.
.
Тақырып: 4 санын қосу және азайту 4 санын қосу және азайту
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1738 | Размер: | Автор: balaseriМақсаты:
1. 4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру
2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, оқығанын есте сақтауын іс жүзінде қолдана білуге үйрету, ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
3. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, пәнаралық байланысты арттырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбі күнгі сабақ
Сәттілікке толсын.
Бүгін сенің алар бағаң
Тек қана бестік болсын.
ІІ Үй жұмысын тексеру
110 бет №2 (сигнальный карточкаларымен жұмыс)
ІІІ Жаңа сабақ
1. Қайталау
Алдымен геометриялық фигураларды қайталап алу
- Бүгін балалар,сендерге жаңағы сендер айтқан геометриялық фигуралардан құралған мына екі бала келіп отыр. Олардың аттары Асыл, Әсел. Олар сендерді «Циркке» шақыра келіпті.
2. Мотивация
- Балалар, «Циркке» барасыңдар ма?
- «Циркке» кіру үшін бізге билет керек. Ал біздің билетіміз-ол біліміміз. Ендеше, мына тапсырмаларды орындайық:
А) Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау
- Бұл сөзде неше әріп? Неше дыбыс?
Ә) 4 санының құрамын қайталау
3. Негізгі кезең
Сонымен біз Цирктеміз.
1 тапсырма
Ең алдымен аренаға «Зебра» шығады
- Бұл жануардың үстіндегі жолақшаларды қайдан тағы көрдіңдер? (жолда)
- Ол нені білдіреді?
Балалрға жолдан өту ережесін айта кету:
Жол тәртібін білейік,
Аман – есен жүрейік!
Орында жол тәртібін,
Жолы болсын әркімнің!
- Циркте жануарлар жанглерлардың тапсырмаларын орындайды. Зебраға мынадай тапсырма беріпті, бірге орындайық
Санға 4-ті қосу және азайту тәсілдері қарастырылады. Өрнектер дәптерге жазылады.
Пеш үстінде 4 мысық
Пеш қасында 4 мысық
Айтшы сонда барлығы
Болады неше мысық? (8) 4+4
Он қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 4 саусақ
Алақанды ашамыз,
Бесті төртке қосамыз.
Кел санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы? (9) 5+4
Суда алты қаз,
Төбеде төрт қаз
Судың маңында
Айтшы неше қаз? (10) 6+4
Сегіз қарындаштың төртеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (4) 8-4
Тал басында тізіліп,
9 жапырақ тұр еді
Жел тұрды да үзіліп,
Ұшып кетті төртеуі.
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? (5) 9-4
Болып еді 10 торғай
Ұшып кетті төрт торғай
Енді талдың басында
Торғай нешеу балақай? (6) 10-4
2 тапсырма
Келесі аренаға қонжық шықты.
Үш сан аттай отырып келесі санға жету (оқулықтағы №3)
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9
0,4 1,5 т.б
3 тапсырма
Жұмбақ жасыру.
Қорықпайды еш аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
Пілге тапсырма орындауға көмектесейік
Логикалық есеп
Сергіту сәті
- Балалар міне сендердің алдарыңда зебр, аю, піл шықты. Ал олар қандай жануарлар? (жабайы аңдар)
- Ал, сендер қандай тағы жануарлардың түрін білесіңдер?
- Дұрыс, үй жануарлары. Оларға не жатады?
4 тапсырма
- Ендеше, қараңдар иттер жүгіріп келді.
№4 есепті дәптерге орындау
5 тапсырма
- Циркта аттар да өз өнерлерін көрсетеді
Олар тапсырманы дұрыс орындап па? Түзейік.
4+4=7 10-4=5
2+4=9 8-4=4
5+4=10 9-4=3
- Үй жануарларға не істеу керек?
ІҮ Қорытындылау
Осымен «Цирк» аяқталды.
Сыныпқа оралайық. Асыл мен Әселге рақмет айтайық.
- Цирк ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- Онда не істедіңдер?
Ү Үйге тапсырма: 111 бет №1 а),ә)
ҮІ Бағалау: балалар жинаған фишкаларын санайды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.