.
.
Математика 1ә сынып 4 ті қосу кестесі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1712 | Размер: | Автор: balaseriСабақтың тақырыбы 4 ті қосу кестесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 4 ті қосу мен азайту амалдарын үйрету, 4 ті қосу кестесін құрастыру
Қосылғыштардың біреуі 4болып келген жағдайда санның құрамы жайлы оқушылардың білімін бекіту
ә) Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыта отырып есептеу арқылы білім деңгейін дамыту
б) Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, жинақылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
түрі: жаңа сабақ
әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, есептеу
көрнекілік құрал интерактивті тақта
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау ауызша есептер шығару. Оқушыларды фишкімен бағалау.
Бүгінгі сабағымыз « Алтын қақпа» түрінде өткіземіз.
« Алтын қақпаға» жету үшін мысалдарды, тапсырмаларды дұрыс орындау керек.
1- қақпа « Темір қақпа»
Оны ашу үшін ауызша жаттығулар орындаймыз
1+3 2+4 3+4 4+4 5+4 6+4
10-3 9-3 8-3 7-3 6-3 5-3 4-3 3-3
2-қақпа «Мыс қақпа» дәптерді ашамыз. Біз бүгін 4 санын қосу кестесін құрамыз. Сол үшін біз санға 4 ті қосамыз және азайтамыз.
1+4 2+4 3+4 4+4 5+4 6+4
10-4 9-4 8-4 7-4 6-4 5-4 4-4
3- қақпа «Қола қақпа»
Оқулықпен жұмыс.
Қосылғыштардың бірі 4 болатын қосындыны жаз. Мәнін тап.
Азайтқыш 4 болатын айырмаларды жаз. Мәнін тап.
Сергіту сәті.
4-қақпа. «Болат қақпа»
Есепті шығар.
Сапар 10 дәптер сатып алды, ал Ақан 4 дәптер кем сатып алды. Ақан неше дәптер сатып алды?
С-10
А-? 4 екм
А - ?
Ш: 10-4=6
Жауабы: 6 дәптер сатып алды.
5-қақпа. «Күміс қақпа»
Өзіндік жұмыс.
4 5 6
+ 4
6 -қақпа. «Алтын қақпа»
Қызықты алтылық.
1. 5 алманың 4еуін досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалады?
2. Көлден ұшты 6 қаз
Қайтып қонды 2қаз
Қонбады оның нешеуі?
3.Алма ағашта 4 алма
Қандай тәтті жесе алма
Төртеуінде жеп қойсам
Қалды онда неше алма?
4.Табақта 5 өрік
Қолымда 4өрік.
Қосқанда барлығы
Болады неше өрік?
5. «Қай санды жоғалттым»
1,2,3,4,6,7,8,10.
6.Бір-бірімен жарысқан
2аю,1 арыстан
1 қой мен1 түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
Сандық ішінен «Білім – байлық» деген сқз шығыды.
Бар байлыққа білімнің негізінде қол жеткіземіз. Сондықтан білімді болуға тырысайық
Бағалау . Фишкаларын санау.
Үйге тапсырма: №3 есеп 4 санының құрамын жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.