.
.
Сынып: 3 «А» Пәні: Математика Мерзімі: 16.02.2015ж Тексерілді: 48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1704 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: 48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Кестеден тыс бөлуді тиімді тәсілмен орындау дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылығы: Шапшаңдыққа,танымдылық пен шығармашылыққа дамыту.
Тәрбиелігі:Тиянақтылыққа, жаңа ақпаратты тыңдай білуге баулу.
Көрнекілігі: Плакаттар, сандар.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Әдіс-тәсілі: Сұрақ жауап, өздік жұмыс
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй жұмысын тексеру
36 бет №5,7 ескптерді парта бойынша тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
№1 (ауызша түсіндіру)
1. Бөлінгішті ондық пен бірліктің қосындысына ауыстырамыз;
2. Қосындыны санға бөлудің ережесін қолдана отырып, алдымен ондықтарды, содан кейін бірліктерді бөліп, алынған нәтижелерді қосамыз;
Берілген санға ондықтар да, бірліктер де бөлінетін болса ғана, бұл екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу тәсілін қолдануға болатыны айтылады;
№2 (түсіндіріле отырып орындалады)
№3 кестемен жұмыс
Бағасы Саны Құны
? 6 доп 720 теңге
IV. Топпен жұмыстар:
І топқа: 1. Қағаз бетіндегі шаршылар мен дөңгелектердің саны 4-ке тең. Егер біріншісі екіншісінен 2-уі артық болса, онда қағаз бетінде неше шаршы, неше дөңгелек бар?
2. Өрнек құрастыру:
ІІ топқа: 1.Самат төменнен санағанда бесінші, жоғарыдан санағанда бесінші қабатта тұрады. Самат қай қабатта тұрады?
2. Өрнек құрастыру:
ІІІ топқа: 1. Мейрам күні қонақтар билеуге шықты. Жұптасып тұрғанда бір қонақ артық болып шықты, үшеуден билеуге тұрса да, біреуі артық болып шықты. Қонаққа келген қонақтар саны 10-нан кем екені белгілі болса, неше қонақ келген?
2. Өрнек құрастыру:
№4 24=20+4 24=12+12
24=18+6 24=16+8
№6 (ауызша)
Суреттермен жұмыс, тіл дамыту сұрақтары.
№8 (танымдық тапсырмалар мұғалімнің көмегімен)
(5+5) х (5+5) = 100 5 х 5 х 5-5 = 120 (5 х 5 + 5) х 5 = 150
Қосымша тапсырма:
Өрнекті жаз және мәнін тап.
1. 36 мен 4-тің бөліндісін 9ға көбейт.
2. 360 бен 90 бөліндісін тап.
3. 720 мен 8-дің бөліндісін 3ке көбейт
V. Сабақты қорытындылау: Оқушылар өздері қорытынды жасайды
І. 68:2 680:2 680:20
ІІ. 24:3 240:3 240:30
ІІІ. 64:8 640:8 640:80
VI. Үйге тапсырма: Қайталау
Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.