Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу -

48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2562 | Размер: | Автор: Нартай4540
.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия
Сапаргалиева Сара Шаймуратовна – жоғары санатты, бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары

Математика 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: 48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу

Сабақтың мақсаты: 1. Кестеден тыс бөлуді тиімді тәсілмен орындау дағдыларын
қалыптастыру;
2.Тиянақтылыққа, жаңа ақпаратты тыңдай білуге баулу.
3.Шапшаңдыққа,танымдылық пен шығармашылыққа дамыту.

1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Өтілгенді қайталау жұмыстары
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
№1 (ауызша түсіндіру)
1. Бөлінгішті ондық пен бірліктің қосындысына ауыстырамыз;
2. Қосындыны санға бөлудің ережесін қолдана отырып, алдымен ондықтарды, содан кейін бірліктерді бөліп, алынған нәтижелерді қосамыз;
Берілген санға ондықтар да, бірліктер де бөлінетін болса ғана, бұл екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу тәсілін қолдануға болатыны айтылады;
№2 (түсіндіріле отырып орындалады)
№3 кестемен жұмыс
Бағасы Саны Құны
? 6 доп 720 теңге
? 8 доп 240 теңге

Топпен жұмыстар:
І топқа: 1. Қағаз бетіндегі шаршылар мен дөңгелектердің саны 4-ке тең. Егер біріншісі екіншісінен 2-уі артық болса, онда қағаз бетінде неше шаршы, неше дөңгелек бар?
2. Өрнек құрастыру:
ІІ топқа: 1.Самат төменнен санағанда бесінші, жоғарыдан санағанда бесінші қабатта тұрады. Самат қай қабатта тұрады?
2. Өрнек құрастыру:
ІІІ топқа: 1. Мейрам күні қонақтар билеуге шықты. Жұптасып тұрғанда бір қонақ артық болып шықты, үшеуден билеуге тұрса да, біреуі артық болып шықты. Қонаққа келген қонақтар саны 10-нан кем екені белгілі болса, неше қонақ келген?
2. Өрнек құрастыру:

№4
24=20+4 24=12+12
24=18+6 24=16+8
№5, 6 (ауызша)
Суреттермен жұмыс, тіл дамыту сұрақтары.
№8 (танымдық тапсырмалар мұғалімнің көмегімен)
(5+5) х (5+5) = 100 5 х 5 х 5-5 = 120 (5 х 5 + 5) х 5 = 150
Қосымша тапсырма:
Өрнекті жаз және мәнін тап.
1. 36 мен 4-тің бөліндісін 9ға көбейт.
2. 360 бен 90 бөліндісін тап.
3. 720 мен 8-дің бөліндісін 3ке көбейт.

Сабақты қорытындылау: Оқушылар өздері қорытынды жасайды

І. 68:2 680:2 680:20
ІІ. 24:3 240:3 240:30
ІІІ. 64:8 640:8 640:80
Бағалау:
Әр оқушы өзінің көңіл-күйін, сабақтан алған әсерін.білімдерін сурет арқылы білдіреді.

Үй тапсырмасы: №7

Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу
Сабақтың мақсаты: Қосындыны санға бөлу тәсілін меңгерту; өтілген есеп түрлерін
шығару дағдыларын пысықтау.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Ауызша жаттығуларға 1000 көлеміндегі сандарды қосу және азайту, кестелік қосу және азайтуға арналған тапсырмалар .Бір амалмен орындалатын мысалдармен бірге екі амалмен орындалатын мысалдар -3 х 4 : 6, 25: 5 + 20, (36 - 16) : 2
Математикалық диктант:
- 3 пен 8-дің көбейтіндісін 6 есе кеміт. - 16 мен 8 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр.
- Әпкесі інісінен 4 жас үлкен. Інісі 4 жаста. Әпкесі неше жаста?
- Анасы 32 жаста, ал баласы 8 жаста. Баласы анасынан неше жас кіші?
- Әрқайсысында 3 кг – нан 4 қалбыр бояу сатып алынды. 4 кг бояу жұмсалды. Неше кг бояу қалды?
- 36 мен 9-дың бөлімдісін 2 есе арттыр.
- Ағасы 12 жаста, ал қарындасының жасы 2 есе кіші. Қарындасы неше жаста?
- 6 мен 5-тің көбейтіндісінен 22-ні кеміт.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қосындыны санға бөлудің бірнеше тәсілімен таныстыружұмысын өздеріне таныс жаттығу түрлерін орындатудан бастаған жөн: «8 бен 12- нің қосындысын 4-ке бөл» Тақтаға шақырылған оқушы мысалды тақтаға жазып, алдымен қосындыны есептеп, содан соң 4-ке бөлу керектігін түсіндіре отырып шығарады. Тақтада мынадай жазу болады: (8 + 12) : 4 = 20 : 4 = 5
Содан кейін мұғалім №1 (ә) тапсырмаға берілген сурет бойынша қосындыны санға бөлудің екі тәсілін де түсіндіреді.
4. Бекіту.
№1 (а) (4+8) : 2 = 12 : 2 = 6 (4+8) : 2 = 4 : 2 + 8 : 2 = 2+ 4 = 6
Содан кейін оқушылар №2 тапсырманы орындайды.Өрнектердің қайсысын түрлі тәсілдермен шығаруға болмайтынын нақтылаған маңызды.
№3 тапсырма
Тексеру кезінде оқушылардың әртүрлі тәсілмен шығарғанын анықтау.Шешудің екі тәсілі де тақтаға жазылып, қысқаша түсініріледі. Екі тәсіл салыстырылып, қай тәсілдің тиімді екені анықталады.
Егер оқушылар есепті әртүрлі тәсілмен шығаруда қиналатын болса, иллюстрациялап көрсету тиімді: 12 қыз бала және 14 ер бала тақта алдына шығады. Оларға тең екі топқа бөліну тапсырылады.
№4 тапсырманың қысқаша жазылуын кестеге жазу тиімді:

Бір топтағы бала саны Топ саны Барлық бала саны
6 ер бала ? ? ер бала 80 спортшы
4 қыз бала ? ? қыз бала

Есепті шығару жоспары
1. топта барлығы неше бала екенін білу;
2. неше топ екенін білу;
3. барлығы неше ер бала екенін білу;
4. неше қыз бала екенін білу.
Ол үшін барлық балалар санынан ер балалардың санын азайту керек немесе 1 топтағы қыз балалар санын топтың санына көбейту керек.
5. Өткен тақырыппен жұмыс
№5 (1-ші және 2-бағандар) және №6 тапсырманы өздік жұмыс ретінде ұсынып, соңынан тексеруге болады.
№8 логикалық тапсырманы балалар мұғалімнің басшылығымен орындайды
6. Сабақты қорытындылау.
7. Үйге тапсырма: №5 (3, 4 бағандар ) және №7. шығармашылық деңгей: математикалық ребус құрастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.