-6) =44 60+(10-4)=66 80+(10-3)=87 90+(10-9)=91

Кемпір көмекке немере қызын шақырады.Немересі кемпірден,кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстап,ары тартады, бері тартады.Тағы да суырып шығара алмайды.
Енді олар шалқанды шығарам дегенше біздер №3 тапсырманы орындайық.
№3
70-5=65 100-4=96 52+8=60 43-20=23
80-4=76 100-9=91 60-8=52 43-2=41
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, Оңға,солға ұмтылып,
Қолды иыққа қояйық. Орнымызды табайық.
Жаттығулар жасайық,
Кәне қолды созайық
Құстай қанат қағайық.

Немере қызы итін шақырады.Ит қыздың етегінен,немересі кемпірден,кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстап,ары тартады,бері тартады.Шалқанды суыра алмайды.
№ 4 (ауызша )
Есептің мазмұнымен таныстыру.
Шешуі: 1)10-3=7 2) 10+7=17 немесе 10+ (10-3 )=17
Жауабы:Барлығы 17 парта сырланды.

Енді ит көмекке мысықты шақырады.Мысық иттің құйрығынан,ит қыздың етегінен,немересі кемпірден,кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстап,ары жұлқиды бері жұлқиды.Шалқан шықпайды.

№ 5 есеп
Есептің мазмұнымен таныстыру.Есеп екі амалмен шығатындай сұрақ қойыңдар?

Шарт құрдыру.
Кресло-2
Орындық-? 4-еуі артық.
Барлығы-? жиһаз.
Шешуі:1)2+4=6 2)2+6=8 (2+4)+2=8
Жауабы:Барлығы 8 жиһаз.

Мысық болса тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан,мысық иттен ит қыздың етегінен,қыз кемпірден,кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстайды.
Енді біздер оларға көмектесіп №6 тапсырманы орындайық.
№ 6.+,-
46 *4*10=52 30 * =40
32 *2*4=30 60 * =54

Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып алды.
Енді шалқанның артында тапсырмалар бар екен.Бұлар тапқырлық тапсырмалары.
50 * = 67 19 * =99
48 * =30 80 * =8
Қосымша логикалық тапсырмалар,жұмбақ есептер орындату.

Міне балалар біздер шалқанның да тапсырмаларын орындадық.
Сабақты бекіту:
Құрылымы күрделі өрнектердің мәндерін қалай табамыз?
Алдымен қандай амал орындалады?
Бағалау:Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап бағалау.
Үйге тапсырма: №7 тапсырма

№ 3 жалпы орта білім беру мектебі

Ашық сабақ
( Бастауыш сыныптар апталығы)
Математика
2 «Ә» сынып

Өткізген:Басанова.Ж.А.
Уақыты: 25.01.2013.

Мұнайлы ауданы 2012/2013 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.